Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы (2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2022.17.09. № 81 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) және 3-4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|