Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық
2001.04.07. № 220-II ҚР Заңымен бекітілді
Осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы адамның негізгі құқықтарына, адамның жеке басының қадір-қасиеті мен құндылығына және еркектер мен әйелдердің тең құқықтылығына қатысты сенімді тағы да қуаттағандығын ескере отырып, сондай-ақ Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қадір-қасиеті мен құқығы тұрғысында барлық адамдар еркін әрі тең болып жаратылады, сондай-ақ әрбір адам қандай да бір айырмашылықтарына, оның ішінде жынысына қатысты айырмашылықтарына қарамастан Декларацияда жарияланған барлық құқықтары мен барлық бостандықтарды иемденуі тиіс деп жарияланғанын ескере отырып, адам құқығы туралы халықаралық актілерге және жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікке тыйым салатын адам құқығы жөніндегі басқа да халықаралық құқықтық құжаттарға сілтеме жасай отырып, сондай-ақ Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық түрiн жою туралы конвенцияға («Конвенция») сiлтеме жасай отырып, онда оған қатысушы мемлекеттер әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық түрлерiн айыптайды және әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктi жою саясатын барлық тиiстi тәсілдермен кiдiрiссiз жүргiзуге келiседi, адамның барлық құқықтары мен негiзгi бостандықтарын әйелдерге толық және тең түрде берудi қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы құқықтар мен бостандықтарды бұзуды болдырмау жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдауға бекем бел байлағандықтарын қуаттай отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Хаттамаға қатысушы мемлекет («Қатысушы мемлекет») Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктi жою жөніндегі комитеттiң («Комитет») 2-бапқа сәйкес ұсынылатын хабарларды қабылдау және қарау құзыретiн таниды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|