|
|
|
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 Қаулысымен күші жойылды
«Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі (бұдан әрі — мемлекеттік норматив) бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау ұйымдары желісінің номенклатурасын осы мемлекеттік нормативке сәйкес келтірсін; 2) 2010 және 2011 жылдардың 15 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне осы қаулының іске асырылуы жөнінде ақпарат берілуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2011 жылғы 25 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне орындалған іс-шаралар туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі № 472 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 14, 148-құжат); 2) «Қазақстан Республикасының халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1304 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 50, 642-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1304 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 102 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 56-құжат). 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 9 сәуірден № 494 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі
Халықтың тығыздығы мен елді мекендердің шалғайлығына қарай мынадай денсаулық сақтау ұйымдарының желісі құрылады: 1. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары: 1) аудандық емхана (бұдан әрі - АЕ) аудандағы тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын аудан орталығында құрылады және консультациялық-диагностикалық бөлімшені, жалпы практика және/немесе учаскелік қызмет бөлімшесін, жедел медициналық жәрдем станциясын (бөлімшесін), сондай-ақ БМСК көрсететін мынадай құрылымдық бөлімшелерді қамтиды: медициналық пункт бекітілген халқының саны 800 (сегіз жүз) адамға дейін ауылдық елді мекендерде (бұдан әрі - АЕМ) құрылады; фельдшерлік-акушерлік пункт бекітілген халқының саны 800 (сегіз жүз) адамнан 2000 (екі мың) адамға дейін АЕМ-де құрылады; дәрігерлік амбулатория бекітілген халқының саны 2000 (екі мың) адамнан 10000 (он мың) адамға дейін АЕМ-де құрылады; ауылдық емхана тұрғын халқының саны 10000 (он мың) және одан да көп адамға дейін халқы жинақы орналасқан АЕМ-де құрылады. Аудандағы тұрғын халқының саны кемінде 30000 (отыз мың) аудан орталығында аудандық орталық аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде АЕ құрылады; 2) қалалық емхана (бұдан әрі - ҚЕ) бекітілген тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын қалаларда құрылады және консультациялық-диагностикалық бөлімшені, жалпы практика бөлімшесін және/немесе учаскелік қызмет бөлімшесін қамтиды; 3) дәрігерлік амбулатория бекітілген тұрғын халқының саны кемінде 30000 (отыз мың) адам қалаларда ҚЕ-ның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады. 2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары: 1) астанада және республикалық маңызы бар қалада консультациялық-диагностикалық орталық дербес заңды тұлға ретінде құрылады; 2) облыс орталықтарында консультациялық-диагностикалық орталық облыстық аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады. 3. Жедел медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары: 1) тұрғын халқының саны 100000 (бір жүз мың) адамнан астам болатын қалаларда, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада, астанада жедел медициналық жәрдем станциясы құрылады; 2) тұрғын халқының саны кемінде 100000 (бір жүз мың) адам қалаларда жедел медициналық жәрдем станциясы емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады. 4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары: 1) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (бұдан әрі - СӨСҚО) құрылады; 2) аудан орталығында СӨСҚО облыстық СӨСҚО құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады. 5. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары: 1) аудандық орталық аурухана (бұдан әрі - АОА) аудан орталығында құрылады және құрамына балалар, босандыру, бейінді және жұқпалы аурулар бөлімшелері, сондай-ақ ауылдық аурухана құрылым ретінде енетін көп бейінді стационар түрінде ұсынылған. Ауылдық аурухана климаттық-географиялық жағдайларды қоса алғанда, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, тұрғын халқының саны кемінде 5000 (бес мың) адам шалғай АЕМ-де АОА құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады; 2) ауданаралық аурухана тұрғын халқының саны кемінде 20000 (жиырма мың) адам бірнеше ауданға АЕМ-нің бірінде құрылады; 3) қалалық аурухана (бұдан әрі - ҚА) құрамына балалар, босандыру, бейінді және жұқпалы аурулар бөлімшелері құрылым ретінде енетін көп бейінді стационар түрінде құрылады; 4) қалалық балалар ауруханасы тұрғын халқының саны 100000 (бір жүз мың) адамнан астам қалаларда құрамына бейінді және жұқпалы аурулар бөлімшелері құрылым ретінде енетін көп бейінді стационар түрінде құрылады. Тұрғын халқының саны кемінде 100000 (бір жүз мың) адам қалаларда ҚА-ның жанынан балалар бөлімшесі құрылады; 5) облыстық аурухана құрамына консультациялық-диагностикалық, балалар, босандыру, жұқпалы аурулар және соматикалық бөлімшелер, жол қатынасы қиын жерлердегі азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесі (санитарлық авиация) құрылым ретінде енетін көп бейінді стационар ретінде құрылады; 6) облыстық балалар ауруханасы құрамына бейінді және жұқпалы аурулар бөлімшелері құрылым ретінде енетін көп бейінді стационар ретінде құрылады; 7) перинаталдық орталық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада, астанада құрылады. 6. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары: 1) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылатын санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы құрылады; 2) республикалық деңгейде санитарлық-эпидемиологиялық станция құрылады; 3) облыстық деңгейде обаға қарсы станция құрылады. 7. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын дәріхана, дәріханалық пункттер, дәріханалық қоймалар денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады. 8. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар (ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институты) республикалық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады. 9. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары (орта медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары, жоғары және дипломнан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары) республикалық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық, аудандық (аудандық маңызы бар қалада) деңгейлерде құрылады. 10. Қан қызметі, сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары: 1) облыстық және республикалық деңгейлерде, республикалық маңызы бар қалада және астанада қан орталығы құрылады; 2) облыс орталықтарындағы филиалдарымен республикалық деңгейде сот медицинасы орталығы құрылады. 11. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де денсаулық сақтау ұйымдары: 1) аудандық және облыстық деңгейлерде, республикалық маңызы бар қалада және астанада туберкулезге қарсы диспансер (аурухана) құрылады; 2) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада онкологиялық диспансер құрылады; 3) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада наркологиялық емдеу-профилактикалық ұйым құрылады; 4) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада психиатриялық емдеу-профилактикалық ұйым құрылады; 5) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада тері-венерологиялық диспансер құрылады; 6) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы құрылады; 7) республикалық деңгейде лепрозорий құрылады; 8) облыстық және республикалық деңгейлерде мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы құрылады; 9) аудандық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада сәбилер үйі құрылады; 10) аудандық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада мейірбикелік күтім жасау ауруханасы, хоспис құрылады; 11) республикалық деңгейде медициналық холдинг құрылады; 12) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өзге де медициналық ұйымдар құрылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |