Халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін, сондай-ақ (2007.15.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 20 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі шараларды тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі қызметін үйлестіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. «Семей аймағының проблемалары жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 сәуірдегі № 550 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегi № 671 қаулысына қосымша
ҚР Үкіметінің 2007.27.03. № 233 (бұр. ред. қара); 2007.15.10. № 948 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі қызметін үйлестіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның құрамы
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Рәпіл Сейітханұлы министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Ахметжанова - Қазақстан Республикасы Экономика Гүлнар Тұрдыбекқызы және бюджеттік жоспарлау министрлігi Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары, хатшы
Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Анатолий Александрович министрлігі Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы
Оңғарбаев - Қазақстан Республикасы Білім Еркін Әнуарұлы және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы
Бозтаев - "Полигон - 29 тамыз" қоғамдық Нұрлан Кешірімұлы қайырымдылық қоры кеңесінің төрағасы
Брагин - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны Александр Геннадьевич қорғау министрлігі Құқықтық саясат және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры
Бұхарбаев - Қазақстан Республикасы Индустрия және Құралбай Сейітбайұлы сауда министрлігі Өнеркәсіп және ғылыми- техникалық даму комитеті төрағасының орынбасары
Ғаббасов - Қазақстан Республикасы Төтенше Сырым Ғаббасұлы жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу және перспективалы даму департаментінің директоры
Галич - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Борис Викторович министрлігі Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары
Дайыров - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Мүсілім Қадылбекұлы министрлігінің Штаб бастықтары комитетi Арнайы әскерлер департаментінің бастығы, генерал-майор
Исмайылов - Қазақстан Республикасы Денсаулық Жұмағали Қазыбайұлы сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу жұмысы департаментінің директоры
Ким - Қазақстан Республикасы Энергетика және Александр Афанасьевич минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитеті төрағасының орынбасары
Қожамұратов - Қазақстан Республикасы Ауыл Асылбек Әубәкірұлы шаруашылығы министрлігі Ветеринария департаментінің директоры
Лаврищев - "Қазақстан Республикасы Білім және Олег Александрович ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры, физика- математика ғылымдарының кандидаты, доцент;
Манабаева - Қазақстан Республикасы Еңбек және Қайни Алдабергенқызы халықты әлеуметтік қорғау министрлігi Әлеуметтік нормативтер және мүгедектердi оңалту департаментінің директоры
Хамзин - Қазақстан Республикасының Рүстем Назымбекұлы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің бірінші
Нұрахметов - Қазақстан Республикасы Мәдениет Саят Ермаханұлы және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары
Сизов - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын Александр Павлович басқару агенттігі төрағасының орынбасары
Төлебаев - Қазақстан Республикасы Энергетика және Алмас Қажкенұлы минералдық ресурстар министрлігі Ядролық энергетика және сыртқы байланыстар департаментінің директоры
Құрманғазиев - Қазақстан Республикасының Жәрдем Есламғалиұлы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)
Өтепов - Шығыс Қазақстан облысы Болат Мағауияұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры
Хаолянь - Біріккен Ұлттар Ұйымының Шу Қазақстан Республикасындағы резидент-үйлестірушісі, Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі (келісім бойынша)
Наубетова - Қазақстан Республикасы Рашида Аронқызы Президентінің жанындағы Отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының бас инспекторы (келісім бойынша)
Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 671 қаулысымен бекітілген
Халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі қызметін үйлестіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі қызметін үйлестіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Семей өңірінің халқы мен экологиясын оңалту жөніндегі шараларды тиімді іске асыру мақсатында құрылды. 2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 3. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары: 1) Семей өңірінің халқын сауықтыруға, экологиясын оңалтуға және экономикалық дамуына бағытталған халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін үйлестіру; 2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі қызметін үйлестіру; 3) БҰҰ-ның "Қазақстанның Семей өңірінің халқы мен экологиясын оңалту және оны экономикалық дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық және қызметті үйлестіру" 60-сессиясының қарары шеңберінде донор елдер мен БҰҰ мекемелерінің көмегін үйлестіру; 4) бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі бағдарламаны іске асыруға жәрдем көрсету; 5) бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумақтарын оңалту жөніндегі қосымша шараларды іске асыру мәселелері жөнінде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.
5. Комиссия өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды сұратуға және алуға; 2) бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының өңіріндегі ахуалды талдау және зерделеу үшін мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тартуға; 3) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретіне енетін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға құқылы.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне дербес жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды. 7. Комиссия отырысының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстан кейін хаттама ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады. 8. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 9. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі. 10. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу уақыты мен орнын Комиссия мyшелерінің келісімі бойынша Комиссия төрағасы айқындайды және нақтылайды. 11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелері ерекше пікір айтуға құқылы, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде жазылуға және комиссияның есеп хатына қоса берілуге тиіс. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша міндетті түрде оның барлық мүшелері қол қоятын хаттама жасалады. 12. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
13. Комиссия қызметін тоқтатуға мыналар негіздеме болып табылады: 1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы; 2) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың немесе өзге комиссияның құрылуы; 3) Комиссияның міндеттерін орындалмайтын не олардың орындалуын орынсыз ететін өзге де жағдаяттар. |