2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 125 шешімі
(2009.25.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009.06.02. № 153 шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.18.04. № 181 (бұр.ред.қара); 2009.15.07. № 206 (бұр.ред.қара); 2009.16.10. № 224 (бұр.ред.қара); 2009.25.11. № 230 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
1) кірістер 79 355 738,2 мың теңге;
оның ішінде:
салықтық түсімдері бойынша 28 351 912 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша 432 307 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша 50 571 519,2 мың теңге;
2) шығындар 79 977 642,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру -1 491 590,6 мың теңге;
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 788 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 2 279 590,6 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын
операциялар бойынша сальдо 1 038 500 мың теңге;
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 1 038 500 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы -168 813,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру 168 813,6 мың теңге.
2. 2009 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін:
1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласына 20 пайыз, Мұғалжарға 54 пайыз, Хромтауға 51 пайыз және қалған аудандарға 100 пайыздан;
2) әлеуметтік салық бойынша: Ақтөбе қаласына 20 пайыз, Мұғалжарға 54 пайыз, Хромтауға 51 пайыз және қалған аудандарға 100 пайыздан;