Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы (2013.11.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 124-бабына және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Ә.Н. Түсіпбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесі
1. Осы Ережемен пайдаланушыларға көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық, тоқсандық ай сайынғы бюджеттік есептілігінің нысандары, кезеңділігі, мерзімі және жасалу мен ұсынылу тәртібі белгіленеді. 2. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Ережеде белгіленген көлемде және нысандар бойынша жылдық, тоқсандық, ай сайынғы есептер жасайды. 3. Бюджеттік есептілікті жасау кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс: есепті кезеңдегі барлық операциялар көрсеткіштерінің толықтығы және растығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|