Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі (2007.03.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 6 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса берiліп отырған: 1) Комиссия құрамы; 2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 30 маусымдағы № 553 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 шiлдедегі № 751 қаулысымен бекітілген
Ақпараттық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру, ақпараттық қауіпсіздiк проблемаларын шешуде тұжырымдамалық көзқарасты қалыптастыру және мемлекеттік органдар мен ұйымдарда осы саладағы жұмыстарды үйлестiру мақсатында құрылады. 2. Өз қызметiнде Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Комиссияның мiндеттерi: ақпараттық қауiпсiздiктi, мемлекеттік ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу; ақпараттық қауiпсiздiк және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық, әкiмшiлiк, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды дайындау; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу; ақпаратты және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметiн және өзара iс-қимыл жасасуды үйлестiру мәселелерiн қарау; ақпараттық жүйелерді, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдарды (бұйымдарды), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын лицензиялау, техникалық реттеу, оның ішінде олардың сәйкестігін растау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу; мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстардың жай-күйiне талдау жасау, оның негiзiнде ақпаратты қорғаудың мемлекеттік жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау; ақпараттық қауiпсiздiкке төнетiн қауіп-қатерге қарсы iс-қимыл көрсетуге бағытталған халықаралық шарттарды іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу; мемлекеттік бюджет есебiнен жүзеге асырылатын ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жоспарлары мен мақсатты бағдарламаларын қарау болып табылады. ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Комиссия жүктелген мiндеттерiне сәйкес: Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік құпияларды қорғаудың ұлттық жүйесiн дамыту мен жетiлдiру, ақпарат саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүдделерiн қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу мәселелерi және ақпаратты қорғаудың отандық аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарын шығару мен техникалық алып жүрудi қамтамасыз ету үшiн ғылыми-техникалық базаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізедi; ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды анықтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдайды; ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау мәселелерiн қарайды; ақпаратты қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың бағыттары бойынша ғылыми, эксперименталдық және өндiрiстiк базаны дамыту жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды қарайды; ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы жоспарлар мен бағдарламалардың іске асырылуы барысы туралы мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдайды; елiмiзде ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ететiн шарттарды жасауға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; ақпаратты қорғау жүйесiн алып жүруге және дамытуға байланысты кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ұсынысын қарайды және осы мәселе жөнiнде Республикалық бюджеттік комиссияға ұсынымдық сипаттағы қорытындыларды ұсынады; ақпараттық қауiпсiздiк саласында кадрлар даярлау жүйесiн жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
5. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссия: мемлекеттік органдар мен ұйымдардан оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi мәлiметтер мен материалдар сұратуға және алуға; заңнама талаптарына сәйкес оның құзыретiне жататын мәселелер жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi шығару, өзгерту немесе күшiн жою жөніндегі ұсыныстарды қарауға және Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгiзуге; сараптамалар мен консультациялар өткізу үшiн мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиiстi бағыттағы мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға; оның құзыретіне кiретiн мәселелер жөнiнде ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
4. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссия отырысында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және осы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін дербес жауаптылықта болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бірі орындайды. ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды. 8. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады. Комиссияның жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлiмi атқарады. ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 9. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшiлiк дауыс бергендерi қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi. Комиссия мүшелерiнің ерекше пiкiр бiлдiру құқығы бар, ондай болған жағдайда ол жазбаша түрде берiлуге және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиiс. Комиссия мәжілістерiн өткізу қорытындылары бойынша хаттама жасалады, оған міндетті түрде оның барлық мүшелерi қол қояды.
Үкіметінiң 2004 жылғы 9 шілдедегi № 751 қаулысымен Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2006.20.05. № 432 (бұр. ред. қара); 2007.25.07. № 627 (бұр.ред.қара); 2007.03.10. № 893 (бұр.ред.қара) Қаулылармен құрам өзгертілді
Ақпараттық қауiпсіздіктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қасымбек - Қазақстан Республикасының Көлік және Жеңіс Махмұдұлы коммуникация вице-министрi
Лукин - Қазақстан Республикасы Экономикалық Андрей Иванович қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары
Күренбеков - Қазақстан Республикасы Президентінің Амантай Жәнкеұлы Күзет қызметi бастығының орынбасары (келісім бойынша) Нұриманов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Мақсұт Әнуарбекұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi
Слободянюк - Қазақстан Республикасының Премьер- Анатолий Ануфриевич Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімi меңгерушісінің орынбасары
|