|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат: № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат): 1) 40-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Заңды тұлғаның құрылтайшылары, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы заңды тұлғаның құрылтайшылары болып табылмайтын оның басқа қатысушыларынан қандай да бiр артықшылықтарға ие бола алмайды.»; 1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметiн жарғысы және құрылтай шарты негiзiнде, немесе егер заңды тұлғаны бiр тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) негiзiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға ұйымдардың осы түрi жөніндегі жалпы ережелер негiзiнде iс-әрекет жасай алады.»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Жалғыз құрылтайшының шешiмi заңды тұлғаны тiркеу жөніндегі iс-әрекеттi жүзеге асыратын тұлғаны тағайындау, мүлiктердi меншiкке беру (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) шарттары туралы шешiмдi және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де шешiмдердi қамтуға тиiс. Жалғыз құрылтайшының - заңды тұлғаның шешiмiн Қазақстан Республикасының заңдарына және осы заңды тұлғаның жарғысына сәйкес оның осындай шешiм қабылдауға құқығы бар органдары, лауазымды адамдары немесе қызметкерлерi қабылдайды.»; 1) тармақшадағы «акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған» деген сөздер алып тасталсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) шаруашылық серiктестiктеріндегі қатысушылардың құрамы өзгергенде (жүз және одан да көп қатысушысы бар шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс.»; 4) 58-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9. Акционерлер саны жүз және одан да көп акционерлік қоғам шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнен үзiндi көшiрме қатысушылар саны жүз және одан да көп акционерлік қоғамнан қайта құрылған шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына үлес құқығын растайтын құжат болып табылады. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың тiзiлiмiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi.»; 5) 77-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны шектелмейдi.»; 7) 87 және 88-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «87-бап. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары 1. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған мәлiметтер болуға тиiс. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары нотариаттық куәландырылуға жатады. 2. Құрылтай шартының күшi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап тоқтатылады. 3. Акционерлік қоғамның жарғысын бекіту тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi. 88-бап. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының мөлшерi және оны қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ оны ұлғайту мен азайту тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.»; 8) 89 және 90-баптар алып тасталсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу және оларды орналастыру Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес айқындалады.»; 3-тармақтағы «қоғамның белгiлi бiр мүлкiнiң» деген сөздер «мүлiк» деген сөзбен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «эмиссиясының (шығару шарттары)»деген сөздер «шығарылымы» деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Акционерлік қоғам қоғамның мынадай акциялары бойынша: 1) өз капиталының терiс мөлшерi кезiнде немесе, егер қоғамның өз капиталының мөлшерi дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде терiс болса; 2) егер ол Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сәйкес келсе не аталған белгiлер қоғамда дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде пайда болса дивидендтер төлеуге құқылы емес. Қазақстан Республикасының заң актілерімен акционерлік қоғамдарға акциялар бойынша дивидендтер төлеуге тыйым салатын өзге де негiздер көзделуi мүмкiн.»; 4-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген жағдайларда, бiр акционерi бар акционерлік қоғамда қоғамның жарғысымен директорлар кеңесiн құрмай-ақ акционерлік қоғамды басқару мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн.»; 5-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі»(және)»деген сөз алып тасталсын; 6-тармақтың бiрiншi бөлiгi алып тасталсын; 8-тармақ алып тасталсын; 11) 93-баптың 2-тармағындағы «жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк» деген сөздер «шаруашылық серiктестiгi» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 94-баптың 1-тармағындағы»(шығарылған жарғылық капиталының)»деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақтағы «шығарылған», «шығарылған (төленген)»деген сөздер алып тасталсын; 4-тармақтағы «шығарылған (төленген)»деген сөздер алып тасталсын; 14) 110-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Заңды тұлғалардың қаржы рыногында қызметтi жүзеге асыратын қауымдастығын (одақтарын) құру және оларға қатысу ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi.»; 15) 129 және 130-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «129-бап. Бағалы қағаздар 1. Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы. 2. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған өзге де түрлерi жатады. 3. Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша: 1) құжатты және құжатсыз; 2) эмиссиялық және эмиссиялық емес; 3) атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi. Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткізушi) шығарылған бағалы қағаздар. Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар. Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар. Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн бағалы қағаздар. Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз. Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз. Ордерлiк бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар осы Кодекстiң 132-бабының 3-тармағында көзделген тәртiппен берiлген жағдайда, басқа тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз. 4. Осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен бағалы қағаздардың белгiлi бiр түрiн қайсыбiр нысанда шығару мүмкiндiгiне жол берiлмеуi мүмкiн. 130-бап. Бағалы қағазға құқықтарды растау 1. Бағалы қағаздың өзi құжатты бағалы қағазға құқықты растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына сақтауға берiлген жағдайда, оның есебiн жүргiзу мақсатында осы кәсiби қатысушы ашқан шоттан алынған үзiндi көшiрме оған берiлген лицензияға сәйкес уәкiлеттiнiң осы бағалы қағазды осылай сақтауға құқығын растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаз бен аталған шоттан берiлген үзiндi көшiрменiң арасында алшақтық болған кезде үзiндi көшiрмеге басымдық берiледi. 2. Бағалы қағаздар рыногының өзiне берiлген лицензияға сәйкес бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеуге уәкiлеттi кәсiби қатысушысындағы бағалы қағаздың есебiн жүргiзу мақсатында ашылған шоттан үзiндi көшiрме құжатсыз бағалы қағазға құқықты растау болып табылады. 3. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының бағалы қағаздардың есебiн жүргiзуге арналған шоттарды ашу және жүргiзу тәртібі, сондай-ақ осындай шоттардан берiлетiн үзiндi көшiрменiң мазмұны мен ресiмделуiне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.»; 2-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар беру және солар бойынша құқықтарды растау ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.»; 18) 136-бап мынадай редакцияда жазылсын: «136-бап. Облигация 1. Облигация - шығару кезiнде айналыс мерзiмi алдын ала белгiленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзiмiнiң аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүлiктiк балама түрдегi нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. 2. Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, жергiлiктi атқарушы органдар, коммерциялық ұйымдар облигациялар шығаруға құқылы. 4. Облигациялардың түрлерi және оларды шығару тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.»; 19) 139-бап мынадай редакцияда жазылсын: «139-бап. Акция 1. Акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд және акционерлік қоғам таратылған жағдайда оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз. 2. Акциялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады. 3. Акциялардың түрлерi және санаттары Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi. Акцияларды шығару тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi. 4. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтер төлеудi жүзеге асырмайды. 5. Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзiнiң әрекетiмен немесе әрекетсiздiгiмен акционерлік қоғамның мүддесiн бұзған акционерден акцияларды сот шешiмi бойынша сатып алу мүмкiндiгi көзделуі мүмкiн. Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген тәртiппен есептелетiн меншiктi капиталдың тepic мөлшерi болған жағдайда, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкiндiгi мен негiздемесi көзделуi мүмкiн.»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Биржалық мәмiлелер - нысаны биржадағы айналысқа жiберiлген мүлiк болып табылатын және тиiстi биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының заңдары мен биржалық сауда ережелерiне сәйкес онымен сауда-саттық жүргiзуге қатысатындармен жасалатын мәмiлелер. 2. Биржалық мәмiлелер осы мәмiлелердiң жасалғандығын растау үшiн биржа беретiн құжаттармен ресiмделедi.»; 4-тармақтағы «биржалық жарғыларда» деген сөздер «биржалық сауда ережелерiнде» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат): 1) 886-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе көрсетiлген шартта өзгеше белгiленбесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының қолданылу кезеңiнде сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы сенiмгерлiкпен басқарылатын мүлiкке қатысты қандай да болсын iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы емес.»; 2) 892-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқарушы туралы мәлiметтер бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашқан сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының шоты бойынша көрсетiлуге жатады.»; «4. Бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқарудың ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.». 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат): 1) 191-бап мынадай редакцияда жазылсын: «191-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзу Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуге арналған құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзуы - эмитенттiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 2) 193-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн уәкiлеттi органға мәлiметтер табыс етпеуi не дұрыс емес мәлiметтер табыс етуi, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекітуi, бағалы қағаздар рыногында қызметiн жүзеге асыруға лицензияны (рұқсатты), өзiнiң қызметi туралы есептiлiктi алуы, сол сияқты уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамауы -"; 3) 196-баптың бiрiншi абзацындағы «эмитентiнiң немесе» деген сөздер алып тасталсын; 4) 197-баптың тақырыбындағы және мәтiніндегі «шығару және» деген сөздер алып тасталсын. 4. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексiне (Салық кодексiне) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат): 1) 49-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару арқылы жүргiзiледi.»; 2) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын: «55-бап. Салық төлеушiнiң (акционерлік қоғамның) жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару Осы Кодекстiң 49-бабының 1)-4) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейiн салық төлеушi (акционерлік қоғам) салық берешегi сомаларын өтемеген жағдайда, салық органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сотқа талап арызбен жүгiнуге құқылы.»; 3) 93-баптың 2-тармағында», тексеру комиссиясының» деген сөздер алып тасталсын; «акционерлер жиналысын» деген сөздер «акционерлердiң жалпы жиналысын» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серiктестiктерi туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат): 1) 1-бапта: 2-тармақтағы «және акционерлік қоғам» деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қызметi серiктестiкке қатысушы болып табылмайтын тұлғалардың (банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, инвестициялық және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) ақшасы мен басқа мүлiктерiн тартуға негiзделген ұйымдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шаруашылық серiктестiгi нысанында құрылады.»; 4-тармақтағы «акционерлік қоғамға» деген сөздер алып тасталсын; 5-тармақтағы «пен акционерлік қоғамды», «немесе қоғам акцияларының» деген сөздер алып тасталсын; 3) 4-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгіндегі «Акционерлік қоғамдарды қоспағанда,»деген сөздер алып тасталсын және «серiктестiк» деген сөз «серiктестiктi» деген сөзбен ауыстырылсын; 4) 7-баптың 2-тармағындағы «ал акционерлік қоғамда акциялардың санымен» деген сөздер алып тасталсын; 5) 25-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы «немесе акционерлік қоғам» деген сөздер алып тасталсын. 6. Қазақстан Республикасы Президентінің «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 жылғы 16 сәуiрде «Егемен Қазақстан» және 12 сәуiрде «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актерлерiне мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына ): 1-баптың қырқыншы абзацындағы «жабық» деген сөз алып тасталсын. 7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат): 1) 8-баптың 2-тармағының а) тармақшасындағы «шығарылған» деген сөз «орналастырылған» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтағы «жабық» деген сөз алып тасталсын; 2-тармақ алып тасталсын; 3-тармақтағы «ол ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылғаннан кейiн» деген сөздер алып тасталсын; 3) 14-баптың 2-тармағының үшiншi абзацындағы «нақты бағалары» деген сөздер «орналастыру бағалары» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармағындағы «олардың нақты құнынан төмендетiлмей және барлық құрылтайшылар (акционерлер) үшiн бiрыңғай бағамен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.»деген сөздер «барлық құрылтайшылар (акционерлер) үшiн бiрыңғай орналастыру бағасымен жүргiзiледi.»деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы», құрылтай құжаттарында жарияланған,»деген сөздер алып тасталсын; 5) 22-баптың 1-тармағының а) тармақшасындағы «жарияланған жалпы», «жарияланған» деген сөздер алып тасталсын; 6) 26-баптың 2-тармағының б) тармақшасындағы «жарияланған» деген сөз алып тасталсын; 2-тармақтың и) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «и) сенiм операциялары: сенiм бiлдiрiлген адамның мүддесi үшiн және оның тапсыруымен ақшаны және тазартылған бағалы металдарды басқару;"; 4-тармақ мынадай мазмұндағы «б-1) тармақшамен толықтырылсын: «б-1) бағалы қағаздарды басқару;"; бiрiншi бөлiгіндегі»(жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда акционерлердiң жалпы жиналысы)»деген сөздер алып тасталсын; ж) тармақшасындағы»(жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда акционердiң жалпы жиналысы)»деген сөздер алып тасталсын; 9) 34-баптың 2-тармағындағы»(жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда - акционерлердiң жалпы жиналысы)»деген сөздер алып тасталсын; 10) 40-баптың 7-тармағының бiрiншi бөлiгіндегі»(жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда - акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша)»деген сөздер алып тасталсын; 11) 49-баптың 2-тармағының в) тармақшасындағы «жарияланған» деген сөз алып тасталсын; 12) 54-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгіндегі»(жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда - акционерлердiң жалпы жиналысы)»деген сөздер алып тасталсын. 8. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендiру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 189-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 21, 396-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат): 1) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Шығарылымы тиiстi тәртiппен тiркелмеген акцияларды сатуға жол берiлмейдi.»; 2) 12-баптың 2-тармағындағы «жабық үлгiдегi акционерлік қоғамды ашық үлгідегi акционерлік қоғамға өзгерту,»деген сөздер алып тасталсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға) өткізу не сенiм бiлдiрiлген басқарушыға кейiннен сатып алу құқығымен беру;"; 6-тармақ алып тасталсын. 9. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат): 1-баптың 27-1) тармағындағы «жабық» деген сөз алып тасталсын. 10. «Валюталық реттеу туралы» 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 20-21, 404-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; 1999 ж., № 20, 722-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат): 11-баптың 3-тармағындағы «номинал құны ұлттық немесе шетел валютасымен көрсетiлген» деген сөздер алып тасталсын. 11. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 52-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 15-16, 238-құжат): 1) 2-бапта: мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын: «1) агенттiк облигация - уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қаржы агенттiгi шығарған облигация;"; екiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, он бiрiншi, он екiншi, он бесiншi, он алтыншы, он жетiншi, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма екiншi, жиырма үшiншi, жиырма төртiншi, жиырма бесiншi, жиырма жетiншi, жиырма сегiзiншi, жиырма тоғызыншы, отызыншы абзацтар тиiсiнше 2), 4), 5), 6), 7), 8), 10), 11), 14), 15), 16), 18), 19), 21), 22), 23), 24), 26), 27), 28), 29) тармақшалар болып есептелсiн;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |