|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы (2019.24.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 585 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 28 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2019.24.10. № 798 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж, № 12, 140-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардын (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында: 2-тармақтың реттік нөмірі 357-жолының 3-бағаны «СІМ,» деген аббревиатурадан кейін «Сырбар» СБҚ» (келісім бойынша)» деген сөздермен толықтырылсын; ескертпенің 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Сырбар» СБҚ» - «Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі». 4. «2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы № 916 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 81-жолдың 4-бағаны «ҰҚК,» деген аббревиатурадан кейін «Сырбар» СБҚ» (келісім бойынша)» деген сөздермен толықтырылсын; Ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Сырбар» СБҚ» - «Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |