Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы (2012.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 Қаулысымен күші жойылды
«Бағалы қағаздар рыногы» туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.07.07 № 136 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.03 № 40 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.25.05. № 195 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.10. № 332 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Осы қаулының мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылатыны белгіленсін: 1) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) - шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі ақша тарту, оның ішінде өзінің жалғыз құрылтайшысының (қатысушысының, акционерінің) - осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен ақша тарту болып табылатын заңды тұлға; 2) арнайы қаржы компаниясы - жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқықтары берілетін заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|