Осы редакция 2008 жылғы 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852 қаулысымен бекітілген
Сенім серіктестігінің үлгі жарғысы
1.1. _________________________________________________________ ______________________________________________________________ (өтініште көрсетіледі) сенім серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік), Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады. 1.2. Серіктестіктің құрылтайшылары (бұдан әрі - қатысушылар) мыналар болып табылады:_____________________________________________ (өтініште көрсетіледі) 1.3. Серіктестіктің атауы ____________________________________ ____________________________________________________________________ (өтініште көрсетіледі) 1.4. Серіктестіктің орналасқан жері __________________________ ____________________________________________________________________ (өтініште көрсетіледі) 1.5. Серіктестіктің қызмет ету мерзімі _______________________ (өтініште керсетіледі) 1.6. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі ________________ (өтініште көрсетіледі) 1.7. Серіктестік заңнамалық актілерде және құрылтай шартында тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін жүзеге асыра алады. Серіктестік лицензияның негізінде тізбесі заңнамалық актілерде айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналыса алады.
2. Серіктестіктің заңдық мәртебесі
2.1. Серіктестік мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады. 2.2. Серіктестіктің мөрі, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, өз атауы бар бланкілері болады. 2.3. Серіктестік өз қызметінің мақсаттарына жету үшін өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, міндет алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы. 2.4. Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға құқылы. 2.5. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 2.6. Серіктестікке, серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен жауап беретін қатысушылармен (толық серіктер) қатар серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар тәуекелін өздері салған салым сомаларының шегінде көтеретін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын салымшы қатысушылар кіреді.
3. Серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Серіктестікке қатысушылардың: 1) осы жарғыда белгіленген тәртіппен серіктестіктің ісін басқаруға қатысуға; 2) серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және оның құжаттамасымен танысуға; 3) таза кірісті бөлуге қатысуға; 4) серіктестік таратылған жағдайда, кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өз үлестеріне сәйкес мүлкінің бір бөлігін немесе оның құнын алуға; 5) серіктестік мүлкіндегі өзінің салған салымына барабар үлесінің құнын ала отырып, белгіленген тәртіппен серіктестіктен шығуға құқығы бар. 3.2. Серіктестікке қатысушылар: 1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға; 2) салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, мөлшерде, тәсілдер мен мерзімдерде салуға; 3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
4. Серіктестік салымшыларының құқықтары мен міндеттері
4.1. Серіктестік салымшыларының: 1) серіктестік пайдасының бір бөлігін құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен мүліктегі және жарғылық капиталдағы өз үлесіне барабар мөлшерде алуға; 2) серіктестіктің жылдық есептерімен және теңгерімдерімен танысуға, сондай-ақ олардың дұрыс жасалуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап етуге; 3) мүліктегі өз үлесін немесе оның бір бөлігін осы Заңда және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен басқа салымшыға немесе үшінші тұлғаға беруге; 4) «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 31-бабының 2-тармағында және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен серіктестіктен шығуға; 5) серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға; 6) Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар. Серіктестік салымшыларының осы Заңда, басқа да заңнамалық актілерде және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген өзге де құқықтары болуы мүмкін. 1) серіктестіктің құрылтай құжаттарының шарттарын сақтауға; 2) серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, тәсілмен және мөлшерде салымдар салуға; 3) серіктестіктің құрылтай құжаттарында көрсетілген жағдайларда серіктестің өз қызметін жүзеге асыруына жәрдемдесуге, соның ішінде серіктестікке қызмет көрсетуге; 4) серіктестіктің атқарушы органына жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің не заңды тұлғалар үшін атауының және орналасқан жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті. Серіктестік салымшылары Заңда, басқа заңнамалық актілерде және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.
5. Серіктестік қызметінің мақсаты мен түрлері
5.1. Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты пайда алу болып табылады. 5.2. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін серіктестік заңнамада тыйым салынбаған қызметтің мынадай негізгі түрлерін жүзеге асырады: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (өтініште көрсетіледі) Серіктестік лицензия негізінде тізбесі заңнамалық актілерде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен айналыса алады.
6.1. Серіктестіктің мүлкін негізгі қорлары мен айналым қаражаты, сондай-ақ құны серіктестіктің дербес теңгерімінде көрсетілетін басқа да мүлік құрайды. Мүлік меншік құқығы негізінде серіктестікке тиесілі болады. Қатысушылардың жарғылық қорына салымдар; оның қызметінен алынған табыс; заңнамалық актілерде тыйым салынбаған өзге де көздер серіктестік мүлкін құрайтын көздер болып табылады. 6.2. Серіктестіктің жарғылық капиталы оған қатысушылардың салымдарынан тұрады. Шаруашылық қызмет процесінде жарғылық капитал өзгеруі мүмкін. Салымшылар салымдарының есебінсіз жарғылық капитал серіктестік мүлкіндегі толық серіктердің үлесін анықтайды. Серіктестіктің жарғылық капиталы _____________________________ ____________________________________________________ теңгені құрайды. (өтініште көрсетіледі) Серіктестіктің жарғылық капиталын құрудың тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ серіктестік мүлкіндегі қатысушылардың үлестері серіктестіктің құрылтай шартында белгіленеді, бұл ретте салымшылардың жарғылық капиталдағы үлестерінің жиынтық мөлшері 50 пайыздан аспауға тиіс.
7. Серіктестіктің басқару және бақылау органдары
7.1. Серіктестіктің ісін басқаруды толық серіктер жүзеге асырады. 7.2. Серіктестіктің жоғары органы оның толық серіктерінің жалпы жиналысы болып табылады. Серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі, сондай-ақ басқару органдарын құру тәртібі мен оның құзыреті туралы шешімдер оның барлық толық серіктерінің ортақ келісімі бойынша қабылданады. 7.3. Салымшылардың серіктестіктің ісін басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенімхатсыз оны білдіруге құқығы жоқ. Серіктестік салымшыларының толық серіктердің серіктестіктің ісін басқару жөніндегі іс-әрекеттерін даулауға құқығы жоқ. 7.4. Серіктестіктің ісін жүргізу тапсырылған серіктестіктің органдары барлық толық серіктерге олардың талап етуі бойынша өз қызметі туралы толық ақпарат беруге міндетті. 7.5. Толық серіктердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады: 1) серіктестіктің жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту; 2) серіктестіктің атқарушы, байқаушы және бақылау органдарын құру және оларды кері шақырту; 3) серіктестіктің жылдық есептері мен бухгалтерлік теңгерімдерін бекіту; 4) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім. Көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Әрбір қатысушының бір дауысы бар. 7.6. Жалпы жиналыс атқарушы органның құзыретіне жатқызылған мәселелерді өз қарауына қабылдауға құқылы. 7.7. Серіктестіктің атқарушы органы директор және (немесе) дирекция болып табылады, олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңнамасына сәйкес келісім-шарт негізінде реттеледі. 7.8. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыретті. Дирекция _______________________ (өтініште көрсетіледі) мүшеден тұрады. Шешімдер дирекция мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда, директордың дауысы шешуші болып саналады. 7.9. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыретті, оның ішінде: ағымдағы және перспективалық жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді; қатысушылардың шешімдерін әзірлеу мен орындалуын ұйымдастырады, оларға орындау туралы есептер береді; ақша қаражатын қоса алғанда, қатысушыларға ұсынылатын шекте серіктестік мүлкіне билік етеді; серіктестіктің атынан сенімхатсыз шарттар (келісім-шарттар) жасасады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді; банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар ашады; серіктестіктің еңбек ұжымының орындауы үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады; серіктестік қызметкерлерін қабылдау және жұмыстан босату құқықтарын жүзеге асырады; сенімхат береді; мемлекеттік органдарды, соттарды қоса алғанда, ұйымдармен қарым-қатынастарда қатысушылар берген және осы жарғыда белгіленген өкілеттіктер шегінде серіктестік қызметінің мәселелері бойынша серіктестікті білдіреді; серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекітеді, оларды қабылдау рәсімін анықтайды; өз құзыретінің шегінде басқа функцияларды атқарады. 7.10. Байқаушы кеңес құрылған жағдайда жалпы жиналыс оның айрықша құзыретін белгілейді, оған мынадай мәселелер кіреді: 1.____________________________________________________________ 2.____________________________________________________________ 3.____________________________________________________________ (өтініште көрсетіледі) 7.11. Байқаушы кеңес ___________ мүшеден (өтініште көрсетіледі) тұрады. Байқаушы кеңес қарайтын мәселелер бойынша шешімдер байқаушы кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. 7.12. Есептердің дәлдігін, серіктестік қызметінің заңнамаға, осы жарғыға, келісім-шарттар мен келісімдерге сәйкестігін бағалау жөніндегі функциялар жалпы жиналыстың шешімі бойынша сайланатын (немесе тағайындалатын) тексеру комиссиясына жүктеледі. 7.13. Серіктестіктің тексеру комиссиясының құрамына серіктестікке қатысушылар, заңнамалық актілерге сәйкес аудиторлық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар, қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы тәуелсіз сарапшылар және басқа адамдар кіре алады. 7.14. Тексеріс жүргізу үшін тәуелсіз аудитор тартылуы мүмкін.
8. Серіктестіктің пайдасы мен шығынын бөлу
8.1. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында не қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, серіктестіктің пайдасы мен шығыны оған қатысушылардың барлығының арасында серіктестік мүлкіндегі олардың үлесіне барабар мөлшерде бөлінеді. 8.2. Қатысушылардың қайсысын болмасын серіктестіктің пайдасын бөлісуге немесе шығынын өтеуге қатысудан шеттету туралы келісімге жол берілмейді.
9. Серіктестікке қатысушыларға, үлестерді сатып алушыларға құжаттарды және серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беру тәртібі
9.1. Серіктестік өзінің қатысушыларының талап етуі бойынша серіктестіктің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат беруге міндетті. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың мүдделерін қозғайтын ақпарат деп: 1) серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданған, серіктестіктің байқау кеңесінің, атқарушы органының, тексеру комиссиясының (тексерушінің) шешімдері және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат; 2) серіктестіктің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерде серіктестіктің қарыз алуы; 3) жасалған мәміле нәтижесінде серіктестіктің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомадағы мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын ірі мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелерді серіктестіктің жасауы; 4) серіктестіктің қандай да қызметтің бір түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуы және (немесе) белгілі бір әрекет жасауы, олардың әрекетінің тоқтатыла тұруы немесе тоқтауы, сондай-ақ қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір әрекет жасауға серіктестік бұрын алған лицензиялардан айыру; 5) серіктестіктің мүлкіне тыйым салу; 6) нәтижесінде серіктестіктің теңгерімдік құны қоғам активтері жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп пайызын құрайтын мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы; 7) серіктестікті және (немесе) оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту; 8) серіктестікті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім; 9) аудиторлық есеп (ол бар болса); 10) сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат; 11) серіктестіктің жарғысына сәйкес серіктестікке қатысушылардың мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады. 9.2. Серіктестіктің қызметі туралы, оған қатысушылардың мүдделерін қозғайтын ақпаратты беру заңнамаға және осы жарғыға сәйкес жүзеге асырылады. 9.3. Үлестерді сатып алушыларға шаруашылық серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Ақпаратты беру тәртібі мен көлемі үлестерді сатып алу туралы алдын ала шартта белгіленеді.
10. Серіктестіктің борыштары бойынша қатысушылардың жауапкершілігі
10.1. Толық серіктер өзінің барлық мүлкімен серіктестіктің міндеттемелері бойынша Заңда белгіленген тәртіппен ортақ қосымша жауап береді. 10.2. Салымшылар серіктестіктің міндеттемелері бойынша серіктестіктің жарғылық капиталына өздері салған салымдары сомаларының шегінде жауап береді. 10.3. Салымшы серіктестік мүлкіндегі өз үлесін (үлесінің бір бөлігін) басқа салымшыларға, толық серіктерге не үшінші адамдарға барлық толық серіктердің келісімімен ғана бере алады. Басқа салымшыларға, толық серіктерге не үшінші адамдарға үлесті берумен бір уақытта серіктестіктен шыққан салымшыға тиесілі құқықтар мен міндеттердің бүкіл жиынтығы ауысады.
11. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату
11.1. Серіктестік толық серіктердің жалпы жиналысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін. 11.2. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Серіктестік директоры Т.А.Ә.
|