«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 23 шілдедегі № 200-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 23 шілдедегі
№ 200-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2008 жылғы тамыз |
2 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині (жинақтау), АШМ | 2008 жылғы тамыз |
3 | Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Қаржымині | 2008 жылғы тамыз |
4 | «Оңалтуды басқарушының есебін келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 373 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Бұйрық | Қаржымині | 2008 жылғы тамыз |
5 | Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша), ТМРА | 2008 жылғы тамыз |
6 | Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Қаржымині | 2008 жылғы тамыз |
7 | Конкурстық басқарушының қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Қаржымині | 2008 жылғы тамыз |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі