2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 101-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Агроөнеркәсіптік кешен, орман және су шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 7184343 мың теңге (жеті миллиард бір жүз сексен төрт миллион үш жүз қырық үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін қалыптастыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1627 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агроөнеркәсіптік кешен, орман, су және балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: реттеуші салада стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік және әдістемелік құжаттарды, құжаттардың түрлерін әзірлеу және бекіту, қалыптастыру және іске асыру; мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру; бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарын өндіруді құрудың негізін жасау; Қазақстан Республикасында азық-түліктік қауіпсіздікті және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; реттелетін салада мемлекеттік бақылауды, қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету; агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық-кеңестік қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: агроөнеркәсіптік кешен, орман және су шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру - 745 адам, сонымен қатар аумақтық органдарда - 125 адам, мемлекеттік тілді оқыту - 515 адам, сонымен қатар аумақтық органдарда - 435 адам. Түпкілікті нәтиже: бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өндірісін жасау, еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін көтеруге жұмсалатын орташа шығын - 32 639 мың теңге. бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 47 216 мың теңге. Уақыттылығы: жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау және жасасқан шарттарға сәйкес жыл бойы. Сапасы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге жету үшін белгіленген мерзімді ескере отырып іс-шараларды толық көлемде 100% сапалы орындау; кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 102-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Жердің мелиоративтік жай-күйін сақтау және жақсарту» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 175929 мың теңге (бір жүз жетпіс бес миллион тоғыз жүз жиырма тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 95, 135-баптары; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: суармалы жерлерге және жерді суландыру және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы объектілеріне, жерді қалпына келтіру мен су ресурстарын басқару жобасына мониторинг, Қазақстан Республикасының суармалы жерлерінің мелиориативтік жай-күйін бағалау, гидромелиоративтік және су шаруашылығына бағытталған жобалау-іздестіру жұмыстарына әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жалпы алаңы 1621900 гектар жерге жүргізілген іс шаралар кешенінің нәтижесінде суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйі туралы ақпарат алынады, инженерлік дайын суармалы жерлерге мелиоративтік іс-шаралардың орындалуы бойынша мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады, жердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту және сақтау жөніндегі нұсқаулар мен іс-шаралар әзірленеді. Су объектілерін қорғау және пайдалану саласында жобалау-іздестіру жұмыстарына нормативтік-әдістемелік құжаттар әзірлеу және бекіту. Мемлекеттік мекемелер жарақтандырылатын болады: Жетісу гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: 10 бірлік құрылғылар мен жабдықтармен; Оңтүстік-Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: топырақ өлшейтін 1 жиынтық құрылғымен; Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: 2 бірлік лабораториялық жабдықпен - (топырақ үлгілерін ұсақтағыш (ИИП-1), лазерлік центтрирмен электронды тахометр (ТС 403,3)), бағдарламалық қамтамасыз ету - 1С: Бухгалтерия. Түпкілікті нәтиже: жердің, суармалы судың ұтымды және тиімді пайдаланылуы, тұзданудың, сортаңданудың, суландыру эрозиясы дамуының және топырақ құнарлылығының төмендеуінің алдын алу; жобалау-іздестіру жұмыстарының тиімді және сапалы орындалуы, келісілген нормалармен және ережелермен қамтамасыз етілуі. Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 (бір) гектар суармалы жердің мелиоративтік жай-күйін бағалаудың орташа құны - 97,4 теңге/гектар. Бір нормативтік-әдістемелік құжаттың орташа құны - 0,5 миллион теңге. (Есеп материалдық-техникалық жарақтандыру шығындары есепке алынбай жүргізілген). Уақыттылығы: белгіленген мерзімде орындалған іс-шаралардың нәтижесін ұсыну. Сапасы: жерді пайдалану коэффициентінің жыл сайын ұлғаюымен инженерлік дайын жерлерді тиімді пайдалану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 103-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Өсімдіктерді қорғау» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3326913 мың теңге (үш миллиард үш жүз жиырма алты миллион тоғыз жүз он үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 20-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы;»«Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы;»«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 19 қаулысы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикада қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республика аумағында фитосанитариялық жағдайға жүйелі түрде бақылау жүргізу; ағымдағы жылы аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай дамуы мен таралуының ошақтарын толық анықтау; ауыл шаруашылығы дақылдары мен пайдаланатын жер үшін аса қауіпті зиянды организмдердің санын қауіпсіз (ЗЭШ - зияндылықтың экономикалық шегінен төмен) деңгейге дейін төмендету; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуының мейлінше анық болжамдарымен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 105,0 миллион гектар алаңда аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай дамуы мен таралу ошақтарын анықтау; 9,2 миллион гектар алаңда зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің пайда болуына, дамуына және таралуына жүйелі түрде зерттеу жүргізу; Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығын: 26 бірлік - автокөлік құралдарымен, 78 бірлік - лабораториялық жабдықтармен, 106 бірлік - ұйымдастыру техникасымен, 26 жинақтама - кеңселік жиһаздармен, 176 бірлік - шегіртке тәрізділерді табуға арналған аспаптармен, 174 бірлік - палаткамен, 199 бірлік - сейфпен, 100 бірлік - цифрлы фотоаппаратпен, 100 бірлік - энтомологиялық сөмкемен жарақтандыру. 3,0 - 3,5 миллион гектар алаңда аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу. Түпкілікті нәтиже: ерекше қауіпті зиянды организмдердің қоныстанғаны анықталған алаңдармен салыстырғандағы химиялық өңдеулермен қамту алаңдарының пайызы: ерекше қауіпті зиянкестер бойынша - 100%; бидайдың аурулары (тат және септориоз) бойынша - 42%. 3,0 - 3,5 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарының ерекше қауіпті зиянды организмдерінің санын қауіпсіз (ЗЭШ - зияндылықтың экономикалық шегінен төмен) деңгейге дейін азайту; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуының мейлінше анық болжамдармен қамтамасыз ету. Қаржылық-экономикалық нәтиже: зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің пайда болуына, дамуына және таралуына жүйелі түрде бақылау және зертеу жүргізудің 1 гектар жалпы шығыны - 9,89 теңге; ауыл шаруашылығы дақылдарының және алқаптардың 1 гектар ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы іс-шаралар жүргізуге жалпы шығыны - 868,0 теңге. Уақыттылығы: аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы оңтайлы мерзімде жүргізілген химиялық өңдеулердің пайызы - 100%. Сапасы: ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы жүргізілген химиялық өңдеулердің уақтылығы мен сапасына қанағаттанған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің пайызы - 80 % жоғары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №1224 қаулысына 104-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Өсімдіктер карантині» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 979604 мың теңге (тоғыз жүз жетпіс тоғыз миллион алты жүз төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 18-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы;»«Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы;»«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 19 қаулысы; «Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 773 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы. |