|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат): 1) 59-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «тәуелсіз сарапшы» деген сөздер «бағалаушы» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 82-бапта: бірінші сөйлемдегі «серiктестiктің қатысушымен келiсiмiнде белгiленген бағамен» деген сөздер «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші сөйлем алып тасталсын; 3) 291-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер борышкер мен кредитор арасындағы нотариат куәландырған шартта міндеттемені орындау тәсілі ретінде нотариус депозитіне ақша орналастыру көзделген болса, борышкер міндеттемелерін орындау үшін өзінен алынатын ақшаны депозит шарттарында нотариустың атына орналастыруға да құқылы.»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Борышкердің ақшаны және бағалы қағаздарды нотариустың атына орналастыру, оларды кредиторға беру шарттары, сондай-ақ депозит пен сақтаудың басқа да шарттары Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасында белгіленеді.»; 4) 328-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «кепілге алу арқылы» деген сөздерден кейін «бір жылдан аспайтын мерзімге» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт кепіл затының өткізілуіне байланысты тоқтатылады.». 2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат): 2-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді 1) 740-баптың 1-тармағының бірінші және төртінші бөліктеріндегі «сот санкциялаған» деген сөздер «прокурор санкциялаған» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1051-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Құпия өсиет жасаған адамның қайтыс болуы туралы куәлік ұсынылған кезде нотариус қайтыс болу туралы куәлік ұсынылған күннен бастап он күннен кешіктірмей өсиеті бар конвертті кемінде екі куәнің және заң бойынша мұрагерлер арасынан оған қатысуға ниет білдірген мүдделі адамдардың қатысуымен ашады. Конвертті ашқаннан кейін нотариус ондағы өсиеттің мәтінін бірден жариялайды, одан кейін нотариус өсиеті бар конверттің ашылғанын куәландыратын және өсиеттің толық мәтінін қамтитын хаттама жасайды және куәлармен бірге оған қол қояды. Өсиеттің төлнұсқасы нотариуста сақталады. Мұрагерлерге хаттаманың нотариат куәландырған көшірмесі беріледі.»; 3) 1068-баптың 2-тармағындағы «Заң бойынша осы Кодекстiң 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетілген мұрагерлер тобына кірмейтін, бірақ мұраның ашылу күніне дейін еңбекке жарамсыз болып табылған және мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болған және онымен бірге тұрған» деген сөздер «Осы Кодекстің 1061, 1062, 1063, 1064-баптарында аталған мұрагерлер тобына кірмейтін, бірақ мұраның ашылу күніне еңбекке жарамсыз болып табылған және мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін кемінде бір жыл оның асырауында болған және онымен бірге тұрған заң бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 1073-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Мұраға құқық туралы куәлiкті беру бойға біткен, бiрақ әлi туылмаған мұрагер болған кезде ол туылғанға дейін тоқтатыла тұрады.». 3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат): 1) мазмұнында 88-баптың тақырыбындағы «алып қою» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығару» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 9-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі «алып қойылған» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығарылған» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 15-баптың 1-тармағының 5-2) тармақшасындағы «сатып алу» деген сөздер «иеліктен шығару» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 84-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн айрықша жағдайларда, меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен мүлiктің тең құны өтелген кезде не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шығарылуы мүмкін.»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Айрықша жағдайлар деп мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың өзге тәсiлінің болмауы түсініледі.»; 2-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жер учаскелері айрықша жағдайларда мәжбүрлеп иеліктен шығарылған кезде:»; 5) тармақшадағы «ерекше жағдайлар» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы (мемлекеттен сатып алынған немесе сатып алынбаған жер пайдалану құқығымен) жер учаскесіне қатысты жүзеге асырылады. Жер пайдалануға берілген жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару, егер жер пайдаланушы берiлген құқықты мемлекеттен сатып алған болса, жер пайдалану құқығын сатып алғаны үшін төлемақы құны жер пайдаланушыға өтеле отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ оның қалауы бойынша осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жер учаскесі берілуі мүмкін. Егер жер пайдаланушы берілген құқықты мемлекеттен сатып алмаған болса, оған осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орнына басқа жер учаскесі берілуі мүмкін. Бұл ретте жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарылған кезде жер пайдаланушыға шығынды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен толық көлемде жүзеге асырылады.»; 6-тармақтың екінші бөлігі «тиісінше» деген сөздің алдынан «атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 85-баптың 3-тармағындағы «сатып алу» деген сөздер «иеліктен шығару» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 88-бапта: тақырыптағы «алып қою» деген сөздер «мәжбүрлеп иеліктен шығару» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы «алып қойылатын жер учаскесінің құны немесе басқа шарттар туралы» деген сөздер «жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт талаптары бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 94-баптың 2-1-тармағындағы «алып қойылуына байланысты» деген сөздер алып тасталсын. 4. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат): 1) 66-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Балаларды күтіп-бағуға арналған алименттерді нысаналы пайдалану және оларға өндіріп алуды қолдану мүмкіндігін болғызбау үшін алименттерді алушының немесе оның өкілінің талабы бойынша Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен алименттерді есепке жатқызу үшін банктік шот ашылады.»; 2) 273-баптың бірінші бөлігіндегі «жақын туыстарына» деген сөздерден кейін «, басқа адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын. 5. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат): 1) мазмұнында: 235-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «235-бап. Ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау»; 236-баптың тақырыбындағы «, өсімпұлдарды, пайыздарды» деген сөздер алып тасталсын; 393-баптың тақырыбы алып тасталсын; 2) 3-бапта: 3) тармақтағы «245-бапта - елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы» деген сөздер «245-бапта - жетпіс бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы» деген сөздермен ауыстырылсын; 38) тармақта: «235-бапта - ұлттық валютада және шетел валютасында қайтарылмаған қаражаттың он бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы» деген сөздер «235-бапта - қырық бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, ұлттық валютада және (немесе) шетел валютасында қайтарылмаған қаражат сомасы» деген сөздермен ауыстырылсын; «244, 245-баптарда - бюджетке түспеген төлемдердің жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы» деген сөздер «244-бапта - жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы; 245-бапта - елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, бюджетке түспеген төлемдер сомасы» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 10-баптың үшінші бөлігіндегі «болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке», «қамаққа алу» деген сөздер тиісінше «жеке адамға, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке болмашы зиян келтірген не», «қамаққа алу, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 40-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «алу қолданылуы мүмкін.» деген сөздер «алу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу қолданылуы мүмкiн.»; 5) 48-баптың екінші бөлігінің 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5) осы бөліктің 1), 2), 3) және 4) тармақтарында көрсетілген, сотталған адам басқа тұлғалардың меншігіне берген ақша және өзге де мүлік жатады.»; 6) 51-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу - қосымша жаза түрі ретінде, ал қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін негізгі де, қосымша да жаза түрі ретінде тағайындалуы мүмкін. Сот осы жаза түрін қосымша жаза ретінде тағайындаған кезде бұл негізгі жаза түрі өтелгеннен кейін немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 161-бабы бірінші бөлігінің 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша оны одан әрі өтеуден босатылғаннан кейін, ал шартты түрде соттау қолданылған жағдайларда үкім заң күшіне енген кезден бастап орындалады.»; 7) 63-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Пробациялық бақылау сот қосымша жаза түрі ретінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді тағайындаған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам шартты түрде сотталған кезде белгіленбейді.»; 8) 72-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Пробациялық бақылау сот қосымша жаза түрі ретінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді тағайындаған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған кезде белгіленбейді.»; 9) 188-бапта: екінші бөліктің 2) тармағы алып тасталсын; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мынадай: 1) ірi мөлшерде; 2) бірнеше рет жасалған ұрлық - мүлкi тәркiленiп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 10) 189-бапта: екінші бөліктің 2) тармағы алып тасталсын; үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын: «3) бірнеше рет жасалса -»; 11) 190-бапта: екінші бөліктің 2) тармағы алып тасталсын; үшінші бөліктің 3) тармағындағы «қатысты жасалған алаяқтық -» деген сөздер «қатысты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақпен толықтырылсын: «4) бірнеше рет жасалған алаяқтық -»; 12) 234-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «немесе анық емес» деген сөздер «немесе көрінеу анық емес» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 235-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «235-бап. Ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау»; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның немесе дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес міндетті есепке жатқызылуға тиіс, ұлттық валютадағы және (немесе) шетел валютасындағы ірі мөлшердегі қаражатты шетелден банктегі шотқа қайтармауы арқылы ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау -»; мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: «Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес міндетті есепке жатқызылуға тиіс қаражатты банктегі шотқа қайтарған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»; 14) 236-бапта: тақырыптағы «, өсімпұлдарды, пайыздарды» деген сөздер алып тасталсын; бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «, өсімпұлдарды, пайыздарды» деген сөздер алып тасталсын; 15) 241-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: «Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»; 16) 243-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: «Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»; 17) 244-баптың ескертуіндегі «алғаш рет» деген сөздер алып тасталсын; 18) 245-баптың ескертуіндегі «алғаш рет» деген сөздер алып тасталсын; 19) 393-бап алып тасталсын; 20) 467-баптың 1-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Осы Кодекстің 45-бабының ережелері әскери қызметшілерге қатысты және осы Кодекстің 41-бабы алтыншы бөлігінің 1) тармағында, 42-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында және 43-бабы 2-1-бөлігінің 1) тармағында көзделген жағдайларда - 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал қосымша жаза түрі ретінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу тағайындалған адамдарға қатысты 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады деп белгілей отырып, оның қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.». 6. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар): 1) 120-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Құжаттар iске қосып тігіледі және оны сақтаудың бүкiл мерзiмi ішінде сонда сақталады. Алып қойылған және iске қосып тігілген құжаттар ағымдағы есепке алу, есептілік үшiн және заңды иесiнің өтінішхаты бойынша өзге де құқыққа сыйымды мақсаттарда талап етiлген жағдайда, олар оған қайтарылуы немесе уақытша пайдалануға, оның ішінде электрондық жеткізгіштерден берілуі, егер бұл iс үшiн залалсыз болатын болса, не олардың көшiрмелерi, қажет болған кезде нотариус куәландырған көшірмелері берiп жіберілуі мүмкiн. Берілетін құжаттардың көшірмесін жасауға, нотариустың олардың көшірмелерінің дұрыстығын куәландыруға байланысты шығыстар өтінішхат бастамашысының есебінен жүзеге асырылады. Қылмыстық іс үшін маңызы жоқ құжаттар заңды иесіне қайтарылады.»; 2) 187-баптың 4-1-бөлігінің екінші абзацындағы «(екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiгiнiң 1) тармағында, төртiншi бөлiгiнде), 190 (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiгiнiң 1) және 3) тармақтарында, төртiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «(екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiгiнiң 1) және 3) тармақтарында, төртiншi бөлiгiнде), 190 (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiгiнiң 1), 3) және 4) тармақтарында, төртiншi бөлiгiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 191-баптың он алтыншы бөлігіндегі «393,» деген цифрлар алып тасталсын; 4) 299-баптың үшінші бөлігінде: 3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес ықтимал тәркіленуге жататын мүлік туралы мәліметтер;»; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын: «3-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес мүліктің ықтимал тәркіленуге жататындығын растайтын дәлелдемелердің тізбесі;»; 5) 301-баптың бірінші бөлігінде: бірінші абзацтағы «1.» деген цифр алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақпен толықтырылсын: «8-1) күдіктінің, айыпталушының мүлкі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда ықтимал тәркілеу үшін негіз болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылықпен байланысты-байланысты емес екенін және осы мүліктің тәркілеу нысанасына жататындығына дәлелдемелердің ұсынылғанын-ұсынылмағанын;»; 6) 390-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) тармақпен толықтырылсын: «7-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес мүліктің тәркіленуге жататындығы дәлелденгенін-дәлелденбегенін;»; 7) 397-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Сот мүлікті тәркілеуді тағайындаған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген, нақты мүлікті тәркілеу нысанасына жатқызған негіздерді және осы мүлікке қатысты осындай түйіндерге негіз болған дәлелдемелерді көрсетуге тиіс.»; 8) 398-баптың бірінші бөлігінің 4) тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |