Мемлекеттік стандарттарды және ұйым стандарттарын әзірлеу тәртібі
ҚР СТ 1.2-2008
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2013 ж. 28 қарашадағы № 548-од бұйрығымен 2014 ж. 1 сәуірден бастап күші тоқтатылды (ИУС № 1, 2014 ж.)
Мазмұны
1 Қолданылу саласы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Терминдер мен анықтамалар
4 Жалпы ережелер
5 Стандарттарды әзірлеу сатысы
5.1 Мемлекеттік стандарттар мен ұйым стандарттарын әзірлеуді ұйымдастыру жөніндегі жалпы ережелер
5.2 Мемлекеттік стандарттар жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру жөніндегі ережелер
5.3 Ұйым стандарттары жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру жөніндегі ережелер
5.4 Ұйым стандарттары жобаларын әзірлеу
5.5 Стандарттар жобаларын сараптау
5.6 Стандарттарды бекіту, есепке алу және тіркеу
6 Стандарттарды жаңарту және жою
6.1 Мемлекеттік стандарттар мен ұйым стандарттарына тексеру жүргізу тәртібі
6.2 Мемлекеттік стандарттарға өзгертулерді әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу тәртібі
6.3 Ұйым стандарттарына өзгертулерді әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу тәртібі,
6.4 Стандарттарды қолдану
6.5 Мемлекеттік стандарттар мен ұйым стандарттарын жою
7 Стандарттарға түзетулерді енгізу тәртібі
8 Стандарттарды басып шығару тәртібі, ақпараттық және нормативтік қамтамасыз ету
А қосымшасы (міндетті) Өнімнің, процестер мен қызметтердің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау органдары
Б қосымшасы (анықтамалық) Пікірлер жиынтығының пішіні
В қосымшасы (анықтамалық) Стандартты тексеру актісінің пішіні
Г қосымшасы (міндетті) Стандартқа түзетулерді рәсімдеу үлгісі
Қосымша (анықтамалық) Библиография
1 Қолдану саласы
1.1 Осы стандарт мемлекеттік стандарттарға, ұйым стандарттарына және олардың өзгертулеріне (бұдан әрі - стандарттар*) таралады және оларды әзірлеу, келісу, бекіту, есепке алу, тіркеу, жаңарту (өзгерту, қайта қарау), қолдану және жою процедураларына қойылатын техникалық талаптардыбелгілейді.
______________________________________
* құжат мәртебесін арнайы көрсету қажет болған жағдайларды қоспағанда.
1.2 Стандарт ережелері [1] және [2] Ережелермен жиынтықта қолданылады.