Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы 7 маусымдағы (2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 5 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар) 2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің (6 - 12 баптар) мемлекеттік жүйесі 3-тарау. Метрологиялық қызмет (13 - 16 баптар) 4-тарау. Өлшем құралдарының түрін бекіту, оларды (17 - 20 баптар) өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру және калибрлеу 5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау (21 - 28 баптар) 6-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы (29 - 30 баптар) заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу 7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі (31 - бап) жұмыстарды қаржыландыру
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен бүкiл мәтiн бойынша "уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша "стандарттау, метрология және сертификаттау" деген сөздер "техникалық реттеу және метрология" деген сөздермен ауыстырылды (кушіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред . қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: Бірінші тармақша 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органның метрологиялық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыруға заңды тұлғаның құқықтылығын ресми тануы; 2) заңдық метрология - метрологияның техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне, өлшем құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптары бар бөлігі; 3) мемлекеттік метрологиялық қадағалау - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелері қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі қызметі; 4) метрологиялық бақылау - мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет; 5) метрологиялық қызмет - қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған субъектілер жиынтығы; 6) өлшем - арнаулы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жолмен физикалық шама мәнін табу; 7) өлшем бірлігі - нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдықпен белгіленген шектегі өлшемнің жай-күйі; 8) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын объектілердің, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы; 9) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілерді, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тіркеуді есепке алу құжаты; 10) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар - ережелер, нұсқаулар және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу талаптары мен тәртібін айқындайтын өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттар; 11) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға; 12) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау - бірен-саран данада шығарылған немесе әкелінген өлшем құралдарының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу (растау); 13) өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын салыстырып тексеру жүргізу құқығына техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің маманы; 14) өлшем құралдарын сынау - сынау объектілеріне түрлі сынау әсерлерін қолдана отырып өлшем құралдарының белгіленген нормаларға сәйкестік дәрежесін анықтау үшін өткізілетін операциялар жиынтығы; 15) өлшем құралдарын тексеру әдістемесі - орындалуы өлшем құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындауға және растауға мүмкіндік беретін операциялар мен ережелердің жиынтығы; 16) өлшем құралы - өлшем жүргізуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал; 17) өлшем құралын калибрлеу - өлшем құралының метрологиялық сипаттамасының шын мәнін және (немесе) мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жатпайтын өлшем құралының қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында сол өлшем құралының көмегімен алынған шама мәні мен эталон арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасындағы ара қатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы; 18) өлшем құралын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы; 19) өлшемдерді орындау әдістемесі - орындалуы өлшем жүргізудің осы әдістемесімен белгіленген дәлдікпен өлшем нәтижелерінің алынуын қамтамасыз ететін операциялар мен ережелер жиынтығы; 20) өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау өлшемдерді орындау әдістемесінің оған қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу (растау); 21) салғастыру - эталондар мен өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын зерттеудің нәтижелерін салыстыру; 22) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган - техникалық реттеу және метрология және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 23) шама бірлігі - 1-ге тең сандық мән шартты түрде берілген белгіленген мөлшердің физикалық шамасы; 24) шама бірлігінің мемлекеттік эталоны - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы деп танылған шама бірлігінің эталоны; 25) шама бірлігінің эталоны - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бекітілген, мөлшерін осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында, шама бірлігін (шама бірлігінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған өлшем құралы.
2-бап . Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдар 1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және экономикасын өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау; 2) отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету; 3) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң дұрыс есебiн қамтамасыз ету; 4) iргелi зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету; 5) диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету.
09.06.04 ж. № 558-II (бұр. ред. қара) ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттік басқару 1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi органы жүзеге асырады. 2. Стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган: 1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзiрлеудi және іске асыруды ұйымдастырады; 2) Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметiнiң жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады; 3) мемлекеттік шама бiрлiктерiнiң эталондарын бекiтедi; 3-1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлуi мүмкiн халықаралық бiрлiктер жүйесiне енбейтiн шамаларды айқындайды; 4) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады; 5) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондарын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру ережелерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң эталондық базасын жетiлдiредi; 5-1) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондарының сыныптамасын белгiлейдi; 6) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеу тәртібін белгiлейдi және бекiтедi; 7) өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерiне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды анықтайды; 8) өлшем құралдарын қолдану, өндiру және жөндеу тәртібін белгiлейдi, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн салғастыруды ұйымдастырады; 9) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады; 10) мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастырады және өткізеді; 11) метрология жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiл болады; 12) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр. ред .қара) ( 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) 13) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында лицензиялауды және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге жататын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн айқындайды; 14) өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын белгiлейдi; 15) салыстырып тексеру таңбаларын дайындаудың, сақтаудың және қолданудың тәртібін белгiлейдi. 16) техникалық құралдардың өлшем құралдарына қатыстылығын белгiлеудiң тәртібін айқындайды. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3 тармақпен толықтырылды 3. Аккредиттеу жөніндегі органды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес айқындайды.
2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 6-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң құрылымы Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесi құрылымына: 1) ұйымдық негiздi құратын Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметi; 2) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары, шама бiрлiктерiнiң эталондары және техникалық негiздi құратын өлшем құралдары; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред .қара) 3) нормативтік құқықтық актілер мен өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін регламенттейтін нормативтік құжаттар кіреді.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң объектiлерi Шама бiрлiктерi, шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары, шама бiрлiктерiнiң эталондары, өлшем құралдары, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi, өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне қойылатын талаптар, өлшемдердi орындау әдiстемелерi, өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік басқару органдарының, жеке, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң объектiлерi болып табылады.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара) 8-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар Нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес әзірленеді және оларды Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде қолдануға тиіс.
1. Өлшемдер және салмақтар жөніндегі бас конференция қабылдаған және Халықаралық заңдық метрология ұйымы ұсынған Халықаралық бiрлiк жүйесiнiң шама бiрлiктерiн техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi. Халықаралық бiрлiк жүйесiне кiрмейтiн шама бiрлiктерi техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi органның шешiмi бойынша қолдануға жiберiлуi мүмкiн. 2. Өлшем құралдарын қоса экспортқа шығарылатын өнiмдердiң сипаттамалары мен параметрлерi тапсырыс берушi белгiлеген шама бiрлiктерiнде көрсетiлуi мүмкiн.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 10-бап. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары Қазақстан Республикасында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң техникалық негiзiн шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары құрады, олардың құрылуын және сақталып-ұсталуын мемлекет жүзеге асырады. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған және мөлшерiн Қазақстан Республикасының аумағындағы осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында негiзгi эталондар ретiнде пайдаланылады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды 10-1-бап. Шама бiрлiктерiнiң эталондары Шама бiрлiктерiнiң эталондары шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселенген не үлестiк мәнiн) олардың көлемдерiн осы шамалардың басқа өлшем құралдарына беру мақсатымен ұдайы шығаруға және (немесе) сақтауға арналған. Шама бiрліктерiнiң эталондарын мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi қолданады.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 11-бап. Өлшем құралдары Өлшем құралдары бiрлiктерi Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген шамаларды анықтау үшiн пайдаланылады және пайдалану шарттары мен оларға қойылған талаптарға сай болуға тиiс.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды 11-1-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi 1. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi өлшем құралдарының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау мен растау үшiн пайдаланылады және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң тiзiлiмiнде мiндеттi тiркелуге жатады. 2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерiн әзiрлеу, бекіту және қолдану тәртібін техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 12-бап. Өлшемдердi орындау әдiстемелерi 1. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау жүзеге асырылатын салаларда қолданылатын өлшемдердi орындау әдiстемелерi мiндеттi метрологиялық аттестатталуға және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесi тiзiлiмiнде тiркелуге тиiс. 2. Өлшемдердi орындау әдiстемелерiн әзiрлеу және метрологиялық аттестаттау, сондай-ақ өлшемдердi орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттау құқығына заңды тұлғаларды аккредиттеу тәртібін техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 13-бап. Метрологиялық қызметтiң құрылымы Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметi: 1) мемлекеттік метрологиялық қызметтен; 2) уақыт және жиiлiк мемлекеттік қызметтерiнен; заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнен; заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректерден, сондай-ақ өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң өзге де мемлекеттік қызметтерiнен; 3) мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнен; 4) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардан; 5) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалардан тұрады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 14-бап. Мемлекеттік метрологиялық қызмет Мемлекеттік метрологиялық қызмет: 1) стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органнан және оның аумақтық бөлiмшелерiнен; 2) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондарын жасауды, жетiлдiрудi, сақтауды және қолдануды, шама бiрлiктерiнiң мөлшерлерiн беру жүйелерiн құруды қамтамасыз ететiн, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлейтiн, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерiн салғастыруды, шама бiрлiктерiнiң эталондарын және жоғары дәлдiктi өлшем құралдарын салыстырып тексерудi, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың біліктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауды жүргiзетiн мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан; 3) 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен алынып тасталды
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 15-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік қызметтерi 1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік қызметтерi техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi органды және оның аумақтық бөлiмшелерiн, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты, мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерiн қамтиды. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік қызметтерi техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi жүзеге асырады. 2. Уақыт пен жиiлiк мемлекеттік қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, уақыт пен жиiлiктiң өлшем бiрлiгін қамтамасыз етуге және Жердiң айналу параметрлерiн анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды. 3. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң мемлекеттік қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiн әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi. 4. Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердiң мемлекеттік қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердi әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.
16-бап. Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi 1. Мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қажет болған жағдайларда өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн метрологиялық қызметтер құрады. Осы Заңның 23-бабында көзделген салалардағы жұмыстарды орындау кезiнде метрологиялық қызметтердiң құрылуы немесе ұйымдастыру шараларының жүргiзiлуi мiндеттi болып табылады. 2. Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi органмен келісілген нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды 16-1-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар 1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы, соның iшiнде жеке және заңды тұлғаларды лицензиялау және аккредиттеу кезіндегі жұмыстарды жүзеге асырады. 2. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардың қызметi өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды 16-2-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар өз қызметiн өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырады. 4-тарау. Өлшем құралдарының түрін бекіту, оларды өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру және калибрлеу 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 17-бап. Өлшем құралдарының түрiн бекіту және оларды метрологиялық аттестаттау 1. Көптеп өндiруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына партиялармен әкелуге арналған өлшем құралдары сынақтан өткiзiлiп, осы өлшем құралдарының түрi кейiннен бекітілуге тиiс. Өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы шешiмдi техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi орган қабылдайды және ол белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi. 2. Бiрен-саран данада жасалынған немесе әкелiнген және мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жататын өлшем құралдары метрологиялық аттестаттаудан өткiзiледi. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешiм белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi. 3. Өлшем құралдарының түрiн бекіту мақсаты үшiн және бекітілген түрге сәйкестiгiн сынауды, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік метрологиялық қызмет жүргiзедi. Өлшем құралдарының бекітілген түрi және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiледi. 4. Бекiтiлген түрдегi өлшем құралына және (немесе) әрбiр данаға iлестiрiп жiберiлетiн пайдалану құжаттарына өлшем құралдарының техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген түрiн бекіту белгiсi қойылады. 5. Өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы ақпарат және бекітілген түрдiң күшiн жою туралы шешiм техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады. |