Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына тапсыру туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 19 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына тапсыру туралы хабарламаның. 2. Келесілердің күші жойылды деп танылсын: 1) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына ұсыну туралы хабарлама мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне қолма-қол ақшаны алу туралы акті нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы № 289 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3738 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 5 тамызда № 143 (877), 2005 жылғы 22 қыркүйекте № 174 (908) жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 7 мамырдағы № 281 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4679 болып тіркелген, «Юридическая газета» 2007 жылғы 15 маусымда № 90 (1293), «Официальная газета» 2007 жылғы 23 маусымда № 25 (339) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға таратылады.
Қаржы министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|