Инновациялық даму институттарының тізбесін бекіту туралы
Осы редакция 2009 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған инновациялық даму институттарының тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1201 қаулысымен Бекітілген
Инновациялық даму институттарының тізбесі
1. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы; 2. «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы; 3. «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» акционерлік қоғамы; 4. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы.
|