|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Пекин қаласына (Қытай Халық Республикасы) іссапарға жіберу туралы (2009.22.10. берілген өзгерістермен)
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Қазақстан-қытай трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиясының 7-ші отырысына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 18-25 қыркүйек кезеңіне Пекин қаласына (Қытай Халық Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Пекин - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.22.10. № 1641 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі № 1394 қаулысына қосымша
Пекин қаласына (Қытай Халық Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының Құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |