|
Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік
Осы редакция 2009 жылғы 17 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін (бұдан әрі - ҚӨК) дамытудың негізгі бағыттарына қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, екі жақты және көп жақты мемлекетаралық келісімдерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының өзіндік, сондай-ақ сыртқы саяси, экономикалық және әскери мүдделерін негізге ала отырып, әскери-техникалық саясатты қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ҚӨК-ті дамыту және оны мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныс тапсырысын, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, шет мемлекеттермен әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, әскери мақсаттағы өнімдерді экспорттық жеткізуді арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның негізгі функциялары
4. Комиссияның негізгі функциялары: 1) ҚӨК-ті дамытуда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жетілдіру, әзірлеу және іске асыру жөнінде ұсыныстар дайындау; 2) Қазақстан Республикасының ҚӨК қызметін реттейтін заңнамасын жетілдіру және халықаралық әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастық пен бұл саладағы мемлекеттік реттеудің басқа да міндеттерін шешу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау. 5. Комиссия өзінің негізгі функцияларын орындау үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің және Сенатының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының, Бас прокуратурасының аппараттарымен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен сондай-ақ олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар.
4. Комиссия қызметін қамтамасыз ету
6. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстарды заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды. 7. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 8. Комиссия жұмысы Комиссия төрағасы бекіткен жоспарлар бойынша жүзеге асырылады. 9. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды. 10. Комиссияның шешімі ашық дауыспен қабылданады және оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және Комиссияның есеп хатында қоса тіркелуі тиіс. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша, оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады. 11. Комиссия өз қызметін заңнамада көзделген негіздер бойынша тоқтатады.
|