|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Шаруашылық серіктестіктері туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Заңы (2024.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен актінің нысаны және тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер 2-бап. Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар 2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары 3-бап. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар 4-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу 5-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкi 6-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталы 7-бап. Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi 8-бап. Шаруашылық серiктестiгiн басқару 8-1-бап. Шаруашылық серіктестіктерінің ақпарат беруі 8-2-бап. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы құжаттар 9-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң тоқтатылуы II-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРIКТЕСТIКТЕРIНIҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIНIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 10-бап. Толық серiктестiк ұғымы 11-бап. Толық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi 12-бап. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарының мазмұны 13-бап. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталы. Қатысушылардың толық серiктестiк мүлкiндегi үлесi 14-бап. Толық серiктестiктiң iсiн жүргiзу 15-бап. Толық серiктестiкке қатысушылардың құрамын өзгерту 16-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуы 17-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуының салдары 18-бап. Толық серiктестiкке қатысушы үлесiнiң (үлесiнiң бiр бөлiгiнiң) ауысуы 19-бап. Қатысушыны толық серiктестiктен шығару 20-бап. Қатысушының толық серiктестiктегi үлесiнен өндiрiп алуды қолдану 22-бап. Толық серiктестiкке жаңа қатысушыларды қабылдау 23-бап. Толық серiктестiктiң пайдасы мен шығынын бөлу 24-бап. Қатысушылардың толық серiктестiктiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi 25-бап. Толық серiктестiктi тоқтатудың ерекшелiктерi 26-бап. Сенiм серiктестiгiнiң ұғымы 27-бап. Сенiм серiктестiгi салымшыларының құқықтары мен мiндеттерi 29-бап. Сенiм серiктестiгi құрылтай құжаттарының мазмұны 30-бап. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқару 31-бап. Сенiм серiктестiгi салымшыларының құрамын өзгерту 32-бап. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнен шығуының салдары 33-бап. Сенiм серiктестiгiне жаңа қатысушылар қабылдау 34-бап. Сенiм серiктестiгiнiң пайдасы мен шығынын бөлу 35-бап. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi 36-бап. Сенiм серiктестiгiн тоқтатудың ерекшелiктерi 62-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Жарлықты», «Жарлықтан»,» Жарлықтағыдан», «Жарлықпен»,» Жарлықтың», «Жарлыққа»,» Жарлықта» деген сөздер тиісінше «Заңды», «Заңнан», «Заңдағыдан», «Заңмен», «Заңның», «Заңға», «Заңда» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-I; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертiлдi 1-бап. Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер 1. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады. 2. Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенім серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн. 3. 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 19.06.97 ж. № 134-I Заңымен; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2- бап өзгертілді 2-бап. Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар 1. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 3. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекеленген түрлерiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, оны құру мен пайдаланудың ерекшелiктерi, мүлкiнiң құқықтық режимi, шаруашылық қызметiн шектеу осы Заңмен қатар арнаулы заң актілерімен реттеледi немесе арнаулы заң актілерімен белгiленген тәртiппен. осы Заңда қамтылатын шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, шаруашылық серіктестіктердің жекелеген түрлеріне қолданылады.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары 1. Шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, серіктестікті құру, оның қызметі, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін айқындау осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады. 2. Осы Заңның негізгі міндеттері: 1) кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау; 2) шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету; 3) шаруашылық серіктестігіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттеу; 4) шаруашылық серіктестігінің құқықтық мәртебесін белгілеу. 3. Шаруашылық серіктестіктері өз қызметін мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырады: 2) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарай міндеттемелері бойынша жауапкершілік; 3) шаруашылық серіктестіктерінің қызметі туралы ақпараттың оларға қатысушылар үшін ашықтығы, қолжетімділігі;
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертiлдi 3-бап. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар 1. Азаматтар ғана толық серiктестiкке қатысушылар және сенім серiктестiгіндегі толық серiктес бола алады. 2. Азамат бiр ғана толық серiктестiкке қатысушы немесе бiр ғана сенім серiктестiгіндегі толық серiктес бола алады. 3. Толық серiктестiкте кемiнде екi қатысушы болуға тиiс. 4. Азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктің қатысушылары және сенім серiктестiгiнде салымшылар бола алады. Мемлекеттің шаруашылық серіктестіктерге қатысуы және оларды басқару ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 5. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк бiр тұлға құруы немесе сол тұлға серiктестiктiң жарғылық капиталының барлық үлесiн сатып алған жағдайда бiр тұлғадан тұруы мүмкiн. 6. Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер заң актілерінде өзгеше белгiленбеген болса, осы Заңға сәйкес құрылатын шаруашылық серiктестiктерiне жалпы негiзде қатысады.
ҚР 19.06.97 ж. № 132-1; 22.04.98 ж. № 221-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара);2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2010.20.01. № 239-ІV (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді; 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-бап өзгертілді 4-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттік тiркеу 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табылады. Шаруашылық серiктестiкті ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мазмұнын айқындайтын үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады. 2. Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаты жарғысы болып табылады. 3. Шаруашылық серiктестiгi құрылтай шартының мазмұны коммерциялық құпия болып есептеледi. Құрылтай шарты мемлекеттік немесе өзге ресми органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың шешiмi бойынша не заң актілерінде белгiленген жағдайда ғана көрсетiлуге тиiс. Мүдделi тұлғалардың бәрi шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысымен танысуға құқылы. 4. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай шартына оған қатысушылардың бәрi қол қояды. 5. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына құрылтай шартына сәйкес осы серiктестiктiң басқарушысы болып тағайындалған құрылтайшы, немесе шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар оның бiрiншi басшысы етiп тағайындаған адам (жоғары тұрған лауазымды адам) қол қояды, егер заң актілерінде өзгеше тәртiп көзделмесе. Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына сол құрылтайшының өзi қол қояды. 6. 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7. Құрылтай шартында құрылтайшылар шаруашылық серiктестiгiн құруға, оны құру жұмысының тәртібін белгiлеуге және өзiнiң мүлкiн серiктестiк меншiгiне беру; оның қызметiне қатысу; құрылтайшылардың арасында пайда мен шығынды бөлiсу; оның қызметiн басқару; оның құрамынан шығу; құрылтайшылардың әрқайсысының үлесiнiң мөлшерi туралы; олардың салымының мөлшерi, құрамы, оны енгізудiң мерзiмi мен тәртібі туралы; құрылтайшылардың салымды енгізу жөніндегі мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi; жарғылық қордың мөлшерi мен құрамын анықтау шарттарын анықтауға мiндеттеме алады. Шаруашылық серіктестігінің құрылтай шартында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың атауы және орналасқан жері көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс. Құрылтай шартында заңдарда көзделген немесе құрылтайшылар көздейтiн басқа да мәлiметтер болуы мүмкiн. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8. Шаруашылық серіктестігінің жарғысын құрылтайшылар бекітеді, бұл құрылтай шартында көрсетіледі. Шаруашылық серіктестігінің жарғысында мыналар айқындалады: серіктестіктің түрі, оның атауы, орналасқан жері, қызмет мерзімі (егер ол серіктестікті құру кезінде белгіленсе), басшысының өкілеттіктері, басқару және бақылау органдары, олардың құзыреті, мүлікті құрау тәртібі, пайданы бөлу және залалдарды өтеу тәртібі, серіктестіктің қатысушыларына құжаттарды және серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты, сондай-ақ үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері; серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы; серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту тәртібі және оларды қабылдау рәсімдері, серіктестік органдарының шешімдер қабылдау және олардың күшін жою тәртібі, серіктестіктің қызметін тоқтату (қайта ұйымдастыру немесе тарату) шарттары, сондай-ақ серіктестік пен құрылтайшылар (қатысушылар) арасындағы өзара қатынастар. Шаруашылық серіктестігінің жарғысында серіктестік қатысушыларының (қатысушылардың тізілімін жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын серіктестікті қоспағанда) тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке тұлғалар үшін), сондай-ақ атауы және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін) көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс. Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдары немесе құрылтайшылар көздеген басқа да ережелер қамтылуы мүмкін. 9. Құрылтай құжаттарында осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген шарттардан басқа, тиiстi серiктестiк түрлерi үшiн осы Заңда қарастырылған шарттар да болуға тиiс. 10. Заң актілерімен құқық берiлген мемлекеттік органдардың талап етуi бойынша, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалардың сот тәртібімен талап етуi бойынша осы баптың 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетiлген шарттар болмаған жағдайда құрылтай құжаттары жарамсыз деп танылады. 11. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттік тiркеуден кейiн оның құрылтайшылары серiктестiкке қатысушылар болып табылады. 12. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң осы Заңда көрсетiлмеген құрылтай құжаттарының тiзбесi мен мазмұны, осы ұйымдар туралы заң актілерінде анықталады. 13. Шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар қатысатын шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк тiркеудiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
5-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкi 1. Шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiн негiзгi қорлары мен айналым қаражаты, сондай-ақ серiктестiктiң дербес балансында құны көрсетiлген басқа да мүлiк құрайды. 2. Мүлiк меншiк құқығы негiзiнде шаруашылық серiктестiгiнiкi болады. 3. Серiктестiк мүлкiн құрайтын көздер: 1) қатысушылардың жарғылық капиталға салымдары; 2) оның қызметiнен алынған табыс; 3) заң актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздер болып табылады. ҚР 15.07.96 ж. № 30-1.; 11.07.97 ж. № 154-1; 22.04.98 ж. № 221-1 Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталы 1. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын оған қатысушылар салымдарының жиынтығы құрайды. 2. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықтық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн. Жеке мүлiктiк емес құқықтар және өзге де материалдық емес игiлiктер түрiнде салымдар енгізуге жол берiлмейдi. Зерделік меншігі объектілерін материалдық емес активтер құрамына енгізу тәртібін қара 3. Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлген жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтайшы құжаттарда көрсетiлген бүкiл мерзiмге есептелген пайдалану төлемiмен айқындалады. Серiктестiктiң пайдалануына берiлген мүлiктiң кездейсоқ құрып кетуiне немесе бүлiнуiне тәуекелдiк, егер құрылтай құжаттарда өзгеше көзделмеген болса, осы мүлiктi берген қатысушыға жүктеледi. 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың (қатысушылардың) заттай нысандағы немесе мүлiктiк құқықтар түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісімi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріндегі балама сомадан асып кетсе, оны бағалауды бағалаушы растауға тиiс. 5. Барлық кредиторлар жеке-жеке жазбаша хабардар етiлгеннен кейiн ғана шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға жол берiледi. Мұндай жағдайда кредиторлар тиiстi мiндеттемелерiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздерi шеккен зиянның орны толтырылуын талап етуге құқылы. 6. Жарғылық капиталды шаруашылық серiктестiктерiнiң кейбір түрлерi үшiн осы Заңда және басқа заң актілерінде белгiленген ең төменгi мөлшерден азайтуға жол берiлмейдi. Жарғылық капиталды осы баптың 5 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiптi бұза отырып азайту мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сот шешiмiмен шаруашылық серiктестiгiн таратуға негiз болып табылады. 7. Жарғылық капиталға салымдар енгізу тәртібі мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құрау бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк заң актілерімен және (немесе) құрылтай құжаттарымен белгiленедi. ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңымен; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 7-бап өзгертiлдi 7-бап. Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкіндегі үлесi 1. Барлық қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкіндегі үлесi олардың жарғылық капиталдағы салымына сай болады. 2. Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкіндегі үлесi процент түрiнде есептеледi. 3. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар өздерiнiң серiктестiк мүлкіндегі үлесiн белгiлеудiң осы баппен салыстырғандағыдан өзгеше тәртібін анықтай алады. 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, шаруашылық серiктестiгiнің қатысушысы серiктестiк мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) өз үлесін немесе оның бір бөлігін кепiлге салуға және (немесе) сатуға құқығы бар. Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгiнің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иелiктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.
8-бап. Шаруашылық серiктестiгiн басқару 1. Шаруашылық серiктестiгiнiң жоғары органы оған қатысушылардың жалпы жиналысы (өкiлдер жиналысы) болып табылады. 2. Шаруашылық серiктестiгiнде оның қызметiне ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын және оған қатысушылардың жалпы жиналысына есеп беретiн атқарушы (алқалық немесе) және (жеке-дара) орган құрылады. Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкiн. 1) басқарма (дирекция); 2) байқаушы кеңес; Мемлекет қатысатын шаруашылық серіктестіктерде байқау кеңестерін құру және олардың қызметтерін бақылау жөніндегі комиссиялар туралы ережені қараңыз 3) шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың жалпы жиналысының (өкiлдер жиналысының) шешiмi бойынша басқа да органдар құрылуы мүмкiн. 4. Атқарушы органның қызметiн бақылау үшiн қатысушылардың жалпы жиналысы тексеру комиссиясын құруға құқылы. 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен шаруашылық серiктестiгi банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттік тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді. 5. Шаруашылық серiктестiгiн басқару органдарының құзыры, оларды сайлау (тағайындау) тәртібі, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртібі осы Заңмен, заң актілерімен және құрылтай құжаттарымен белгiленедi.
2007.19.02. № 230-III Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; 2008.05.07. № 58- ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-1-бап өзгертiлдi 8-1-бап. Шаруашылық серіктестіктерінің ақпарат беруі 1. Шаруашылық серіктестігі өзінің қатысушыларының талап етуі бойынша серіктестіктің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат беруге міндетті. Шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат деп: 1) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысында қабылданған, серіктестіктің байқау кеңесінің, атқарушы органының, тексеру комиссиясының (ревизорының) шешімдері және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат; 2) серіктестіктің өз капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын мөлшерде серіктестіктің қарыз алуы; 3) жасалған мәміле нәтижесінде серіктестіктің өз меншігіндегі капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын ірі мәмілені немесе өзара байланыстағы мәмілелерді серіктестіктің жасауы; 4) серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиялар алуы, олардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға бұрын алған лицензияларынан айыру; 5) серіктестіктің мүлкіне тыйым салу; 6) нәтижесінде серіктестіктің баланстық құны қоғам активтері жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп процентін құрайтын мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы; 7) серіктестікті әкімшілік жауаптылыққа және (немесе) оның лауазымды адамдарын қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту; 8) серіктестікті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім; 9) аудиторлық есеп (ол бар болса); 9-1) сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат; 10) серіктестіктің жарғысына сәйкес серіктестік қатысушыларының мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады. 2. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпаратты беру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Заңға және серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Қатысушыларға сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат қатысушылардың жалпы жиналысының шешімінде көзделген тәртіппен (егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе), шаруашылық серіктестігі соттың тиісті хабарламасын немесе корпоративтік дау бойынша азаматтық іске шақыруды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс. 3. Үлестерді сатып алушыларға шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы ақпаратты беру серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Ақпаратты беру тәртібі мен көлемі жарғыда және үлестерді сатып алу туралы алдын ала жасалған шартта белгіленеді.
2007.19.02. № 230-III Заңымен 8-2-баппен толықтырылды 8-2-бап. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы құжаттар 1. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне қатысты құжаттарды серіктестік өз қызметінің бүкіл мерзімі ішінде серіктестіктің атқарушы органы орналасқан жер бойынша немесе оның жарғысында айқындалған өзге жерде сақтауға тиіс. 2. Мынадай құжаттар сақталуға тиіс: 1) серіктестіктің жарғысы, серіктестіктің жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар; 2) құрылтай жиналыстарының хаттамалары; 3) құрылтай шарты, құрылтай шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар; 4) 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 5) 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) серіктестіктің белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір іс-әрекет жасауына арналған лицензиялар; 7) серіктестіктің оның балансындағы (балансында болған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар; 8) серіктестіктің филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже; 9) серіктестік қатысушылары жалпы жиналыстарының хаттамалары, серіктестік қатысушылары жалпы жиналыстары күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар; 10) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу үшін ұсынылған серіктестік қатысушыларының тізімі; 11) байқау кеңесі күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдары, бақылау кеңесі отырыстарының хаттамалары (сырттай отырыстарының шешімдері); 12) атқарушы орган отырыстарының хаттамалары (шешімдері). 3. Өзге құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады. 4. Серіктестік шаруашылық серіктестігі қатысушысының талап етуі бойынша оған осы Заңда көзделген құжаттардың көшірмелерін серіктестіктің жарғысында белгіленген тәртіппен беруге міндетті.
ҚР 15.07.96 ж. № 30-1 Заңымен 9-бап толықтырылды; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9-бап өзгертiлдi 9-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң тоқтатылуы 1. Шаруашылық серiктестiгi: 1) шаруашылық серiктестiгiнiң құрылған мерзiмi өткен соң; 2) құрылғанда алдына қойған мақсатына жеткеннен соң; 3) қатысушылардың арасындағы келісім бойынша;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание I-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер2-бап. Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары3-бап. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар4-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу5-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкi6-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталы7-бап. Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi8-бап. Шаруашылық серiктестiгiн басқару8-1-бап. Шаруашылық серіктестіктерінің ақпарат беруі8-2-бап. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы құжаттар9-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң тоқтатылуы II-БӨЛIМ. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРIКТЕСТIКТЕРIНIҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIНIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРII-ТАРАУ. ТОЛЫҚ СЕРIКТЕСТIК10-бап. Толық серiктестiк ұғымы11-бап. Толық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi12-бап. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарының мазмұны13-бап. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталы. Қатысушылардың толық серiктестiк мүлкiндегi үлесi14-бап. Толық серiктестiктiң iсiн жүргiзу15-бап. Толық серiктестiкке қатысушылардың құрамын өзгерту16-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуы17-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуының салдары18-бап. Толық серiктестiкке қатысушы үлесiнiң (үлесiнiң бiр бөлiгiнiң) ауысуы19-бап. Қатысушыны толық серiктестiктен шығару20-бап. Қатысушының толық серiктестiктегi үлесiнен өндiрiп алуды қолдану21-бап. Толық серiктестiкке қатысушыны хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танудың салдары22-бап. Толық серiктестiкке жаңа қатысушыларды қабылдау23-бап. Толық серiктестiктiң пайдасы мен шығынын бөлу24-бап. Қатысушылардың толық серiктестiктiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi25-бап. Толық серiктестiктi тоқтатудың ерекшелiктерi II-ТАРАУ. СЕНIМ СЕРIКТЕСТIГI26-бап. Сенiм серiктестiгiнiң ұғымы27-бап. Сенiм серiктестiгi салымшыларының құқықтары мен мiндеттерi28-бап. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi29-бап. Сенiм серiктестiгi құрылтай құжаттарының мазмұны30-бап. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқару31-бап. Сенiм серiктестiгi салымшыларының құрамын өзгерту32-бап. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнен шығуының салдары33-бап. Сенiм серiктестiгiне жаңа қатысушылар қабылдау34-бап. Сенiм серiктестiгiнiң пайдасы мен шығынын бөлу35-бап. Қатысушылардың сенiм серiктестiгiнiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi36-бап. Сенiм серiктестiгiн тоқтатудың ерекшелiктерi62-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi |