Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан (2007.20.04. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2009 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2007 жылғы 16 ақпандағы № 117 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 34, 343-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауыл аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 9.3-жол алынып тасталсын. 2. «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 617-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 12-жолда: 4-бағанда «АБА, Әділетмині, ПМК» деген аббревиатуралар мен сөз «Әділетмині, АБА, ПМК» деген сөзбен және аббревиатуралармен ауыстырылсын; 5-бағанда «3» деген сан «1-2» деген сандармен ауыстырылсын. 3. «2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерінің 4 Форумында Қазақстан Республикасының Президенті қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкімінде: көрсетілген өкіммен бекітілген 2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерінің 4 Форумында Қазақстан Республикасының Президенті қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 25-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «2007 ж. 3-4 тоқсан». 4. «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бөлімінде: реттік нөмірі 10-жолдың 5-бағанында «1» деген сан «3-4» деген сандармен ауыстырылсын. 5. «Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 24 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 25-құжат): Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 3-жол алынып тасталсын. 6. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 7. «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 маусымдағы № 600 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 241-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 35-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «2007 жылғы қыркүйек».
|