Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 117 бұйрығы
(2015.17.03. берілген өзгерістермен)
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттеу туралы куәліктің шығарылуын қоса беріліп отырған нысанға сәйкес қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Әділет министрінің 2015.17.03. № 158 бұйрығымен нысан жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2009 жылғы 27 тамыздағы
№ 117 бұйрығымен бекітілді
Нысан
Форма свидетельства об аккредитации организации, управляющей имущественными правами на коллективной основе
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
20__ жылғы «__» _______ №__
Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын
ұйымды аккредиттеу туралы
КУӘЛiК
__________________________________________________________________________________________________________________________
(мүлiктiк құқыктарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымның толық атауы)
келесі салада аккредиттелген ________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________