«Тергеу және анықтау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 3 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 2 Бұйрығымен күші жойылды
Тергеу және анықтау органдарының жұмысы туралы статистикалық есепті оңтайландыру және жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) 1-қосымшаға сәйкес, «Тергеу және анықтау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есеп;
2) 2-қосымшаға сәйкес, «Тергеу және анықтау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есептің құрылуы жөніндегі Нұсқаулық.
2. 3-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының және бұйрықтарының кейбір тармақтарының күші жойылды деп танылсын;
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына (Г.В. Ким) жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | Р. Түсіпбеков |
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігінің
(қаржы полициясының) Төрағасы
____________ Қ. Қожамжаров
2009 жылғы 29 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы
________ А. Шабдарбаев
2009 жылғы 2 сәуір
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
________________ В. Божко
2009 жылғы 28 қаңтар