“Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың (2007.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 28 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрлігінің 2007.04.04. № 108 Бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабының 14) тармақшасына және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (В.А.Сәтқалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 424 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрлігінің 2007.04.04. № 108 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Осы Ережемен пайдаланушыларға көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің жылдық, тоқсандық есептілігінің көлемі, нысандары, кезеңділігі, мерзімі және жасалу мен ұсынылу тәртібі белгіленеді. 2. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер осы Ережеде белгіленген көлемде және нысандар бойынша жылдық, тоқсандық есептер жасайды. 3. Есептілікті жасау кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс: есепті кезеңдегі барлық операциялар көрсеткіштерінің толықтығы және растығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|