|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 249 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 249 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақта: бірінші абзацтағы «64168600000 (алпыс төрт миллиард бір жүз алпыс сегіз миллион алты жүз мың)» деген сөздер «32691500000 (отыз екі миллиард алты жүз тоқсан бір миллион бес жүз мың)» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшадағы «5941000000 (бес миллиард тоғыз жүз қырық бір миллион)» деген сөздер «320000000 (үш жүз жиырма миллион)» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «1102000000 (бір миллиард бір жүз екі миллион)» деген сөздер «102000000 (бір жүз екі миллион)» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) осы қаулыға қосымшаға сәйкес «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттарын қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруына жарғылық капиталын ұлғайту жолымен 16043900000 (он алты миллиард қырық үш миллион тоғыз жүз мың) теңге бөлінсін.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 623 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың басым бағыттары бойынша іс-шараларды қаржыландыру
мың теңге
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |