Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесі
2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысы тоқтатылды
5. Өлшем құралдарына калибрлеу жүргізу тәртібі және үйымдастыру А қосымшасы (ұсынылатын) Калибрлеу туралы сертификат үлгісі Қосымша (анықтамалық) Библиография
Осы стандарт өлшем құралдарына калибрлеу жүргізу тәртібі және үйымдастыру бойынша жалпы ережелерді белгілейді. Стандартты мемлекеттік метрологиялық қызмет және өлшем құралдарына калибрлеу жүргізу құқығына аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері (бұдан әрі - калибрлеу зертханалары), калибрлеуге жататын өлшем құралдарын пайдаланушылар және иелері қолданады.
Осы стандартта мынадай нормативтік қүжаттарға сілтемелер қолданылады: ҚРСТ 2.1-2000 Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі. Терминдер және анықтамалар. ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2001 Сынау және калибрлеу зертханаларының қүзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар.
3.1 Осы стандарттағы терминдер мен анықтамалар [1], [2], ҚР СТ 2.1 сәйкес қолданылады. 3.2 Оларға қосымша осы стандартта мынадай терминдер мен олардың анықтамалары белгіленген: 3.2.1 Калибрлеу белгісі - өлшем құралына белгіленетін шартты белгі, калибрлеу туралы сертификат, сондай-ақ сол өлшем құралын калибрлеу нәтижелерін растайтын және белгіленген пішіндегі суреті бар пайдалану қүжаттамасы. 3.2.2 Калибрлеу әдісі - шама бірлігі көлемін калибрлеу құралдарынан калибрленетін өлшем құралдарына беру әдісі. 3.2.3 Калибрлеу әдістемесі - өлшем құралдарына калибрлеу жүргізу ережесін және тәртібін сипаттайтын қүжат. 3.2.4 Өлшем белгісіздігі - өлшеу нәтижелерімен байланысты және өлшенетін шамаға жатқызуға болатын белгілерді сипаттайтын параметр. 3.2.5 Эталондарға байланыс (бақылау) - өлшеу нәтижелерінің сәйкес өлшеу эталондарымен байланысуды қамтамасыз ете алу қасиеті бар, әдетте салыстырудың үздіксіз тізбегі көмегімен үлттық немесе халықаралық. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|