|
|
|
Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1127 Қаулысымен күші жойылды
«Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 788 қаулысымен бекітілген
Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабына сәйкес әзірленді және елді мекендердің су бұру жүйелеріне (бұдан әрі - су бұру жүйесі) сарқынды суларды қабылдау тәртібін айқындайды. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) сарқынды суларды қабылдау - тұтынушылардың су бұру жүйелеріне ағызатын сарқынды суларын жинауды, тасымалдауды, тазалауды және бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы; 2) бақылау құдығы - тұтынушының (қосалқы тұтынушының) сарқынды суларының сынамасын іріктеуге және оның көлемін есепке алуға арналған оның су бұру жүйесіне қосылуы алдындағы тұтынушының су бұру желісіндегі соңғы құдық; 3) бақылау сынамасы - су бұру жүйесіне бұрылатын өнеркәсіптік сарқынды сулардың құрамын анықтау мақсатында (зиянды заттардың және олардың шоғырлануының болуы) бақылау құдығынан алынған өнеркәсіптік сарқынды сулардың сынамасы; 4) есептеу құралы - нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген су көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал; 5) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы (бұдан әрі - ЗЗЖБШ) - тұтынушының су бұру жүйелеріне ағызатын өнеркәсіптік сарқынды суларының құрамындағы зиянды заттардың жол берілетін шамасы; 6) қосалқы тұтынушы - меншігінде немесе өзге де заңды негізде тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылған су бұру жүйелері бар және оның жүйелерін шарт негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға; 7) қызмет көрсетуші - сумен жабдықтау мен су бұрудың толық технологиялық үдерісін жүзеге асыратын және тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсету мақсатында елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдаланатын, сондай-ақ тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйіне техникалық қадағалауды жүзеге асыратын, тұтастай алғанда елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің дамуын реттейтін және бақылайтын су шаруашылығы ұйымы (сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорны); 8) май сүзгіш - құрамында май бар сарқынды суларды су бұру желісіне ағызу алдында оқшау тазалауға арналған құрылғы; 9) оқшау тазарту құрылыстары - тұтынушының өзінің сарқынды суларын су бұру жүйесіне ағызу алдында оларды тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы; 10) өнеркәсіптік сарқынды сулар - жеке немесе заңды тұлғалар суды өндірістік мақсатта пайдаланғаннан кейін ағызатын сарқынды сулар; 11) сарқынды суларды жаппай ағызу - су бұру жүйесіне өнеркәсіптік сарқынды суларды шығынды 1,3 еседен астам ұлғайтып және зиянды заттардың жол берілетін шектен 2 еседен астам шоғырландырып ағызу; 12) су бұру желілері - су бұруға арналған құбыржолдар, коллекторлар, арналар және олардағы құрылыстар жүйесі; 13) елді мекеннің су бұру жүйесі - елді мекеннің сарқынды суларын жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені; 14) су бұру жүйесіне шығару - ғимараттан немесе құрылыстан су бұру желісіндегі бірінші құдыққа дейінгі құбыржол; 15) тазарту құрылыстары — елді мекеннің сарқынды суларын қабылдауға, зарарсыздандыруға, тазартуға және табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызуға арналған, сондай-ақ шөгінділерді өңдеуге және кәдеге жаратуға арналған құрылыстар; 16) тұтынушы - меншігінде немесе өзге де заңды негізде су бұру жүйелері бар, су бұру жүйелеріне қосылған және қызмет көрсетушінің су бұру қызметтерін келісім-шарт негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға; 17) тұтынушының су бұру жүйесі - тұтынушының меншігіндегі немесе өзге де заңды негіздегі және сарқынды суларын жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені; 18) шартты түрде таза сарқынды сулар - сапасы оларды өнеркәсіптік сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға немесе су объектілеріне қосымша тазартпай ағызуға мүмкіндік беретін сарқынды сулар.
2. Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау тәртібі
3. Су бұру жүйесіне Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасы талаптарының негізінде олардағы қолданылатын тазарту технологиясына сәйкес тазарту құрылғыларындағы тазартуға жататын сарқынды суларды қабылдауға жол беріледі. құрамында топырақ, құм, құрылыс және тұрмыстық қоқыстар, май және құбырларды, құдықтарды бітейтін заттар бар сулар; құрамында оқшау тазарту құрылыстарының тұнбалары, өндірістің қатты қалдықтары бар сулар; айналымдық және қайталап сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға жататын сулар (бассейндер мен бұрқақтардан аққан сулар, бу конденсаты, кәріз және шартты түрде таза сарқынды сулар); өнеркәсіп алаңдарының аумағынан аққан жер үстіндегі ағын су; жаңбыр, еріген, табиғи және суғару-жуу сулары; мұз сынықтары және қар; бөлінудің әр түрлі кезеңіндегі радионуклидтерден тұратын сулар қабылдауға жатпайды. 5. Суды коммуналдық-тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын тұтынушылардан сарқынды суларды қабылдау шектеусіз жүргізіледі. 6. Қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұтынушылардың су бұру желілері немесе жүйелері су бұру желілеріне қосылғанға дейін май сүзгіштермен жабдықталады. 7. Су бұру жүйелеріне қосылмаған тұтынушылардың шығарылатын коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік сарқынды суларын қабылдау жабдықталған төгу пункттерінде жүргізіледі. 8. Коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік сарқынды суларды бірлесіп бұру және тазарту мүмкіндігі тазарту құрылыстарының қазіргі бар технологияларын ескере отырып, соңғысының құрамымен анықталады. 9. Елді мекеннің коммуналдық-тұрмыстық сарқынды суларымен бірлесіп бұруға және тазартуға жататын өнеркәсіптік сарқынды сулар су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстарының жұмысын бұзбауы, су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстары элементтерінің материалына қиратушы ықпал етпеуі және температурасы 40оС-тан аспауы және олардың құрамында: су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстарында жарылыс қауіпті және улы газдар мен қоспаларды жинауға қабілетті жанғыш қоспалар, қышқылдар, улы және ерітілген газ тәрізді заттар; су бұру жүйесінің элементтерін ластайтын немесе оларға шөгетін заттар мен бұйымдар; ЗЗЖБШ мәндерінен асатын және сарқынды суларды биологиялық тазартуға кедергі келтіретін зиянды заттар; тиісті пайдалану түріндегі су айдындарының суында шекті рұқсат етілген шоғырлану мәндері белгіленбеген заттар; минералды ластанулар; қауіпті бактериялық ластанулар; 500 мг/л астам өлшенген және балқитын заттар; ерітілмеген майлар, сондай-ақ шайыр мен мазут; оттегін химиялық тұтыну оттегін биохимиялық тұтынудан (бұдан әрі - ОБТ) (толық) 1,5 еседен асатын заттар болмауы тиіс. 10. Қызмет көрсетуші зиянды заттардың тізбесін айқындайды және олардың су бұру жүйесіне ағызуға рұқсат етілген шоғырлануын су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган бекіткен елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағызылатын өнеркәсіптік сарқынды сулардағы зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануын есептеу және олар асып кеткен кезде қосымша тазалау үшін төлемдерді есептеу әдістемесінің негізінде есептейді. 11. Су бұру жүйесіне өнеркәсіптік сарқынды суларды қабылдау: өнеркәсіптік сарқынды суларды қабылдау үшін су бұру жүйесінің жеткілікті қуаттылығы; өнеркәсіптік сарқынды суларды тазарту технологиясымен қамтамасыз ету ағып келетін ластануларды шекті жол берілетін ағызудың (бұдан әрі - ШЖБА) нормативтік талаптарына дейін жою; қызмет көрсетушінің техникалық шарттарының талаптарын орындау; тұтынушының өнеркәсіптік сарқынды суларының оларда ЗЗЖБШ-ның болу талаптарына сәйкестігі жағдайлары кезінде жол беріледі. 12. Осы Ереженің 9-тармағының талаптарын қанағаттандырмайтын тұтынушының (қосалқы тұтынушының) өнеркәсіптік сарқынды сулары ЗЗЖБШ-ға қол жеткенге дейін оқшау тазарту құрылыстарында алдын ала тазартылуға жатады. 13. Өнеркәсіптік сарқынды суларда таза, шартты түрде таза және басқа суларды қоса отырып, ЗЗЖБШ-ға қол жеткізуге жол берілмейді. 14. Су бұру жүйесіне қабылданатын өнеркәсіптік сарқынды сулардағы ЗЗЖБШ-ны есептеу кезінде қызмет көрсетуші мынадай талаптарды басшылыққа алады: ОБТ бойынша бағаланатын органикалық заттардың болуы зертханалық жолмен бақыланады, бұл ретте су бұру жүйесіне ағызылатын өнеркәсіптік сарқынды судың ОБТ тазарту құрылыстарына ағып келетін және оларды жобалау кезінде қабылданған өнеркәсіптік сарқынды сулардағы ОБТ-дан асып кетпеуі тиіс; тазарту құрылыстарында жойылатын зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген су объектілеріне тазартылған өнеркәсіптік сарқынды сулардың ШЖБА нормативіне сәйкес анықталады; тазарту құрылыстарында жойылмайтын зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы су объектілерінің суындағы олардың ЗЗЖБШ және коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік сарқынды сулар көлемдерінің ара қатынасына байланысты анықталады. 15. Тазарту құрылыстарына ағып келетін өнеркәсіптік сарқынды сулардың құрамында тазарту құрылыстарының жұмысы үшін жол берілмейтін болып табылатын зиянды заттардың шоғырлануы анықталған кезде қызмет көрсетуші оларды анықтаған күні бұл туралы жазбаша түрде немесе телефонограммамен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға хабарлайды. Қызмет көрсетуші бір уақытта бақылау талдауларын жүргізеді және осы ағызуға жол берген тұтынушыларды анықтайды. 16. Өнеркәсіптік сарқынды суларды талдау нәтижелері бойынша ЗЗЖБШ асып кеткен кезде тұтынушы өнеркәсіптік сарқынды суларды су бұру жүйесіне ағызуын тоқтатады және ластануды ЗЗЖБШ-ға дейін төмендету жөнінде жедел шаралар қабылдайды. Ластанудың артуын тудырған себептерді жойғаннан кейін қызмет көрсетуші сынамаларды қайта алуды жүргізеді. 17. ЗЗЖБШ-дан артық ластанулары бар өнеркәсіптік сарқынды суларды ағызу анықталған кезде тұтынушының төлеуге тиіс ЗЗЖБШ-дан артық ластанулардан сарқынды суларды қосымша тазалау көлемі су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган бекітетін елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағызылатын өнеркәсіптік сарқынды сулардағы зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануын есептеу және олар асып кеткен кезде қосымша тазалау үшін төлемдерді есептеу әдістемесі бойынша есептеледі. 18. Бірыңғай ластанулар кездесетін бірнеше кәсіпорындардың өнеркәсіптік сарқынды суларын жалпы оқшау тазарту құрылыстарында тазартуға жол беріледі. 19. Тұтынушылардың су бұру жүйесінде өзара іс-әрекеті эмульсиялардың, улы немесе жарылыс қаупі бар газдардың, сондай-ақ үлкен мөлшердегі ерімейтін заттардың (құрамында кальций немесе магний және сілтілі ерітінділердің тұздары, сода мен қышқыл сулар, натрий және су сульфиді, құрамындағы сілтілер, хлор, фенол шектен тыс өнеркәсіптік сарқынды сулар) пайда болуына алып келуі мүмкін өнеркәсіптік сарқынды сулардың бірігуіне жол берілмейді. 20. Қышқыл және сілтілі өнеркәсіптік сарқынды сулар су бұру жүйесіне ағызғанға дейін бейтараптандыруға немесе орталандыруға жатады. 21. Өнеркәсіптік сарқынды суларды су бұру жүйелеріне қабылдау бақылау құдығы арқылы жеке-жеке шығарып жүзеге асырылады. Өнеркәсіптік сарқынды сулардың шығыны және сапасын бақылау үшін көрсетілген шығарулар құрылғылармен жабдықталады. Көрсетілген су бұру қызметтерінің көлемі сарқынды суларды есептеу құралының көрсеткіштері бойынша анықталады. 22. Тұтынушы пайдалану кезеңінде пайдаланылатын су бұру жүйелерін ақаусыз күйінде ұстайды және су бұру жүйесіне ағызылатын өнеркәсіптік сарқынды суларға талдау жүргізеді. 23. Су бұру жүйелеріне өнеркәсіптік сарқынды суларды ағызуды жүзеге асыратын тұтынушылар қызмет көрсетушінің тұтынушының өнеркәсіптік сарқынды суларынан сынамалар алуды, талдауды және олардың көлемін есепке алуды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 24. Өнеркәсіптік сарқынды сулардың құрамын талдауды жүргізу үшін сынамаларды қызмет көрсетуші (өндірістік бақылау үшін) немесе тұтынушы (жол берілетін шоғырланудан артық шоғырлануда зиянды заттарды ағызуға жол бермеу үшін) оқшау тазарту құрылғылары кешеніне дейін және одан кейін алады, ал олар болмаған кезде бақылау құдықтарында, сондай-ақ су бұру желісіне әрбір шығару бойынша бақылау құдықтарында ағызылатын өнеркәсіптік сарқынды сулардың мөлшерін өлшеу жолымен алынады. 25. Тұтынушылардың су бұру жүйелеріндегі өнеркәсіптік сарқынды сулардың сынамаларын алуды қызмет көрсетуші тұтынушының өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады. Қызмет көрсетуші тұтынушының өнеркәсіптік сарқынды суларының сынамаларын алу кестесін тоқсанына кемінде бір рет кезеңділікпен белгілейді. 26. Сынамаларды алу су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган бекітетін өнеркәсіптік сарқынды сулардың сынамаларын алу жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізіледі. 27. Өнеркәсіптік сарқынды сулардың сынамалары мен талдауларын жоспарлы алуды жүргізу қызмет көрсетушінің есебінен, ал тұтынушының тапсырысы бойынша оның есебінен жүзеге асырылады. 28. Тұтынушы қызмет көрсетушінің жазбаша талабы бойынша бұрылатын өнеркәсіптік сарқынды сулардың көлемі, сапалы құрамы және оларды әрбір шығару бойынша су бұру жүйесіне ағызу режимі туралы мәліметтерді ұсынады. 29. Өнеркәсіптік сарқынды суларды жаппай ағызуға жол берілмейді. 30. Өнеркәсіптік сарқынды суларды жаппай немесе авариялық ағызуға жол берген тұтынушы бұл туралы жазбаша түрде немесе телефонограммамен қызмет көрсетушіге тез арада хабарлайды және өнеркәсіптік сарқынды суларды жаппай немесе авариялық ағызудың салдарын жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. 31. Қызмет көрсетуші тұтынушылардың өнеркәсіптік сарқынды суларын жаппай немесе авариялық ағызу жағдайлары туралы оларды анықтаған күні мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға хабарлайды. 32. Су бұру жүйесіне нөсер және тасқын суларды қабылдауды қызмет көрсетуші осындай ағызуды жүзеге асыратын тұтынушымен жасалған нөсер және тасқын суларды қабылдауға арналған шарт негізінде жүргізеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |