Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың
Осы редакция 2008 жылғы 18 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі; 2) лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары; 3) экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысымен бекітілген Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты жөніндегі, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде қызметті лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды. 2. Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты жөніндегі қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті жүзеге асырады. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті жүзеге асырады. 3. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады. 4. Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына арналған лицензия және жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде берілетін лицензия (бұдан әрі - лицензия) иеліктен алынбайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды. 5. Жекелеген тауарлардың экспортын лицензиялау, егер: 1) ішкі нарықта оларды сату (өткізу) немесе пайдалану лицензия негізінде жүзеге асырылатын тауарлар экспортының мәні болып табылған; 2) осы тауарды шығару және өткізу Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік монополияға жатқызылған жағдайларда орын алуы мүмкін. Тауарлар лицензияда көрсетілген мемлекеттерге ғана әкетілуі мүмкін. 6. Жекелеген тауарлардың импортын лицензиялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің қауіпсіздігі, азаматтардың өмірі немесе денсаулығы, қоршаған орта қисыны бойынша және отандық тауар өндірушілерді және сандық шектеулерді қолданбастан Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қорғау мақсатында жүзеге асырады. 7. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде өтінішті мақұлдау барлық жағдайларда беріледі. Бұл ретте импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін импорттаушы мүшенің заңды талаптарын орындайтын кез келген адам импортпен жұмыс істеуге және лицензия алуға тең құқыққа ие болады. Лицензияны алуға өтініш тауарларды кедендік тазартуға дейін кез келген жұмыс күні берілуі мүмкін. Лицензия алуға өтінішті және тиісті және толық нысанда қажетті құжаттарды беру кезінде он жұмыс күні ішінде лицензия беріледі. Осы Ереженің 11-тармағының әрекеті жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде қолданылмайды. 8. Импорты автоматты түрде лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу, беруден бас тарту, тоқтату, күшін тоқтата тұру және айыру тәртібі
9. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет: 1) осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) заңды тұлға үшін - өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 6) жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат; 7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. 10. Лицензия беру үшін лицензиарға берілген барлық құжаттар тізілім бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгісімен өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады). 11. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса, өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде лицензия беруге не лицензияны беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті. Егер лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензия бермесе не өтініш берушіге лицензия беруден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарламаса, онда осы Ережеде белгіленген лицензия беруге арналған мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарға олар мәлімдеген қызметтің түрін жүзеге асыру басталғаны туралы жазбаша хабарлайды. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге міндетті. 12. Жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензияларды (лицензиялардың телнұсқасын) беру кезінде алынады. 13. Лицензия осы Ережеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандағы бланкілерде ресімделеді. 14. Лицензия әрбір жеке мәміле бойынша жекелеген тауарлардың, экспортын немесе импортын жүзеге асыру үшін күнтізбелік жылдың кезеңіне өтініш берушіге беріледі. Лицензия келісім-шартқа енгізілген оның атауларының санына қарамастан, 10 таңбалы кодты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың бір түріне беріледі. Жекелеген қызмет түрлерін бас лицензия бойынша жүзеге асыратын тұлғалар үшін қызметтің осы түрінде тұрақты пайдаланылатын жекелеген тауарлардың экспортына немесе импортына арналған лицензия қолданылу мерзіміне (келісім-шарт санына қарамастан жыл сайынғы экспорт (импорт) көлеміне) шек қойылмай беріледі. 15. Өтініш берушінің дәлелді өтініші бойынша бір жолғы лицензияның қолданылу мерзімі бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Лицензияның қолданылу мерзімін ұзартуды лицензиардың қолымен және мөрімен лицензияға тиісті қосымша жазбаны енгізу жолымен лицензиар жүзеге асырады. 16. Бір жолғы лицензиялар жекелеген тауарлардың экспортына немесе импортына оларда көрсетілген мерзімге берілген рұқсат болып табылады және тауарды кедендік ресімдеу үшін негіз болады. Лицензиар кеден органдарының назарына лицензияны куәландыратын уәкілетті тұлғалардың қолдары мен мөр бедерлерінің үлгілерін жеткізеді. 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынған; 2) осы Ереженің 9-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар берілмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады; 3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген; 4) өтініш берушіге қатысты осы қызметпен айналысуға тыйым салатын соттың үкімі заңды күшіне енген жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. 18. Егер лицензия осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағым жасауға құқылы. 19. Лицензиат лицензиясын жоғалтқан, бүлдірген жағдайда лицензияның телнұсқасын алуға құқылы. Жоғалған, бүлінген лицензия бланкісі лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның бүлінген, жоғалған фактін растайтын құжаттармен қоса) берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледі. Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқаларын береді. 20. Бірігу, қосылу, бөліну немесе қайта құру, атауының өзгеруі нысанында заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс қызмет түрінің шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиар лицензиаттың тиісті жазбаша өтінішін берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді. 21. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда: 1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда; 2) жүзеге асырылуын лицензия берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда; 3) лицензия алып қойылғанда; 4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда; 5) лицензияны лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда; 6) лицензияланатындардың тізбесінен жекелеген қызмет түрлері алып тасталса тоқтатылады. 22. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті. 23. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш күн мерзімде жазбаша нысанда лицензиатқа және кеден органдарына жеткізеді.
3. Лицензиялардың есебі және оларды бақылау
24. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады. Лицензиар лицензиаттардан өз құзыреті шегінде тиісті құжаттарды беруді талап етуге және лицензиялық бақылауды орындау үшін қажетті жазбаша немесе ауызша ақпаратты алуға құқылы. 25. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар туралы мәліметтерден тұратын лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
1-қосымша
ЭКСПОРТ ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ӨТІНІШ
2-қосымша
ИМПОРТ ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ӨТІНІШ
3-қосымша
ЭКСПОРТҚА ЛИЦЕНЗИЯ
4-қосымша
ИМПОРТҚА ЛИЦЕНЗИЯ
Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысымен бекітілген
Лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты және импорты жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: 1) экспорты мен импорты лицензиялауға жататын тауарларға, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімге және импорты автоматты түрде лицензиялауға жататын жекелеген тауарларға сыртқы сауда мәмілелеріне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келісім-шарты (шарты) немесе өзге де иеліктен шығару құжаты; 2) егер өтініш беруші ретінде делдал әрекет етсе, экспорты мен импорты лицензиялауға жататын тауарларды, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімді және импорты автоматты түрде лицензиялауға жататын жекелеген тауарларды экспорттаушы және өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттар; 3) егер оларға қатысты ішкі нарықта лицензиялау енгізілген қызметтің осындай түрі тауар айналымына байланысты болған жағдайда қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға арналған лицензия; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен экспорты мен импорты лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесінде көрсетілген тиісті мемлекеттік органдардың рұқсаты; 5) Қазақстан Республикасынан импортталатын өнімнің тек түпкі пайдаланушы елдің мұқтажы және қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға немесе беруге жол бермеу үшін ғана пайдаланылатыны туралы алушы елдің міндеттемелерінен тұратын алушы елдің уәкілетті мемлекеттік органы берген түпкі пайдаланушының сертификатының түпнұсқасы (экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттаған кезде).* 1), 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелер түрінде беріледі және заңды тұлғалар үшін мөрмен және өтініш беруші бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен куәландырылады. Ескертпе: * Импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысының сертификатының түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысымен Бекітілген
Экспорты мен импорты лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесі*
|