Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған
тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспарын (1-кезең) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 20 қарашадағы № 1110 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 1 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (1-кезең) (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы және мемлекеттік органдар, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) Жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылдықтың және жылдың қорытындысы бойынша 15 қаңтарға және 15 шілдеге Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жылына екі рет 30 қаңтарға және 30 шілдеге Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы
20 қарашадағы
№ 1110 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға
арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (1-кезең)
Р/ с № | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындау үшін жауаптылар | Орындау мерзімі | Болжанатын шығыстар (мың теңге) | Қаржылан- дыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Көшіп келу |
1 | Көшіп келушілерді қазақстандық қоғамға бейімдеу және кіріктіру жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2008 жылғы 2-тоқсан | Талап етілмейді | |
2 | Өңірлерді, өңірлік еңбек нарығын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамыту мүддесін негізге ала отырып, көшіп келушілерді ұтымды орналастыру тетігін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2009 жылғы 2-тоқсан | Талап етілмейді | |
2. Көшіп кету |
3 | Сыртқы көші-қон үдерістеріне және олардың елдің әлеуметтік-эконо- микалық дамуына әсеріне талдау жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), СА, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Ақпан жыл сайын | Талап етілмейді | |
3. Ішкі көші-қон |
4 | Өңірдің экологиялық ахуалына, атап айтқанда, қолда бар ауыз суға, қоршаған ортаның ластануына, сондай-ақ оның әлеуметтік және экономикалық күйзелісіне мониторинг жүргізу | Еңбекминіне ақпарат | Қоршаған ортамині (жинақтау), облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Ақпан жыл сайын | Талап етілмейді | |
4.Заңсыз көші-қон |
5 | Украинамен, Ресей Федерациясымен, Орталық Азия елдерімен реадмиссия туралы келісімдер жасау мәселелерін қарастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | ІІМ (жинақтау), СІМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша), Әділетмині, ЭБЖМ, БП (келісім бойынша) | 2009 жылғы қаңтар | Талап етілмейді | |
5. Көші-қон саясатын құқықтық қамтамасыз ету |
6 | Көші-қонға қатысты мәселелер жөнінде халықаралық құқықтық шарттарға талдау жүргізу және ШЫҰ мен АӨСШК қатысушы мемлекеттер арасында халықаралық шарттар жасасу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), ІІМ | 2008 жылғы шілде | Талап етілмейді | |
7 | Көші-қон саласындағы ұлттық заңнаманы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкестігі мәніне талдау жүргізу және халықаралық шарттарға сәйкес ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу | Әділетминіне ұсыныстар Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Еңбекмині (жинақтау), СІМ | 2009 жылғы 30 қаңтар | Талап етілмейді | |
8 | «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу | Заң жобасы | Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, ЭБЖМ | 2008 жылғы қараша | Талап етілмейді | |
6. Көші-қон үдерістерін институционалдық және кадрлық басқару |
9 | Көші-қон үдерістеріне бағалау және мониторинг жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині | Ақпан жыл сайын | Талап етілмейді | |
10 | Көші-қон мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині | 2009- 2010 жылдар | 2009 жыл - 555,9 мың теңге 2010 жыл - 594,0 мың теңге | Республикалық бюджет |
7.Көші-қон үдерістерін мемлекеттік басқаруды ақпараттық сүймелеу |
11 | БАҚ-та көші-қон саясаты мәселелерін жария етуді қамтамасыз ету | Еңбекминіне ақпарат | МАМ | Қаңтар жыл сайын | Шығынсыз | Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде |
*2009-2010 жылдарға арналған республикалық бюджет»қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Республикасының Заңына сәйкес анықталатын болады.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
СІМ | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі |
ІІМ | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
Қаржымині | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
МАМ | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
ЭБЖМ | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
Қоршағанортамині | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
ҰҚК | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
Әділетмині | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
БП | - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы |
СА | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі |
ШЫҰ | - Шанхай ынтымақтастық ұйымы |
АӨСШК | - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі |
БАҚ | - Бұқаралық ақпарат құралдары |