| ||||||||||||||||||||
|
|
|
2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау (2010.16.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 6 қарашадағы № 1166 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын. ҚР Үкіметінің 2010.16.03. № 204 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықоваға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |