Қазақстан Республикасы Президентінің (2011.04.02. берілген өзгерістермен)
«Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы № 535 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін. 3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2008 жылғы тамыздың 29-ы
№ 653
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 653 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
2009 - 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2008 жыл
Мазмұны
3. Проблеманың қазіргі заманғы жай-күйін талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері 5.1. Еуропа мемлекеттерімен ынтымақтастық 5.1.1. Технологиялық ынтымақтастықты жолға қою үшін жағдай жасау 5.1.2. Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту 5.1.3. Көлік саласында ынтымақтастықты дамыту 5.1.4. Техникалық реттеу және метрология саласындағы ынтымақтастықты дамыту Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|