|
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 11 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті құрылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органы - Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаменті - мемлекеттік мекемесі құрылсын. 4. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын; 5. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті болып; 2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері; 3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелері; 4) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын. 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің № 1 аймақаралық салық комитеті» аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі таратылсын. 7. Осы қаулының 6-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені таратқаннан кейін қалған мүлікті басқару жөніндегі өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне беріледі деп айқындалсын. 8. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 4, 5, 6, 8, 13, 15-тармақтарын, сондай-ақ осы қаулыға 6-қосымшаның 3, 4, 5, 8, 10, 11, 13, 14, 15, 16, 18, 19, 20, 22-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Салық комитеті, Қаржылық бақылау комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қаржы мониторингі комитеті. 3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады. 4. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Министрліктің қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Министрліктің, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 5. Министрліктің штат санының лимитін министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11. 7. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 9. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен пайда алып келетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен табыс республикалық бюджеттің кірісіне бағытталады.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
10. Министрліктің негізгі міндеттері бюджеттердің, бюджеттік есеп пен бюджеттердің атқарылуы туралы есептіліктің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша есеп пен есептіліктің атқарылуы, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын, темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу, кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық мемлекеттік меншікке иелік ету, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсімінде (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеу, аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық пен кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау, меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингін жүзеге асыру. 11. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) бюджеттердің атқарылуы, бюджеттік есеп пен бюджеттердің атқарылуы туралы есептілік, мемлекеттің қаржы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында шоғырландырылатын материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлікті жинақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірілуін мемлекеттік реттеу, темекі өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы, кеден ісі, республикалық мемлекеттік меншікке иелік ету, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу, дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсімінде (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау саласындағы саясатты қалыптастыруға қатысу; 2) бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс түсімдері саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысу; 3) министрліктің құзыретіне енетін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық; 4) мемлекеттік сатып алу саласында және халықаралық ынтымақтастық аясында стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу; 5) бюджеттердің атқарылуы, бюджеттердің атқарылуы туралы бюджеттік есеп пен есептілік, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша есеп пен есептілік, кеден ісі, бақылаудың тиімділігін арттыру саласында салааралық үйлестіру және әдіснамалық басшылық ету; 6) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау; 7) республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру; 8) республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті даярлау, Қазақстан Республикасының Парламентінде оны қорғауды ұйымдастыру; 9) түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджеттің міндеттемелері жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекіту; 10) жылдық сомаларды қоса алғанда түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 11) мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттің және облыс бюджетінің (бекітілген, нақтыланған, түзетілген) атқарылуы туралы есептерді жасау; 12) мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді бойынша мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы жоспарларының атқарылуы туралы, қайырымдылық және демеушілік көмектен ақшаның түсімі мен мемлекеттік мекемелердің жұмсауы туралы есептерді жасау; 13) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлеуге қатысу; 14) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобаларына қорытындылар дайындау; 15) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетімен бірлесіп мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу; 16) республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бюджеттік кредиттерді беру, оларға қызмет көрсету, оларды есепке алудың мониторингін және қайтаруды қамтамасыз ету; 17) бюджеттік кредитті беру кезінде қажетті құжаттар тізбесін белгілеу; 18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандарын және талаптарын, үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету көлемін айқындау; 19) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертке республикалық бюджет мұқтажының көлемін ай сайынғы болжамдау; 20) мемлекет кепілгерлігін беру; 21) берілетін мемлекет кепілгерлігін және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды тіркеу және есепке алу; 22) мемлекеттік кепілдіктер беру; 23) мемлекеттік емес қарыздардың мемлекеттік кепілдіктері жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету; 24) келіссөздер жүргізу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз шарттарына қол қою, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару; 25) республикалық бюджеттің қаражатын игеру мониторингі; 26) үкіметтік қарыздарды алу, өтеу және оларға қызмет көрсету мониторингі және мемлекеттік борыштың мониторингі; 27) мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі және оны басқару; 28) конкурстық негізде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша екінші деңгейдегі банктерді іріктеу, олармен үкіметтік қарыздарға, мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік қарыздарға және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттарға, бюджеттік кредиттерге, бастапқы дилерлерге қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасу; 29) конкурстық массаны іске асырудың ерекше шарттары мен тәртібі жөнінде ұсыныстарды және осыған ұқсас тәртіп «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұйымдарды банкроттау кезінде конкурстық масса объектілерінің сатып алушыларына қойылатын қосымша талаптарды әзірлеу; 30) кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру; 31) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізудің жоспары мен бағдарламасын бекіту; 32) Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономика саласындағы теріс үдерістердің алдын алу мен жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу және беру; 33) стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншік нысандары құрылымын оңтайландырудағы мұқтаждықты анықтау; 34) қаржылық есептілікті депозитарийге беру тәртібін айқындау; 35) кәсіби бухгалтер сертификатының нысандарын келісу; 36) рұқсаттар беру нысандары мен тәртібін белгілеу; 37) мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жабу және жүргізу тәртібін айқындау; 38) бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындау; 39) есептілікті жасау және беру тәртібін айқындау; 40) лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес банкроттау рәсімдерінде төлем қабілетсіз борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру; 41) кеден ісі саласында қызметті лицензиялау; 42) аудиторлық қызметті лицензиялау; 43) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын, темекі бұйымдарының өндірісі жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасында лотереялар ұйымдастыру мен өткізуге байланысты қызметті лицензиялау; 44) мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру; 45) мемлекеттік меншік мониторингінің бірыңғай республикалық дерекқорын жүргізу; 46) мемлекеттік меншік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру; 47) мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу; 48) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және кәсіби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу; 49) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген жағдайларда мүлікті иеліктен айыру немесе өзге тәсілмен оған иелік ету жөніндегі мәселелерді келісу; 50) мемлекеттік басқару органының республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруын келісу; 51) республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп берілген негізгі құралдарды қабылдап алу-беру және істен шығару мәселелерін келісу; 52) шаруашылық жүргізу құқығында қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдіктер мен еншілес кәсіпорындар құруын келісу; 53) республикалық меншікке жатқызылған концессия объектілерін тізбеге енгізу үшін тиісті сала уәкілетті мемлекеттік органдары беретін олар жөніндегі ұсыныстарды келісу; 54) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату кезінде жарғыларды, бөлу және тарату теңгерімдерін, сондай-ақ беру актілерін бекіту; 55) қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншігінде немесе басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалармен бірлесіп кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу; 56) сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын жүргізу; 57) оңалтуды, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындау; 58) кредит берушілер комитетінің құрамын қалыптастыру және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінде және оңалту рәсімінде оның бірінші отырысын шақыру; 59) төлем қабілетсіз және дәрменсіз ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру; 60) конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімінде, сондай-ақ сыртқы байқау рәсімінде кредит берушілер комитетінің құрамын бекіту; 61) бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу; 62) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыру; 63) кәсіби ұйымдар мен аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізу; 64) республикалық мемлекеттік меншікке жатқызылған концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізу; 65) Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу; 66) кедендік тасымалдаушылардың, кедендік брокерлердің, зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарлардың тізілімдерді жүргізу және олардың жариялануын қамтамасыз ету; 67) кредит берушілер талаптарының тізілімін бекіту; 68) аккредиттеу ережелерін сақтамау фактілері жағдайында бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарына және кәсіби аудиторлық ұйымдарға, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарына ескерту жасау; 69) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын сақтамаған жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымдарға ескерту жасау; 70) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты республикалық меншік (уәкілетті орган) құқығының субъектісі болып әрекет ету; 71) мемлекеттік басқару органының ұсынымы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын айқындау; 72) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алынған мүлікті кейіннен теңгерімнен есептен шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілеу; 73) таратылған республикалық мемлекеттік кәсіпорынның кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейінгі қалған мүлкін қайта бөлу; 74) шаруашылық жүргізу құқығында қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынға «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында көзделген мәселелерді келісу; 75) республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сенімді басқаруға беруді, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға), қайтарусыз пайдалануға өткізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру; 76) республикалық меншік объектілерін жекешелендіруді жүзеге асыру; 77) жекешелендіру туралы шешім шығару; 78) объектіні жекешелендіруге дайындау үдерісінде мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету; 79) жекешелендіру объектісін бағалауды жүргізу; 80) мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органды жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда олардың осы материалдық құндылықтарды объектіні жекешелендіргенге дейін одан әрі орналастыру үшін шешім қабылдауы үшін алдағы жекешелендіру туралы уақтылы хабардар ету; 81) жекешелендіру түрі мен нысандарын айқындау; 82) Қазақстан Республикасының аумағына таралатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауға құқық алған мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіби бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беру, одан айыру, тоқтатып қою және әрекет етуін тоқтату туралы мәліметтер жариялау; 83) жекешелендіру жүргізу шарттарын айқындау; 84) арнайы білімдер мен дағдыларды талап ететін мәселелерге консультация алу, оларды талдау үшін консультанттар (тәуелсіз сарапшылар) тарту; 85) сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендіру объектілерінің жүктемелері туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектің сомасы, егер кәсіпорын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру объектісі болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасалған келісім-шарттары мен шарттары туралы ақпаратты дайындау және беру; 86) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру жөніндегі сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу, мемлекеттік меншік объектілерін сатып алу-сату шарттарын дайындау және жасасу; 87) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғаның құрылтайшысы ретінде әрекет ету; 88) заңнамаға сәйкес мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдардың жұмыс істеу мониторингін және оларды басқару тиімділігін ұйымдастыруды жүзеге асыру; 89) мемлекеттік кәсіпорынның жұмыс істеуін және оны басқару тиімділігі мониторингін ұйымдастыру және жүргізу; 90) мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалар органдарында ведомствоның және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету; 91) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқықтарын өзге мемлекеттік органға беру; 92) өңірлердің және тұтастай алғанда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында мемлекеттік меншік мониторингінің мәні жөніндегі ақпаратты талдау; 93) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету; 94) республикалық меншікке жатқызылған концессия объектілері бойынша конкурстарды ұйымдастыру; 95) комиссия шешімінің негізінде республикалық меншікке жатқызылған концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасу; 96) республикалық меншік мәселелері жөніндегі мемлекеттің мүдделерін білдіру және олардың мүліктік құқықтарын қорғау; 97) борышкерге оңалту рәсімдерін қолдануға келісім беру; 98) кредит берушілер комитетінің оңалтушы немесе конкурстық басқарушымен, сондай-ақ сыртқы байқау әкімшісі жасасатын келісімдер жобаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарау; 99) оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) ұсынған конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімінің және соттан тыс тарату рәсімінің әкімшілік шығыстары сметасының жобасын келісу; 100) оңалту басқарушысының оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы ағымдағы есептерін (жасалған мәмілелер туралы ақпаратты талап етеді) және конкурстық басқарушының конкурстық істерді жүргізу барысы туралы есептерін, сондай-ақ сыртқы байқау әкімшісінің сырттан байқау рәсімдерін жүргізу барысы туралы ағымдағы есептерін қарау; 101) конкурстық массаны сату жоспарының жобасын қарау; 102) оңалтуды басқарушының қорытынды есебін келісу және оңалту рәсімін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды беру, сондай-ақ конкурстық басқарушы мен сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есептерін келісу; 103) оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгіну; 104) кредит берушілер комитеті оңалтуды және конкурсты басқарушымен жасасатын келісімді келісу; 105) кредит берушілер комитеті сырттай байқау әкімшісімен борышкердің мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесінде борышкердің төлем қабілетсіздігі басталған сырттай байқау рәсімін енгізгенге дейін жасалған оның мәмілелері мен іс-әрекеттерін анықтау және талдау, мүлікті түгендеу актілері бойынша тексеру жүргізу жөніндегі іс-шаралар туралы және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өзге де іс-шаралар туралы келісімдерін келісу; 106) егер борышкердің банкроттау туралы іс қозғағаннан немесе соттан тыс тарату рәсімін жүргізу туралы шешім қабылдағаннан кейін жекелеген кредит берушімен немесе өзге тұлғамен жасасқан мәмілесі бір кредит берушілердің екіншілерінің алдындағы талаптарын қолайлырақ қанағаттандыруға әкеп соқтырса, борышкерді банкрот деп танығанға немесе кредит берушілерді соттан тыс тарату рәсімін жүргізу туралы шешім қабылданғанға дейінгі оның жасасқан мәмілелерін тану туралы өтініш енгізу; 107) конкурстық, оңалтуды басқарушы немесе сырттай байқау әкімшісінің қолдаухаты бойынша конкурстық іс жүргізудің, оңалту рәсімінің және сырттай байқау рәсімінің пайдасына, сондай-ақ кредит берушілердің мүдделерін қорғау мақсатында сотқа өтініш беру; 108) борышкерді-оңалту жоспарын мақұлдау (келісу); 109) оңалту жоспарына өзгерістерді келісу; 110) санацияға қатысушының оңалтуды басқарушымен дәрменсіз борышкердің кредит берушілерінің талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге өзіне міндеттеме алмаған санацияға қатысушының жауапкершілігі туралы келісімін бекіту; 111) жоқ борышкердің мүлкі болмаған немесе оның құны конкурстық іс жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткіліксіз болған жағдайда жоқ борышкерді конкурстық іс қозғамай банкрот деп тануды келісу; 112) егер заңды тұлғаны тарату конкурстық іс қозғамай оны білдіретін заңды және уәкілетті тұлғалардың болмаған кезінде жүргізілген жағдайда «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес кредит берушілер талаптарының тізілімін және қорытынды есеп беруді жасасуды ұйымдастыру; 113) кредит берушілер мен оңалтуды (конкурстық) басқарушы арасындағы кредит берушілердің талаптары тізіліміне енгізу туралы келіспеушіліктерді қарау; 114) жоқ борышкердің мүлкін сатуды ұйымдастыру; 115) дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсімін жүргізу туралы шешім қабылдау; 116) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыру;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |