|
|
|
«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы», «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы (2018.10.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2018.10.12. № 818 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Тобыл», «Каспий» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 407 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2018.10.12. № 818 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум; 2) «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2018.10.12. № 818 Қаулысымен меморандум жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 970 қаулысымен бекітілген
«Тобыл» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум
1. Құру мақсаты «Тобыл» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - «Тобыл» ӘКК» АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Қостанай облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Тобыл» ӘКК» АҚ-ға: жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты; инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi; жер қойнауын пайдалану құқығы; пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер; мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi; акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi - ұйымдар) берiлетiн болады. 2. «Тобыл» ӘКК» АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары «Тобыл» ӘКК» АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады. Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады. Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi. Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi. 3. «Тобыл» ӘКК» АҚ-ның мiндеттерi «Тобыл» ӘКК» АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады: мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру; өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу; мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру; инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру; бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру; шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау; пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау; мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету; өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру; кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру; мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту; бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу «Тобыл» ӘКК» АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ «Тобыл» ӘКК» АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады. 4. «Тобыл» ӘКК» АҚ-ның функциялары Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде «Тобыл» ӘКК» АҚ-ның негiзгi функциялары: ұйымдар үшін мақсаттар қою; орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту; жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау; ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады. 5. «Тобыл» ӘКК» АҚ-ны басқару мәселелерi «Тобыл» ӘКК» АҚ» Директорлар кеңесінің құрамына Қостанай облысы әкімдігінің өкілдері, «Тобыл» ӘКК» АҚ» Басқармасының төрағасы кіреді. «Тобыл» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне: «Тобыл» ӘКК» АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау; «Тобыл» ӘКК» АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою; «Тобыл» ӘКК» АҚ-ның бюджетiн бекiту; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi. «Тобыл» ӘКК» АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады. 6. «Тобыл» ӘКК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар «Тобыл» ӘКК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.
ҚР Үкіметінің 2018.10.12. № 818 Қаулысымен меморандум жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 970 қаулысымен бекітілген
«Каспий» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум
1. Құру мақсаты «Каспий» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - «Каспий» ӘКК» АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Маңғыстау облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Каспий» ӘКК» АҚ-ға: жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты; инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi; жер қойнауын пайдалану құқығы; пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер; мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi; акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi - ұйымдар) берiлетiн болады. 2. «Каспий» ӘКК» АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары «Каспий» ӘКК» АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады. Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады. Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi. Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi. 3. «Каспий» ӘКК» АҚ-ның мiндеттерi «Каспий» ӘКК» АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады: мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру; өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу; мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру; инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру; бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру; шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау; пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау; мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету; өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру; кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру; мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту; бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу «Каспий» ӘКК» АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ «Каспий» ӘКК» АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады. 4. «Каспий» ӘКК» АҚ-ның функциялары Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде «Каспий» ӘКК» АҚ-ның негiзгi функциялары: ұйымдар үшін мақсаттар қою; орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту; жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау; ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады. 5. «Каспий» ӘКК» АҚ-ны басқару мәселелерi «Каспий» ӘКК» АҚ» Директорлар кеңесінің құрамына Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері, «Каспий» ӘКК» АҚ» Басқармасының төрағасы кіреді. «Каспий» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне: «Каспий» ӘКК» АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау; «Каспий» ӘКК» АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою; «Каспий» ӘКК» АҚ-ның бюджетiн бекiту; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi. «Каспий» ӘКК» АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады. 6. «Каспий» ӘКК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар «Каспий» ӘКК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.
«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум. ҚР Үкіметінің 2018.10.12. № 818 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |