|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 266-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде: «Жеке тұлғаларды, азаматтарды, азаматтығы жоқ адамдарды, шетелдік азаматтарды тіркеу» деген 1-бөлімде: реттік нөмірі 4-жолдың 2-бағанында «қайтадан куәлік» деген сөздер «қайтадан куәліктер немесе анықтамалар» деген сөздермен ауыстырылсын; «Кәсіпкерлердің заңды және жеке тұлғаларын тіркеу» деген 2-бөлімде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-1-жолмен толықтырылсын: «
»; «Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін тіркеу» деген 3-бөлімде: реттік нөмірлері 70, 71, 73-жолдарда: 2-бағандағы «ресімдеу» деген сөз «беру» деген сөзбен ауыстырылсын; 5-бағандағы «жер қатынастары басқармалары,» деген сөздерден кейін «аудандардың және» деген сөздермен толықтырылсын; реттік нөмірі 72-жолда: 2-бағанда: «ресімдеу» деген сөз «беру» деген сөзбен ауыстырылсын; «өтеусіз» деген сөз «өтемін төлеп» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-бағандағы «жер қатынастары басқармалары,» деген сөздерден кейін «аудандардың және» деген сөздермен толықтырылсын; «Әлеуметтік қорғау» деген 4-бөлімде: реттік нөмірі 87-жолда: 2-бағандағы «Мүгедектер» деген сөздің алдынан «Жалғызілікті, сондай-ақ жалғыз тұратын қарттарға және» деген сөздермен толықтырылсын; 5-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі, аудандық маңызы бар қала, қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі»; реттік нөмірі 92-жолдың 5-бағанындағы «департаменттері/ басқармалары» деген сөздер «басқармалары» деген сөзбен ауыстырылсын; «Анықтамалар беру» деген 5-бөлімде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 113-1 және 113-2-жолдармен толықтырылсын: «
«; реттік нөмірі 114-жолда: 2-бағандағы «Қосалқы» деген сөздің алдынан «Жеке» деген сөзбен толықтырылсын; 5-бағандағы «облыстық маңызы бар қалалардың ауыл шаруашылығы бөлімдері» деген сөздерден кейін «, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері» деген сөздермен толықтырылсын; реттік нөмірлері 115 және 116-жолдар алып тасталсын; реттік нөмірі 124-жолда: 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Қайтыс болу туралы дәрігердің куәлігін беру». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |