Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға
Осы редакция 2008 жылғы 9 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесі; 2) өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысымен бекітілген
Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және өнеркәсіп саласындағы: 1) электр және жылу энергияларын өндіру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желілері мен шағын электр станцияларын пайдалану; 2) тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану; 3) минералдық шикізатты қайта өңдеу (кеңінен таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда); 4) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерін газдандыру жүйесін пайдалану; 5) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см2 жоғары және жылу жеткізу температурасы 115 0С жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2 қысымнан жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда); 6) электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу жөніндегі қызметтерді лицензиялау тәртібін белгілейді. 2. Өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға бас лицензия немесе біржолғы лицензия беріледі. 3. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады. 4. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды. 5. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тиісті мемлекеттік органдар береді.
2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру тәртібі
6. Лицензия алу үшін өтініш берушілер лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) белгіленген үлгідегі өтініш; 2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері (заңды тұлға үшін); 3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін); 4) өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі (дара кәсіпкер үшін); 5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат; 7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. 7. Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет: 1) өтініш; 2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. Лицензия алуға өтініш белгіленген тәртіппен тіркеуге жатады. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі). 8. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды тіркегеннен кейін лицензиар Заңмен белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін органдарға өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру туралы сұрау салады. Лицензиар өтініш беруші ұсынған мәліметтер мен құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін, мемлекеттік органдардың қорытындыларын қарайды және қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді, не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады. 9. Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алу үшін лицензиат лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасын жоғалғанын, бүлінгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып жазбаша өтініш береді. Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді. 10. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензия, лицензияның телнұсқасы берілген кезде алынады. Лицензияға қосымшаларды, лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын берген кезде лицензиялық алым алынбайды. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 11. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол күнтізбелік отыз күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді. 12. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден Заңда көзделген жағдайларда бас тартылуы мүмкін. 13. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын қайта ресімдеу және беру Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 14. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы Заңда көзделген жағдайларда тоқтатылады.
15. Лицензиялық бақылауды лицензияланатын қызмет бойынша лицензиат ұсынатын жыл сайынғы есеп беру және лицензиаттар қызметінің біліктілік талаптарына сәйкестігін, лицензия талаптары мен Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын тексерулер арқылы лицензиар жүзеге асырады. Лицензиялық бақылау, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратын талдаудың және лицензиарлардың қолындағы басқа да материалдардың негізінде, мемлекеттік органдардың, азаматтардың, заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері мен хабарламаларының негізінде жүзеге асырылады. Лицензиат осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысанда лицензияланатын қызмет түрі бойынша жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде есеп береді. 16. Өнеркәсіп саласындағы лицензиаттардың қызметін тексеруді ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Қауіпті өнеркәсіптік өндіріс объектілеріндегі, оның ішінде жылу, электр энергетикасы саласындағы лицензиаттардың қызметіне тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ өтініш беруші және (немесе) лицензиат ұсынған мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін лицензиар мемлекеттік органдарды, оның ішінде энергетикалық қадағалау, өнеркәсіптік, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік органдарын, сондай-ақ белгіленген заңнамалық тәртіппен аккредиттелген тәуелсіз сараптамалық ұйымдарды (сарапшыларды) тартады. 17. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру және лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ережеге қосымша
ЕСЕП
Лицензияланатын қызмет түрі бойынша ____ _______ жұмыс кезеңі үшін (лицензия № ______________________________________________ жылғы) _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ (қызметтің түрі, лицензиаттың атауы, мекен-жайы, телефон, факс)
Tүсіндірме жазба
1. Аумақтық қадағалау органдарының тексеру актілерін қоспағанда, біліктілік талаптарына сәйкес лицензияланатын қызмет түрі бойынша ақпарат, сондай-ақ: 1) қадағалау органдарының ұйғарымдары бар болғанда, ұйғарымдардың көшірмесі және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылады; 2) лицензия алу үшін ұсынылған мәліметтерде болған өзгерістер туралы ақпарат. 2. Лицензиат электр энергетикасы саласындағы жоғарыда көрсетілген ақпараттан басқа: 1) белгіленген тәртіппен бекітілген: энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шараларды; осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламаларды; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларын (бағдарламаларын) іске асыру бойынша есепті ұсынады.
Басшы ________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны 200__ жылғы «______»
Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысымен бекітілген
Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары
1. Электр энергиясын өндіру, электр станцияларын пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары электр станциялары арқылы кернеуі 35 кВ және одан да жоғары электр энергиясын өндіруді және электр желісіне босатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және: 1) меншігінде немесе лизинг, концессия, жедел басқару шарттары бойынша электр энергиясын өндіру мен босату процестерін қамтамасыз ететін мамандандырылған өндірістік ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың, технологиялық жабдықтың (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде мыналарды: теңгерімде тұрған негізгі өндірістік активтердің тізбесін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтері ажыратылған лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмелерін, негізгі жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары жөніндегі ақпаратты, электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерімен (бұдан әрі - ЭБЕАЖ) және электр энергиясын есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады); 2) мыналарды: электр станцияларының жабдықтарын пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді; кернеу, ток жиілігі, релелік қорғаныш және аварияға қарсы автоматика - параметрлері мен режимдері бойынша жұмыс істеп тұрған электр энергиясын беру және тарату жүйесімен технологиялық үйлесімділікті; жедел диспетчерлік басқаруды; еңбек қорғауды және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің; 3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - электр энергетикасы саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - ең кемі арнаулы орта білім) жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар (басшылар үшін - кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл) білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 70% кем емес) (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады); 4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын: энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың; осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының); 5) электр энергиясын өндірудің сенімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, қолда бар қуат параметрлерін белгіленген қуатқа сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын сақтау жөніндегі міндеттемелердің болуын қамтиды. 2. Электр энергиясын беру және тарату, электр желілері мен шағын электр станцияларын пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары электр желілері мен шағын электр станциялары арқылы (электр желілері мен шағын электр станциялары бар және тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ететін мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындар) электр энергиясын тұтынушыға дейін жеткізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және: 1) меншігінде немесе лизинг, концессия, жедел басқару шарттары бойынша электр энергиясын тұтынушыға дейін беру процесін қамтамасыз ететін технологиялық жабдықтың (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде: баланста тұрған негізгі өндірістік активтердің тізбесін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтері ажыратылған лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмелерін, электр желілерінің техникалық сипаттамаларын; электр желілерінің схемаларын, ЭБЕАЖ-бен, электр энергиясын есептеу аспаптарымен жарақтандырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады); 2) мыналарды: жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді; кернеу, ток жиілігі, релелік қорғаныш және аварияға қарсы автоматика - параметрлері мен режимдері бойынша қолданыстағы электр энергиясын беру және тарату жүйесімен технологиялық үйлесімділікті; жедел диспетчерлік басқаруды; еңбек қорғауды және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің; 3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - электр энергетикасы саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - ең кемі арнаулы орта білім) жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар (басшылар үшін - кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл) білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 70% кем емес) (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады); 4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын: энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың; осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының); 5) электр энергиясын беру және таратудың сенімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, қолда бар қуат параметрлерін белгіленген қуатқа сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын сақтау жөніндегі міндеттемелердің болуын қамтиды. 3. Жылу энергиясын өндіру, беру және тарату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары жылу энергиясын өз мұқтаждары үшін өндіруді есептемегенде, елді мекендерді, өндірістік үй-жайлар мен объектілерді жылумен жабдықтау үшін жылу энергиясын өндіруді және (немесе) беруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және: 1) меншігінде немесе лизинг, концессия, жедел басқару шарттары бойынша жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру процестерін қамтамасыз ететін мамандандырылған өндірістік ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың, технологиялық жабдықтың (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде мыналарды: теңгерімде тұрған негізгі өндірістік активтердің тізбесін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтері ажыратылған лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмелерін, негізгі жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары жөніндегі ақпаратты, жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы жөніндегі ақпаратты, жылу желілерінің (жылумен жабдықтаудың) схемаларын ұсынады); 2) мыналарды: жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді; еңбек қорғауды және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің; 3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - электр энергетикасы саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - орта білім) жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар (басшылар үшін - кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл) білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 50% кем емес) (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады); 4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын: энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың; осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, жылу энергиясын өндіруге және (немесе) таратуға байланысты электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының); 5) жылу энергиясын өндіру, беру және таратудың сенімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, қолда бар қуат параметрлерін белгіленген қуатқа сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын сақтау жөніндегі міндеттемелердің болуын қамтиды. 4. Тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау, химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см2 жоғары және жылу жеткізу температурасы 115 0С жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2 қысымнан жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қойнауын пайдалану, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия, химия өндірістері саласындағы жобалық және жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоса алғанда, тау-кен жұмыстарын орындау технологиясын әзірлеуге, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия, химия, өнімдерін өндіру технологияларын, әдістерін, тәсілдерін әзірлеуге мамандандырылатын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және: 1) меншік (меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) немесе жалға алу (сенімгерлік басқару және өзге шарттардың нысандары) құқығындағы өндірістік ғимараттың, үй-жайдың; 2) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте); 3) сертификаттардың, лицензиялардың, пікірлердің, ұсынымдардың болуын қамтиды (бар болса). 5. Тау-кен өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары пайдалы қазбалар өндірумен байланысты тау-кен жұмыстарының кешенін орындайтын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және: 1) жобаға сәйкес келетін тау-кен жұмыстарын орындаудың технологиялық регламентінің; 2) меншік құқығындағы өндірістік базаның (меншік құқығын растайтын, құқық белгілейтін құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері) немесе жалгерліктің (жалгерлік шарты): пайдалы қазбаларды өндіру (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, мұнай, газ, газ конденсатын қатты пайдалы қазбалар), кен орындарын аршу және игеру, кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу үшін, тарату жұмыстарының - инженерлік құрылыстардың, машиналардың, механизмдердің, құрал-саймандардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың, тау-кен өндірістерінде пайдаланылатын химиялық реагенттерді сақтауға арналған сыйымдылықтардың; пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс, бұрғылау-жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде - жарылғыш материалдарды өндіріс орнына тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдармен лицензиясының не шартының; уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатының не жарылғыш заттарды, материалдарды сақтауға арналған қажетті қоймалары бар мамандандырылған ұйымдармен шарттың; ашық тау-кен жұмыстарында ұңғымаларды бұрғылау үшін бұрғылау станогының; каротаждық жұмыстарды орындау кезінде - каротаждық стансалардың (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсетулерін тіркеуге арналған жер бетіндегі аппаратура, арнайы (каротажды) кәбіл, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүкшығыр); мұнай және газ ұңғымаларында ату-жару жұмыстарын жүргізу үшін перфорациялық жүйенің; мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында бұрғылау үшін, ұңғымаларды күрделі және жерастында жөндеу, ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау үшін, жуу, кірігу, ұңғымаларды сыннан өткізу мен игеру, құрлық пен теңізде мұнай төгілулерін болдырмау және жою жұмыстары, мұнай мен газ шығарындыларын өзі төгетін ұңғымалардың (фонтанға қарсы жұмыстарды қоспағанда), ұңғымаларды сақтау - бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың, жуу-кірігу агрегатының, бақылау-өлшеу аспаптарының; мұнай беруін арттыру үшін химиялық реагенттерді мұнай қабаттарына айдау үшін - техникалық құралдар кешенінің, мамандандырылған техникалардың; актісінің (өндіріс саласын нақтылай отырып) болуын қамтиды. Көрсетілген технологиялық жұмыстардың түрлері бойынша сервистік қызметтер көрсететін заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қойылатын біліктілік талаптары: - тапсырыс берушінің жобасына сәйкес келетін тау-кен жұмыстарын орындаудың технологиялық регламентінің; - қажетті өндірістік базаның (меншік құқығын растайтын құжаттар, жалдау шарты немесе тапсырыс берушінің базасында жұмыстарды орындау туралы шарт); - машиналардың, механизмдердің, көлік құралдарының, аспаптардың, жабдықтардың пайдаланылуын және оларға техникалық қызмет көрсетілуін қамтамасыз ететін қызметтер туралы; - шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде аварияларды жою жоспарының; - біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтердің және ұсынылған мәліметтерді растайтын құжаттардың; - өнеркәсіп және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды; 3) мыналарды: машиналарды, механизмдерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді; еңбек қауіпсіздігін бақылауды; метрологиялық бақылауды; маркшейдерлік жұмыстарды қамтамасыз ететін қызметтердің; 4) шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі аварияларды жою жоспарының; 5) тиісті білім беру деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, қызметін, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте); |