|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің кейбір мәлелері туралы (2016.28.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - «Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» және «Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне, Астана қаласы, бірігу жолымен; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - «Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» және «Қостанай облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне, Қостанай қаласы, бірігу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, болып; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Қарағанды облыстық аумақтық балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы - «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы, болып қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мемлекеттік мекемелерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2016.28.12. № 887 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 480 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қызылорда қаласы. 2. Балқаш-Алакөл облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қапшағай қаласы. 3. Зайсан-Ертіс облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Өскемен қаласы. 4. Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы, Атырау қаласы. 5. Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Астана қаласы. 6. Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қостанай қаласы. 7. Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Тараз қаласы. 8. Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Қарағанды қаласы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |