Мыналарды қамтитын Бюджеттің атқарылу және оларға кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы: - міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасау және жүргізу тәртібі; - қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі; - бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі; - бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу тәртібі; - бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарынан шетелдік валютаны қайта айырбастау тәртібі; - бюджеттен артық (қате) төленген түсімдер сомаларын қайтару және (немесе) есепке алу тәртібі және артық (қате) төленген түсімдер сомаларына бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке алуға арналған қорытындылар нысандарын айқындау; - мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыру тәртібі; - азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдер жүргізу мен ақша аудару үшін мемлекеттік мекемелердің құжаттарын қабылдауды тоқтата тұру тәртібі мен мерзімі; - төлемдер мен ақша аударуды шетелдік валютада жүзеге асыру тәртібі; - төлемдер мен ақша аударуды ұлттық валютада жүзеге асыру тәртібі; - Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібі; - бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібі; - бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібі; - инкассалық өкімдерді орындау тәртібі; - мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден өз билігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібі; - уақытша бос бюджеттік ақшаны орналастыру тәртібі; - жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігі; - нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім әзірлеу, нысаналы трансферттерді аудару, қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп жасау және беру тәртібі; - орынсыз пайдаланылған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомаларын оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтару тәртібі; - кепілді трансфертті Ұлттық қордан республикалық бюджетке тарту тәртібі; - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілген кепілді трансферт сомасының өткен қаржы жылында республикалық бюджетке аударылмаған сомасын ағымдағы қаржы жылында пайдалану тәртібі; - активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібі; - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп беру тәртібі мен нысандары; - қарыз алушының кредиттік қабілеті өлшемдерін айқындау тәртібі; - бюджеттік кредиттер беру тәртібі, оның ішінде оларды беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесі; - бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне өндіріп алынған мүлікті сату және (немесе) мемлекет меншігіне айналдыру тәртібі; - бюджеттік кредиттің мақсатты пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуының қамтамасыз етілген болуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі; - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу тәртібі; - берілген мемлекеттік кепілдіктерді және мемлекет кепілдік беретін қарыздарды, мемлекет кепілгерлігін және мемлекеттің кепілгерлігімен тартылған қарызды бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда тіркеу және есепке алу тәртібі; - мемлекет кепілдік берген қарызды алған қарыз алушының қаржылық жай-күйін мониторингілеу тәртібі; - жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсету тәртібі; - концессиялық жобаларды бюджеттен бірлесіп қаржыландыру тәртібі; - концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындарға өтемақы ұсыну тәртібі; - бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органда концессиялық міндеттемелерді тіркеу және есепке алу тәртібі; - концессиялық міндеттемелерге мониторингті жүзеге асыру тәртібі; - байланыссыз гранттарды тарту, пайдалану, мониторингілеу және пайдаланылуын бағалау тәртібі; - бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық мемлекеттік орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табыстылықтың орташа алынған ставкасын айқындау тәртібі; - мемлекеттік борыш тәуекелін, мемлекет кепілгерліктері бойынша борышты, мемлекет кепілгерлігі берілген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару тәртібі; - Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету, олар шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында сатып алу тәртібі; - мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу тәртібі; - мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібі; - кепілгерлік бойынша борышты мониторингілеуді жүзеге асыру тәртібі; - мемлекет кепілдік берген қарыз және мемлекеттің кепілгерлігімен тартылған қарыз қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі; - бюджеттік кредит берген кезде мамандандырылған ұйымдарды іріктеу тәртібі; - қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей республикалық бюджеттен кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу тәртібі мен өлшемдері; - жергілікті атқарушы органның республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі нарығына арналған айналым үшін бағалы қағаздарды шығару тәртібі, олардың шарты, көлемі мен нысаналы мақсаты |