2009 жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті туралы
Осы редакция 2009 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 75 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. Павлодар қаласының 2009 жылға арналған бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 25 006 600 000 (жиырма бес миллиард алты миллион алты жүз мың) теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 17 400 503 000 (он жеті миллиард төрт жүз миллион бес жүз үш мың) теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 76 955 000 (жетпіс алты миллион тоғыз жүз елу бес мың) теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 552 164 000 (үш миллиард бес жүз елу екі миллион жүз алпыс төрт мың) теңге; трансферттердің түсімдері бойынша - 3 976 978 000 (үш миллиард тоғыз жүз жетпіс алты миллион тоғыз жүз жетпіс сегіз мың) теңге; 2) шығындар - 24 702 600 000 (жиырма төрт миллиард жеті жүз екі миллион алты жүз мың) теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу нөлге тең; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо нөлге тең; 5) бюджет профициті - 304 000 000 (үш жүз төрт миллион) теңге; 6) бюджет профицитін пайдалану - 304 000 000 (үш жүз төрт миллион) теңге соның ішінде: қарыздардың түсімі - 326 000 000 (үш жүз жиырма алты миллион) теңге; қарызды өтеу - 630 000 000 (алты жүз отыз миллион) теңге. 2. 2009 жылға арналған Павлодар қаласының бюджетінде Павлодар қаласының бюджетінен облыстық бюджетке - 11 535 822 000 (он бір миллиард бес жүз отыз бес миллион сегіз жүз жиырма екі мың) теңге сомасында бюджеттік алулар көзделгені ескерілсін; 3. Павлодар қаласының 2009 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві - 15 540 000 (он бес миллион бес жүз қырық мың) теңге, соның ішінде: жергілікті атқарушы органының кезек күттірмейтін шығындар резерві - 6 540 000 (алты миллион бес жүз қырық мың) теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|