|
|
|
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 459 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852 қаулысымен бекітілген
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлгі жарғысы (2008.23.12. берілген өзгерістерімен )
1.1._________________________________________________________ (өтініште көрсетіледі) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігі (бұдан әрі - серіктестік) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады. 1.2. Серіктестікке қатысушылардың тізбесі (қатысушылар тізілімін жүргізуді тіркеуші олардың атауын, орналасқан жерін, мекен-жайын, банктік деректемелерін (егер заңды тұлға құрылтайшы болып табылса) немесе атын, тұрғылықты жерін және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін (егер жеке тұлға құрылтайшы болып табылса) көрсете отырып жүзеге асыратын серіктестікті қоспағанда) ____________________________________________________________________ (өтініште көрсетіледі) 1.3. Серіктестіктің фирмалық атауы мемлекеттік тілде __________________________________________________ ____________________________________________________________________ (өтініште көрсетіледі) орыс тілінде _________________________________________________ ____________________________________________________________________ (өтініште көрсетіледі) 1.4. Серіктестіктің орналасқан жері және мекен-жай ___________ ____________________________________________________________________ (өтініште көрсетіледі) 1.5. Серіктестік қызметінің мерзімі __________________________ (өтініште көрсетіледі) 1.6. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі ________________ (өтініште көрсетіледі ) 1.7. Қызметінің негізгі түрлері _____________________________ (өтініште көрсетіледі) 1.8. Серіктестік заңнамалық актілерде және құрылтай шартында тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін жүзеге асыра алады. Серіктестік лицензияның негізінде тізбесі заңнамалық актілерде айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналыса алады.
2. Серіктестіктің заңдық мәртебесі
2.1. Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын иеленеді. 2.2. Серіктестіктің мөрі, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, өз атауы жазылған бланкілері болады. 2.3. Серіктестік өз қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан мәмілелер жасасуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге, міндеттер көтеруге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы. 2.4. Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы. 2.5. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 2.6. Серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар бойынша өздері енгізген салымдар құнының шегінде тәуекелге барады.
3. Серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Серіктестікке қатысушылар: 1) серіктестік істерін басқаруға қатысуға; 2) серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға; 3) серіктестіктің қызметінен табыс алуға, таза табысты бөлуге қатысуға; 4) серіктестік таратылған жағдайда кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі олардың үлесіне сәйкес оның мүлкінің бір бөлігін немесе оның құнын алуға; 5) өз үлесін иеліктен шығару жолымен серіктестікке қатысуды тоқтатуға; 6) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дауласуға құқылы. 3.2. Серіктестікке қатысушылар: 1) құрылтай шартының талаптарын сақтауға; 2) серіктестіктің жарғылық капиталына құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, мөлшерде және мерзімде салымдар енгізуге; 3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге; 4) атқарушы органға, сондай-ақ тіркеушіге серіктестікке қатысушылар тізілімі енгізілген жағдайда осы жарғының 1-тармағы 1.2) тармақшасында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. 3.3. Серіктестікке қатысушылар құрылтай шартында және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да міндеттерді көтеруі мүмкін.
4. Серіктестікке қатысушыларға, үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беру тәртібі
4.1. Серіктестік өз қатысушыларының талап етуі бойынша оған қатысушылардың мүдделерін қозғайтын серіктестік қызметі туралы ақпарат беруге міндетті. Серіктестікке қатысушылырдың мүдделерін қозғайтын ақпарат болып: 1) серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы, байқаушы кеңес, атқарушы орган, серіктестіктің тексеру комиссиясы (тексеруші) қабылдаған шешімдер және қабылданған шешімдердің орындалғаны туралы ақпарат; 2) серіктестіктің меншікті капиталының мөлшерінен жиырма бес және одан да астам пайызды құрайтын мөлшерде серіктестіктің қарыз алуы; 3) серіктестіктің нәтижесінде серіктестіктің меншікті капиталының мелшерінен жиырма бес және одан астам пайызды құрайтын сомаға мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын ірі мәміле немесе жиынтығында өзара байланысты мәмілелер жасасуы; 4) серіктестіктің қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуы және (немесе) белгілі бір әрекетті жасауы, олардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір әрекетті жасауға серіктестік бұрын алған лицензиялардан айыру; 5) серіктестіктің мүлкіне тыйым салу; 6) нәтижесінде серіктестік мүлкі жойылған, теңгерімдік құны қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің он немесе одан астам пайызын құрайтын төтенше сипаттағы мән-жайлардың басталуы; 7) серіктестікті және (немесе) оның лауазымды адамдарын әкімшілік жауапкершілікке тарту; 8) серіктестікті мәжбүрлі қайта ұйымдастыру туралы шешім; 9) аудиторлық есеп (ол бар болғанда); 10) сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат; 11) серіктестік жарғысына сәйкес серіктестікке қатысушылардың мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады. 4.2. Серіктестіктің қызметі туралы ақпарат қатысушыларға олардың жазбаша сұраулары бойынша, атқарушы органға қатысушылардың (қатысушының) шешімінде белгіленген мерзімде беріледі. Үлесті сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі және көлемі қатысушылардың (қатысушының) шешімімен және үлесті сатып алу туралы алдын ала шартта белгіленеді.
5.1. Серіктестіктің мүлкін негізгі қорлар және айналым қаражаты, сондай-ақ құны серіктестіктің дербес теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүлік құрайды. Серіктестіктің мүлкі оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары, серіктестіктің алған табыстары есебінен, сондай-ақ заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздерден құралады. Мүлік серіктестікке меншік құқығында тиесілі болады. 5.2. Мемлекеттік тіркеу сәтінде серіктестіктің жарғылық капиталы ___________________________________________ теңгені құрайды. (өтініште көрсетіледі) Серіктестіктің жарғылық капиталындағы салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жерді пайдалану құқығы және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік болуы мүмкін (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек ақшамен ғана қалыптасатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда). Жеке мүліктік емес құқықтар және өзге де материалдық емес игіліктер түрінде салым енгізуге жол берілмейді. 5.3. Барлық қатысушылардың серіктестіктің мүлкіндегі үлестері олардың жарғылық капиталдағы салымдарына барабар болады және егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, бүтіндегі бөлік немесе пайыз түрінде белгіленеді. 5.4. Серіктестіктің мүлкі қатысушылардың жарғылық капиталдағы бастапқы жарналарының, қосымша жарналарының, шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың, сондай-ақ серіктестіктің белгіленген тәртіппен сатып алған немесе алған қарыз қаражатының және басқа да мүлкінің есебінен құралады. 5.5. Қатысушылардың шешімі бойынша серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері өзгертілуі мүмкін. Серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайту серіктестікке барлық қатысушылар өндіретін қосымша барабар салымдар; серіктестіктің меншікті капиталының есебінен жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайту, оның ішінде оның резервтік капиталы есебінен; барлық қалған қатысушылардың келісімі болған жағдайда бір немесе бірнеше қатысушының қосымша салымдар енгізуі; жаңа қатысушыларды серіктестіктің құрамына қабылдау жолымен жүзеге асырылады. Серіктестіктің жарғылық капиталының азайтылуы серіктестікке барлық қатысушылар салымдарының мөлшерін бара бар кеміту не жекелеген қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
6.1. Серіктестіктің органдары: серіктестіктің жоғары органы - оның қатысушыларының жалпы жиналысы (жалпы жиналыс); серіктестіктің атқарушы органы (жеке дара немесе алқалы) болып табылады. Серіктестіктің құрылтайшылары серіктестіктің қадағалау (қадағалау кеңесі) және (немесе) бақылаушы (тексеру комиссиясы, тексеруші) органдарын құру туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бір қатысушыдан тұратын серіктестікте, қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне кіретін шешімді бір ғана қатысушы жеке дара қабылдайды және жазбаша ресімделеді. Серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады: 1) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді немесе серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекітуді қоса алғанда, серіктестіктің жарғысын өзгерту; 2) серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімді басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау; 3) серіктестіктің байқаушы кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушісін) сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының (тексерушісінің) есептері мен қорытындыларын бекіту; 4) жылдық қаржылық есептілікті бекіту және таза табысты бөлу; 5) ішкі ережелерді, олардың қабылдану рәсімін және серіктестіктің жарғысымен бекітілуі серіктестіктің өзге органдарының құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекіту; 6) серіктестіктің өзге де шаруашылық серіктестіктеріне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім; 7) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім; 8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату теңгерімдерін бекіту; 9) серіктестікке қатысушыдан үлесті мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім; 10) серіктестіктің барлық мүлкін кепілге беру туралы шешім; 11) серіктестіктің мүлкіне қосымша жарналар енгізу туралы шешім; 12) серіктестікке қатысушыларға және үлесті сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беру тәртібін және мерзімдерін бекіту. Осы тармақтың 1), 7), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша, сондай-ақ жарғыда анықталған басқа да мәселелер бойынша шешімдер серіктестікке қатысушылардың жиналысына қатысушылардың және өкілдері арқылы білдірілгендердің төрттен үш білікті басым көпшігілігінің дауысымен қабылданады. Осы тармақтың 9) тармақшасы бойынша шешім қабылданған кезде үлесі мәжбүрлеу тәртібімен сатып алынатын қатысушы дауыс беруге қатыспайды және оған тиесілі дауыс саны санақ кезінде ескерілмейді. Қалған шешімдер серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысына қатысушылардың және өкілдері арқылы білдірілгендердің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Жалпы жиналыс серіктестіктің қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға қабылдауға құқылы. 6.2. Атқарушы орган директор және (немесе) дирекция болып табылады, олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі. Дирекция ______________ (өтініште көрсетіледі) мүшеден тұрады. Дирекцияның басшылығы директор болады. Шешімдер дирекция мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда директор берген дауыс шешуші деп есептеледі. 6.3. Дирекцияның құзыретіне жалпы жиналыстың құзыретіне жатпайтын серіктестік қызметін қамтамасыз етудің барлық мәселелері жатады. Серіктестіктің атқарушы органының құзыретіне, жалпы жиналыстың, оның айрықша құзыретіне жатпайтын Заңға сәйкес атқарушы органға берілген өкілеттіктер де жатады. 6.4. Серіктестік директорының өкілеттіктері: 1) серіктестіктің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды; 2) серіктестіктің өкілі болу құқығына, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді; 3) серіктестіктің қызметкерлеріне қатысты оларды қызметке тағайындау туралы, оларды ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар шығарады, еңбекақы төлеу жүйесін белгілейді, лауазымдық жалақылар мен дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, сыйлық беру мәселесін шешеді, көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады; 4) қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне немесе байқаушы органдардың құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді, сондай-ақ оған серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында берілген өкілеттіктерді жүзеге асырады. 6.5. Серіктестіктің атқарушы органының қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін байқаушы кеңес құрылуы мүмкін. Серіктестіктің байқаушы кеңесінің қызметі мен олардың шешімдер қабылдау тәртібі ережемен және жалпы жиналыс қабылдаған өзге де құжаттармен анықталады. ҚР Үкіметінің 2008.23.12 № 1230 қаулысымен 6.6. тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6.6. Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін серіктестікке қатысушылардың ішінен немесе олардың өкілдерінен тексеру комиссиясы құрылуы немесе тексеруші сайлануы мүмкін. Серіктестіктің тексеру комиссиясы немесе жеке-дара тексерушісі жалпы жиналыста бес жылдан аспайтын мерзімге сайланады. Серіктестіктің атқарушы органдарының мүшелері тексеру комиссиясының мүшелері бола алмайды. Тексеру комиссиясының (тексерушінің) жұмыс тәртібі ішкі қызметті реттейтін ережелермен және өзге де құжаттармен белгіленеді.
7. Серіктестіктің таза табысын оған қатысушылардың арасында бөлу
7.1. Серіктестіктің оның жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері бойынша алған таза табысын серіктестікке қатысушылардың арасында бөлу серіктестіктің тиісті жылдағы қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған серіктестікке қатысушылардың кезекті жалпы жиналысының шешіміне сәйкес жүргізіледі. Жалпы жиналыс таза табысты немесе оның бір бөлігін серіктестікке қатысушылар арасында бөлуден шығарып тастау туралы шешім қабылдауға да құқылы. 7.2. Серіктестіктің жалпы жиналысы қатысушылар арасында табысты бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда, әр қатысушы бөлінген табыстың бір бөлігін серіктестіктің жарғылық капиталындағы оның үлесіне сәйкес алуға құқылы. Төлемді серіктестік жалпы жиналыс таза табысты бөлу туралы шешім қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ақшалай нысанда жүргізуі тиіс.
8. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату
8.1. Серіктестік қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін. 8.2. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Серіктестікке қатысушылар: ______________________________ _______________________ ______________________________ _______________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |