«Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 23 қазандағы 2007 жылғы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4991-мен тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдарының білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандары осы бұйрыққа 1 - 55-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялауын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің м.а. 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 425 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Бұйрықтарды тіркеу кітабы __________________________________________________________ (облыс) __________________________________________________________ (аудан, қала (ауыл) __________________________________________________________ (мектептің атауы) __________________ жылы кітап басталды __________________ жылы кітап аяқталды
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|