|
|
|
Біріккен Ұлттар Ұйымы Есірткі және қылмыс басқармасының жобалау құжаттарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қол қоюы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 198 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Біріккен Ұлттар Ұйымы Есірткі және қылмыс басқармасының мынадай жобалау құжаттары мақұлдансын: «Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын (ОАӨАҮО) құру». 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжановқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан көрсетілген жобалау құжаттарына қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА
Жобалы құжат Ш қайта қарау
Қысқаша сипаттама: Осы жоба жедел деректерді жинау және ақпаратты басқару бойынша ұлттық әлеуетті жақсартуға, сондай-ақ есірткіні бақылаумен айналысатын органдар арасында ақпаратпен алмасу, алу және тарату тетігін құруда көмек көрсетті. Жоба шеңберінде базалық оқытумен қатар арнайы құрал-жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз ету ұсынылды. Осы қайта қаралған жобалы құжат жобаны іске асырудың бастапқы мерзімін арттыруды көздейді; ол сондай-ақ Орталық Азия мен оған көрші өңірлерде болып жатқан жаңа өзгерістерді ескере отырып, іс-шараларды қалыптастырады. Қайта қаралған жобалы құжат жобаны іске асырудың географиялық ауқымын кеңейтетін және жоба қызметінің қол жеткізген нәтижелерін нығайтатын екі жаңа күтілетін нәтижені қамтиды. Бірінші өзгеріс жобаны іске асыруға Ауғанстан мен Әзірбайжанның қосылуын көздейді. Екінші өзгеріс жобаның алдыңғы фазаларын орындауға қатысқан мемлекеттерде жедел ақпаратты пайдалану жөніндегі қосымша құқық қорғау компоненттерін енгізу есебінен жобаның алдыңғы жетістіктерін нығайтуға мүмкіндік береді. Жоспарланған нәтижелер оқытылған және тәжірибелі талдау персоналы мен жедел қызмет қызметкерлерінің сабақтастығы мен сақталуын, сондай-ақ өңірдің құқық қорғау ведомстволарында орнатылған жабдықты кәсіби және тиісті пайдалануды қамтамасыз етеді. Қайта қаралған жоба деректерді/жедел мәліметтерді жинау саласында өңірдің құқық қорғау ведомстволарының дербес қызметінің берік іргетасын құруға, сондай-ақ деректерді таратуға және алмасуға ықпал ететін болады. Қайта қаралған жобалы құжат бекітілген AD/RER/F23 жобасын іске асырудың тұжырымдамалық тәсілін және тетігін осы құжатта көрсетілген жаңа ережелерді қоспағанда, өзгеріссіз қалдырады. Осы жоба шеңберіндегі іс-шараларды ЮНОДК арқылы донор елдер қаржыландырады.
Қол қойылды:
«Есірткілермен күрес саласындағы жедел және басқа ақпаратты жинау, талдау және айырбастау бойынша құқық қорғау жүйелері»
ІІІ Қайта қарау
МАЗМҰНЫ
І. Жобаның алғышарттары мен түпмәтіні II. Жетістіктері ІІІ. Жобалық құжатты қайта қарау негіздемесі IV. Жобалық құжаттың ережелеріндегі өзгерістердің сипаттамасы және қайта қарау стратегиясы V. Мақсаттар, күтілетін нәтижелер, іс-шаралар VI. Есептілік, мониторинг және жобаның бағасы VII. Үйлестіру және әріптестік тетігі VIII. Құқықтық түпмәтін Қосымша: Логикалық шеңберлік матрица Қосымша: Бюджет Қосымша: Жұмыс жоспары Қосымша: Жұмыс тапсырмалары Қосымша: БҚСК кірмейтін мемлекеттерге арналған стандарттық құқықтық мәтін Құжаттар әзірленді: ЮНОДК/
I. ЖОБАНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН ТҮПМӘТІНІ
Осы жобалы құжат Ауғанстаннан Ресей мен Еуропаға апиаттарды заңсыз тасымалдауға қарсы күрестегі «алдыңғы қатардағы» мемлекеттерге көмек көрсетуді қарастырады. Өңірдегі есірткінің заңсыз айналымы ахуалына шолу есірткіні алу мөлшерінің түбегейлі артуына, оның көлемі сияқты онымен байланысты істерді ашу санына қарамастан, құқық қорғау тетіктерін жетілдірудің маңызды мүмкіндіктері әлі де бар екенін көрсетеді. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес үшін ақпаратты/мәліметтерді жинау, қорыту және талдаудың жақсы жолға қойылған ақпаратты алмасу жүйесі, сондай-ақ құқық қорғау ведомстволары арасында ұлттық және өңірлік дәрежелерде өңделген ақпаратты алмасу жүйесі қажет. Бұл ретте ақпарат көздерінің қол жетімділігі есірткігі қарсы күрестің тиімділігі үшін қосымша қажетті жағдайдың бірі болып табылады. Осы уақытта аталған жоба шеңберінде көмек алушы мемлекеттерде жедел ақпараттың базалық жүйесі бар. Сонымен қатар бар ақпаратты және мәліметті жинау, сақтау, алмасу және талдау тетігі, ақпарат көздеріне қол жетімділігін қосқанда одан әрі жетілдіру үшін елеулі резерві бар. F23 жобасының оқу компонентін Еуропалық Кеңестің БОМКА\КАДАП\ПОЛИНТ есірткіге қарсы бағдарламасы қаржыландырады. 2006 жылғы 30 қыркүйек жобаның аяқталу күніне дейін күтілетін барлық нәтижелерге сәтті қол жеткізіледі деп көзделген. Алайда жобаны қаржыландыру оны іске асырудың соңғы сатысына дейін толық көлемде жүзеге асырылмағандықтан және айырбастау курсының өзгеруіне байланысты, жабдықтар бағасының арту салдарынан жоба барлық мәселелерді алғашқы бекітілген мерзімде орындай алған жоқ. Осыған байланысты 2005 жылы жобаның ұзақтығын 2006 жылға 31 желтоқсанға дейін арттыру және жаңа өзгерістерді ескере отырып, іс-шараларды белгілеу мақсатында қайта қарастырылған. Бірақ жобаның тікелей мақсаты бұрыңғыша қалды.
II. ЖЕТІСТІКТЕР
2005 жылға қайта қаралған құжатқа сәйкес жобаның іс-шаралары мынадай екі нәтижеге қол жеткізуге негізделген: 1-нәтиже: Ақпарат пен деректерді талдау және алмасудың толық және пәрменді жүйесін құру; 2-нәтиже: Ақпаратты жинау және алмасу жүйелерін басқару мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының мамандандырылған персоналын оқыту. Аталған нәтижелерге қол жетті және барлық тиісті іс-шаралар аяқталды. Жобаның жақын арадағы мақсаты іске асырылды, дәлірек айтқанда: Ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде есірткілерді бақылау жөніндегі органдардың арасында ақпарат алмасу, алу және талдау жүйесін құру арқылы ақпаратты басқару және деректерді жинау жөніндегі тиісті құқық қорғау құрылымдарының тиімділігі артты. Жоба барлық Орталық Азияның құқық қорғау органдарына жедел ақпарат жүйесін орнатуға, сондай-ақ аналитиктерді техникалық және жедел құқық қорғау аспектілері бойынша жедел ақпаратты өңдеуді үйретуге көмектесті. Тәжікстан мен Өзбекстан үшін құрал-жабдықпен жарақтау және оқыту жүргізу 2003 жылы басталды, Түрікменстанға, Қырғызстанға және Қазақстанға осындай көмек көрсету 2005 жылдың қараша айында басталды. Жедел ақпарат деректер базасының жүйелері жобаға қатысқан барлық мемлекеттерде жаңғыртылды. Қазіргі уақытта осы мемлекеттердің аналитикалық орталықтары құрал-жабдықтың және бағдарламалық қамсыздандырудың бірдей деңгейіне ие. Жоба шеңберінде сондай-ақ ұлттық және өңірлік деңгейлерде жедел ақпаратпен одан әрі тиімді электрондық алмасу үшін іргетас құрылған. Жобаның нақты жетістіктеріне қазіргі уақытта мыналар жатады: - Барлық орталықазиялық мемлекеттердің құқық қорғау ведомстволарына Tais Ontos бағдарламық қамсыздандыру, сондай-ақ қажетті ақпараттық-технологиялық және кеңселік құрал-жабдықтар жеткізілген және орнатылған; - Барлық орталықазиялық мемлекеттердің құқық қорғау ведомстволарында аналитикалық орталықтар құрылған, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша аналитиктер белгіленген және алынған; - Tais Ontos деректер базасын пайдалану бойынша техникалық оқыту орталықазияның бес мемлекетінде жүргізілді; - Орталықазиялық мемлекеттердің аналитиктері Швеция мен Австрияның құқық қорғау органдарынан жіберілген сарапшылар тобы көрсеткен қылмыстық жедел ақпаратты талдау саласында базалық оқытудан өтті. Бұл ретте Тәжікстанның есірткіні бақылау жөніндегі агенттігі аналитикалық орталағының қызметкерлері тереңдетіліп оқытылды; - Жедел ақпаратпен және мәліметтермен тез алмасу үшін электрондық пошталық тор мен енгізіліп, ішінара инстанцияланды; - Құпия құжатта қорғау үшін шифрланатын бағдарлама жеке ұсынылып, ішінара инстанцияланды; - Барлық орталықазия құқық қорғау ведомстволарында жедел ақпарат бойынша деректер базаларында Tais Ontos бағдарламалық қамсыздандырудың соңғы 5.11 нұсқасы инстанцияланды; - Tais Ontos бағдарламалық қамсыздандыру және техникалық құралдарды пайдалануды талқылау үшін, жедел ақпаратты талдау мәселелері бойынша оқытуды ұсынуға, сондай-ақ жедел талдауды орындауда кадрлық әлеуетті және кеңсе үй-жайларын белгілеу үшін құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен үйлестіру комитеттерінің бірнеше отырыстары ұйымдастырылған және өткізілген. Қорытындылай келе, жоба стандартты бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық-техникалық құрал-жабдықтар және барлық орталықазиялық мемлекеттерде тиісті оқумен жабдықтау міндетін табысты орындаған нәтиже дей аламыз. Жобаның қолдауымен орталықазияның есірткіге қарсы күрес жөніндегі негізгі құқық қорғау органдары аналитикалық бөліністерін құрды және оларды тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтады. Жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың арқасында, ақпаратты жинау және талдау сапасы мен көлемі артты. Деректерді жинау мен талдау, сондай-ақ ақпараттық алмасу бойынша стандарттар әзірленді, сондай-ақ ақпарат алмасу бойынша құқық қорғау жүйесінің жедел мүмкіндіктері нығайтылды.
ІІІ. ЖОБАНЫ ҚАЙТА ҚАРАУДЫҢ НЕГІЗІ
F23 Жобасы ЮНОДК AD/RER/Н22 - «Орталықазиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын (ОАӨАҮО) құру» жобасын толықтырады. F23 жобасы жедел ақпаратпен жұмыс бойынша қатысушы мемлекеттердің тиісті ұлттық бөліністерінің мүмкіндіктерін дамыту және күшейту арқылы олардың кейіннен дамуы және бірыңғай ұлттық ведомствоаралық ресурстық базасына біріктіру үшін ОАӨАҮО болашақтағы қызметін қолдауда басты рөл атқарады. Жобаны ұзарту ОАӨАҮО қызметінің негіздерін нығайтуға көмектеседі, өйткені ұлттық аналитикалық орталықтар құқық қорғау органдарының жедел құқық қорғау қызметін қолдауда басты институттар болады. Жедел (тәуекелді бағалау және бейіндеу сияқты) ақпаратты пайдалану негізінде тергеу әдістерін күшейту өңірдегі заңға қарсы әрекеттің дамуындағы тенденцияны жақсы түсінуге мүмкіндік береді және тиісінше есірткілердің заңсыз саудасына және осымен байланысты криминалдық құрылымдардың әрекеттеріне мемлекеттің ден қою мүмкіндіктерін арттырады. Ұлттық деңгейде алынған жедел ақпаратпен ОАӨАҮО-ны қамтамасыз ету мақсатында ұлттық ведомстволар арасында ақпарат алмасуды және талдауды институционализациялау үшін одан әрі нығайту қажет. F23 жобасының қызметіне Ауғанстан мен Әзірбайжанның қосылу стратегиялық маңызға ие болады. Деректер мен ақпарат алмасуға стандартты тәсілді қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір мемлекеттің ішінде құқық қорғау органдарының арасында болсын, өңірлер шеңберінде болсын негізгі ақпартты жинау мен алмасудың стандартты форматын әзірлеу өте маңызды. Табысты тәжірибені ескере отырып, географиялық қамтуды кеңейту есірткіні заңсыз жеткізуге және есірткіге сұранысқа қарсы күрес саласында маңызды алғы-шарт болатын ақпарат алмасу және таратудың өңірлік тетіктерінің даму әлеуетін көздейді. Ауғанстандағы және Әзірбайжандағы есірткілердің заңсыз айналымы туралы ақпараттың әлеуетті көздеріне ену мыналарды назарға ала отырып, өңірлік, сондай-ақ халықаралық мүдделерге орасан пайда әкелер еді: - Ауғанстан апиынды өсірудің әлемдік негізгі көзі болып табылады. Елде апиын тазартылып және морфин мен героинге өңделетін есірткілерді заңсыз өндіру бойынша зертханалар орналасқан; осы заттарды сақтау орындарын шекара бойы стратегиялық байланысты орналасқан және қылмыстық тұлғалар/ұйымдар елден есірткі экспортын жүзеге асырады; - Әзірбайжан өзінің стратегиялық географиялық орналасуына байланысты (Каспий теңізінде жағалау сызығы бар және Иранмен шекаралас) Кавказ арқылы есірткі трафигінің бағыттарын зерттеуде және талдауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар Әзірбайжан ОАӨАҮО бастамасының мүшесі болып табылады, және тиісінше, ОАӨАҮО-ның дербес және мықты институт ретінде құрылуына ықпал ете отырып, оның деректерді жинау, талдау және алмасу мүмкіндіктерін нығайтуда F23 жобасына үлкен көмек көрсете алады.
IV. ЖОБАЛЫ ҚҰЖАТТЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОСЫ ҚАЙТА ҚАРАУДЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ
Сипаттамасы: а) Жобаны іске асыру мерзімі 2010 жылғы шілде айына дейін ұзартылады; б) Бюджеттің өзгеруі қосымша құрал-жабдықтар мен аналитикалық бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуді, сондай-ақ кейіннен қызметке тұрақты мониторинг жасай отырып, ақпаратты талдаудың техникалық және жедел аспектілері бойынша оқытуды көздейді; в) Ауғанстан мен Әзірбайжан жобалық іс-шаралармен қамтылатын болады, олардың нақты қажеттіліктеріне сәйкес телеарна жабдықтарымен және оқытумен қамтамасыз етіледі. Қызметті бағалау мен тұрақты мониторинг жобалық қызмет саласында табысты интеграцияны қамтамасыз ететін болады. Есірткіні бақылау жөніндегі персоналдың біліктілігіндегі айырмашылық екі мемлекеттегі жобаның орындалуы үшін түрлі уақыт интервалдарына байланысты болады; г) Жобаның алдағы фазасына қатысқан мемлекеттерде келесі іс-шараларды көздейтін жедел және техникалық қолдаудың қосымша компоненті іске асырылатын болады: а. Ақпарат берушімен жұмыстың озық тұжырымдамасын енгізу; б. Ақпарат берушілер туралы деректер базасын құру; в. Tais Ontos жедел ақпарат жүйесінің қосымша функциялары ретінде ғылыми деректерді біріктіру; г. Тиісті оқытуды ұсына отырып, қылмыстар бойынша стратегиялық ақпаратты талдау мүмкіндігін енгізу; д. Тәжікстанның Есірткіні бақылау жөніндегі агенттігінде құрылған модельге сәйкес әр қатысушы мемлекетте ұлттық аналитикалық орталықтар құруға көмектесу. д) Сұрау салу бойынша жоба жедел ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және алмасу бойынша ведомствоаралық келісімдер жобаларын дайындауда көмек көрсетеді; е) Жоба ОАӨАҮО қызметінің негіздерін құрудың маңызды функциясын орындауды жалғастырады. Бұл функция өңірдегі есірткіге қарсы құқық қорғау ведомстволарының қызметіне қосымша бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық-технологиялық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ қажетті аналитикалық әдіснама мен мүмкіндіктерді нығайту және дамыту үшін қажетті кәсіби оқытуды ұсыну жолымен одан әрі көмектесуді көздейді; ж) Өңірдің құқық қорғау ведомстволарының тергеу жүргізудегі жедел ақпаратты пайдалануды кеңейту жолымен жедел ақпаратты талдаудың функциялық мүмкіндіктерін нығайту. Стратегия: Бастапқы жобалы құжатқа сәйкес, жобаның жалпы стратегиясы құқық қорғау ведомстволарының арасындағы өңірлік ақпараттық ағынды жетілдіру үшін ақпаратты жинау, сақтау, талдау және алмасу бойынша ұлттық тетіктерді әзірлеуге түйінделген. Әдетте үкіметтер өз мемлекеттерінде мәліметтерді/ақпаратты жинау және алмасуға қатысты шарттар мен талаптар туралы хабардар болатыны анық. Тиісінше жоба әр елдің ерекше қажеттіліктеріне жауап беретін шараларды іске асыруда жергілікті билікпен ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін олармен тығыз қарым-қатынастар орнатуға және дамытуға ықпал ететін болады. Қажеттіліктерді бағалау және үздіксіз мониторинг жобаны іске асыруға қатысатын әр елдің қажеттіліктеріне ұсынылатын көмектің сәйкестігін қамтамасыз етеді. Жобаның іс-шаралары егер олар тиісті түрде тиісті елдің мұқтаждықтары мен жағдайларына жауап берсе ғана жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Сәйкесінше елдердің барлығы бірдей логикалық шеңберлік матрицада (қоса беріледі) көрсетілген жобалы іс-шаралармен қамтылмайды, өйткені жоба жүзеге асырудың мерзімдері мен дәрежелері бойынша әр елде нақты іс-шараларды белгілеуде икемді тәсілді пайдаланатын болады. Өте тұрақсыз жағдайды және техникалық жарақтаудағы өзгешелікті ескере отырып, Ауғанстандағы жағдай ерекше бақылауда болады. Бұл мемлекетте нақты жобалы іс-шараларды өткізу жобаның жалпы стратегиялық іс-шараларын біріктіруде икемді тәсілді қамтамасыз ету үшін ықтимал қажеттіліктердің, тәуекелдер мен проблемалардың талдауына негізделетін болады. Ауғанстанға қатысты мұқият талдауды дайындау және бастапқы стратегияны іске асырудың жалпы көлемдік стратегиясын айқындау үшін жеткілікті қосымша уақытты көздейді. Осылайша жұмыс жоспары Ауғанстанда үш нәтижеге қол жеткізу үшін жобалық іс-шаралардың орындалуын Әзірбайжанға қарағанда кеш басталуы мүмкін екенін қарастырады. Осы жобаның негізін қалаушы стратегия ұлттық және өңірлік деңгейлерде жедел ақпаратты жинау мен алмасуды қамтамасыз ету үшін жеткілікті мүмкіндіктерге ұлттық құқық қорғау органдары қол жеткізген сәттен басталады деп болжанады. Осы стратегияның маңызды компоненті ОАӨАҮО жобасын қолдау болып табылады. ОАӨАҮО жобасын қолдау үшін жедел ақпарат негізінде тергеу әдістемесі мен қылмыстар бойынша ақпаратты талдау процесін жергілікті жерлерде құқық қорғау органдары іске асыруы, енгізуі және толық қолдануы ерекше маңызды. Өз кезегінде жергілікті жерлердегі бөліністер жедел ақпарат алмасудың үздіксіз және толық циклын сақтау үшін ОАӨАҮО-ның тұжырымдамасымен және мақсаттарымен танысуы қажет. Жобаны дұрыс жоспарлау оның табысты болуының кепілі болатынын мойындаған. Төмендегі кестеде ұйғарылған тәуекелдер мен олардың төмендеуі бойынша тиісті стратегиялар санамаланған:
V. МАҚСАТТАР, КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР, ІС-ШАРАЛАР
(Ескерту: толық нәтижелер мен көрсеткіштер логикалық шеңберлік матрицада сипатталған). «Жетістіктер» деген бөлімде айтылғандай, 1 және 2-нәтижелер сондай-ақ жобаның тікелей мақсаты күшінде қалады және табысты қол жеткізілді деп есептеледі. Жоба шеңберінде мыналар көзделеді: Ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде есірткілерді бақылау жөніндегі органдар арасында ақпарат алмасу, алу және тарату жүйелерін құру көмегімен деректерді жинау және басқару жөніндегі құқық қорғау құрылымдарының тиімділігін арттыру. 3 және 4-нәтижелер қайта қарастырылған жобалы құжаттың ұсынылған деректерінің жаңа компоненті болып табылады. 3.0. Географиялық қамтудың кеңеюі: Ауғанстан мен Әзірбайжанның F23 жобасының іске асырылуына қосылуы 3.1. Құқық қорғау органдарының кәсіби дайындық деңгейін және бар ақпарат көздерін анықтау үшін Ауғанстан мен Әзірбайжандағы құқық қорғау қызметінде жедел ақпаратты пайдалану бойынша аналитикалық және тергеу мүмкіндіктерін бағалауды жүргізу 3.2. Ауғанстан мен Әзірбайжанның ақпараттық және жедел жүйелерге, сондай-ақ ақпарттық-технологиялық құрал-жабдыққа қажеттілігін анықтау 3.3. Алдыңғы сатыларда жобаның орындалу барысында алынған тәжірибенің негізінде жобаны іске асыру стратегиясын әзірлеу 3.4. Есірткілердің заңсыз айналымы туралы деректерді жинау саласында Ауғанстан мен Әзірбайжанның мүмкіндіктерін арттыру үшін ұсынымдар дайындау. 3.5. Ауғанстан мен Әзірбайжан үкіметтері есірткілерге қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарының арасындағы ақпарат алмасуға қатысу үшін жетекші ведомстволар мен ұлттық қызметтерді айқындайды. 3.6. Ақпарат және деректерді жинау үшін тиісті құрал-жабдықты сатып алу және орнату. 3.7. Сұрау салулардың түсуіне қарай есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күрес саласында жергілікті қажеттіліктерге сәйкес үйлестірілген және жобаланған ақпараттық жүйелерді әзірлеуге көмектесу. 3.8. Әртүрлі оқу сессияларын өткізу: - ұсынылған бағдарламалық қамтамасыз етудің қолданылуын оқыту;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |