|
|
|
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 Қаулысы (2020.06.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 908 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.30.05. № 347 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 908 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.30.05. № 347 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 632 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 298-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 632 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 150-құжат). 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 908 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.08.11. № 719 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен қағидалардың бүкіл мәтіні бойынша «медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника», «медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың», «медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы», «медициналық мақсаттағы бұйымды және медициналық техниканы», «медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды», «медициналық мақсаттағы бұйым», «медициналық мақсаттағы бұйымдарды», «медициналық мақсаттағы бұйымдар», «медициналық мақсаттағы бұйымдармен», «медициналық техника», «медициналық техниканы» деген сөздер тиісінше «медициналық бұйым», «медициналық бұйымдарды», «медициналық бұйымды», «медициналық бұйымға», «медициналық бұйыммен», «медициналық бұйымдармен» «медициналық бұйымдар» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары
1-бөлім. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың үлестес тұлғасы - тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың шешімдерін тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) олар қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде шартқа байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (берілген өкілдіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзіне қатысты тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың осындай құқығы болатын кез келген тұлға; 2) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы - әлеуетті өнім берушiнiң шешiмдерiн тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның iшiнде шартқа немесе өзге де мәмiлеге байланысты ықпал етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы әлеуетті өнім берушiнiң осындай құқығы болатын жеке немесе заңды тұлға; 3) тапсырыс берушілер - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға жататын денсаулық сақтау субъектілері; 4) бірыңғай дистрибьютор - қызметін Кодекстің 77-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға; 5) сатып алу - тапсырыс берушінің, бірыңғай дистрибьютордың, лизинг берушінің осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен, оның ішінде сатып алу веб-порталын пайдалана отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуы; 6) сараптамалық бағалау - лизинг беруші, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асыратын бағалау; 7) дәрілік зат - затты не заттардың құрамасын білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін, адамның ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе оның физиологиялық функцияларын фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған зат; 8) иммунологиялық дәрілік препарат (иммундық-биологиялық дәрілік препарат) - белсенді немесе белсенді емес иммунитетті қалыптастыруға немесе иммунитеттің бар-жоғын диагностикалауға немесе аллергия тудыратын заттарға иммунологиялық қарсылықтың өзіндік жүре пайда болған өзгерісін диагностикалауға (табуға) арналған дәрілік препарат; 9) ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10) медициналық бұйымдар - медициналық бұйымдарда жеке немесе өзара ұштастырылып, сондай-ақ арнайы бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, көрсетілген бұйымдарды мақсаты бойынша қолдану үшін қажетті керек-жарақтармен бірге қолданылатын, аурулардың профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және адам организмінің жай-күйін мониторингтеу, медициналық зерттеулер жүргізу, организмнің анатомиялық құрылымын немесе физиологиялық функцияларын қалпына келтіру, алмастыру, өзгерту, жүктілікті болғызбау немесе үзу үшін медициналық бұйымды өндіруші арнап шығарған және функционалдық мақсаты адам организміне фармакологиялық, иммунологиялық, генетикалық немесе метаболизмдік әсер ету жолымен іске асырылмайтын және дәрілік заттарды қолдану арқылы сүйемелденуі мүмкін кез келген құралдар, аппараттар, аспаптар, жабдық, материалдар және басқа да бұйымдар; 11) біртекті тауарлар - бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар; 12) әлеуетті өнім беруші - осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе); 13) өнім беруші - осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасқан, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қаржы лизингі шартын жасасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе); 14) тендер - әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және сатып алу туралы шарттың анағұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағытталған сатып алу тәсілі; 15) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізілетін тендер (бұдан әрі - екі кезеңдік тендер) - әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын аукционды қолдана отырып, шарттың анағұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағытталған сатып алу тәсілі; 16) тендерлік құжаттама - осы Қағидаларға сәйкес тендерлік өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге тапсырыс беруші немесе тендерді ұйымдастырушы ұсынатын құжаттама; 17) тендерлік өтінім - тендерлік құжаттамаға немесе осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес жасалған әлеуетті өнім берушінің ұсынысы; 18) сатып алуды ұйымдастырушы - тапсырыс беруші немесе қор және бірыңғай дистрибьютор айқындаған, осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен сатып алуды ұйымдастыратын және сатып алу қорытындысын тапсырыс берушіге немесе қорға және бірыңғай дистрибьюторға сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге шарт жасасу үшін жіберетін адам; 19) отандық тауар өндіруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға: Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе медициналық бұйымды өндіру жөніндегі фармацевтикалық қызмет «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсат (хабарлама) негізінде жүзеге асырылады; тұтынуға (қолдануға) дайын тауарлар Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуіне (тіркеу куәлігіне) сәйкес Қазақстан Республикасында орналасқан өндірістік алаңдарда өндіріледі; Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес өндірілген немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі айналыста болуға арналған тауарлар; «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының аумағында жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетілетін тауарлар; 20) шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) - тұтынуға (қолдануға) дайын тауарлары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде толық өндірілген немесе қайта өңделген, бұл экспорттаушы елдегі құзыретті органдар берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттармен расталған, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын шетелдік заңды тұлға; 21) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізімі (бұдан әрі - бірыңғай дистрибьютордың тізімі) - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін: дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың сипаттамаларын, олардың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларын, отандық тауар өндірушілермен өнім берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу мүмкіндігін; дәрілік заттар үшін халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамы, медициналық бұйым үшін - атаулары немесе құрамы үшін нұсқаманы; сервистік қызмет көрсетуді, техникалық ерекшелікті және жиынтықты талап ететін медициналық бұйымдар үшін - атаулары, бір бірлігі үшін және жиынтық бөлінісіндегі құны, тауардың әрбір атауы бойынша беру мерзімдерін қамтитын құжат; 22) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган - индустрия және индустриялық-инновациялық даму, елдің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібін дамыту, мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестициялық қолдау саясаты саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 23) Қазақстан Республикасының резиденттері - Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері; 24) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - осы тармақтың 23) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері; 25) бекітілген баға - сатып алу нәтижелері бойынша айқындалған өнім беруші дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды бірыңғай дистрибьюторға беруге міндеттенетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың бағасы; 26) фармацевтикалық көрсетілетін қызмет - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алуды және өткізуді қоса алғандағы халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етумен байланысты дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің қызметі; 27) өнім берушіге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің шығындарын өтеу - қор қаражаты немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қаражаты есебінен бірыңғай дистрибьютордың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қоса алғанда, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген құны бойынша шығындарды фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушіге өтеу; 28) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты - Қазақстан Республикасының дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірушілерімен немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың келісімшарттық өндірісінің тапсырыс берушімен дәрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және қолданудың әлеуетті қаупі бар 1 және 2а қауіпсіздік класындағы медициналық бұйымдарды (зарарсыздандырылғандардан басқа) қоспағанда, медициналық бұйымдарға арналған сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандартының (ISO 13485) талаптарына сәйкес өндірілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беруге арналған не дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес, ал медициналық бұйымдар үшін, қолданудың әлеуетті қаупі бар 1 және 2а қауіпсіздік класындағы медициналық бұйымдарды (зарарсыздандырылғандардан басқа) қоспағанда, сапаны басқару жүйесінің халықаралық стандартының (ISO 13485) талаптарына сәйкес дәрілік заттар мен медииналық бұйымдардың өндірісін немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дәрілік заттардың өндірушісімен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың келісімшарттық өндірісін құруға және (немесе) жаңғыртуға ниеті бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы субъектімен бірыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен он жылға дейінгі мерзімге жасасатын азаматтық-құқықтық шарт; 29) кепілдікті сервистік қызмет көрсету - өндіретін зауыт белгілеген шығыс материалдары мен тозатын тораптарды қалпына келтіруді қоспағанда, сатып алу шарттарында, өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарында, үш жақты сатып алу және қаржы лизингі шарттарында айқындалған мерзімде тиісті түрде пайдаланылған және сақталған жағдайда өнім беруші (дайындаушы, орындаушы), оның ішінде қашықтықтан (мамандандырылған бағдарламаларды және жабдықты, деректерді беру арнасын, сәйкестендірілген бар кодты немесе өзге де әдісті пайдаланумен, онлайн режимде) көрсететін техникалық қызмет көрсетудің кез келген түрлерін, техникалық диагностиканы және жабдықтың ақауын, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, техникалық консультацияны қамтитын берілген медициналық бұйымды жарамды жай-күйде ұстау жөніндегі көрсетілетін қызметтер кешені; 30) қаржы лизингі шарты - үш жақты шарт, оған сәйкес лизинг беруші осы Қағидаларға сәйкес өнім берушіден лизинг алушы көрсеткен лизинг нысанасын жеке меншігіне сатып алуға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес осы лизинг нысанасын лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға ақылы түрде беруге міндеттенеді; 31) сатып алу шарты - осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, тараптар қол қойған немесе тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге тауарларды сатып алуға тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарт; 32) өнім беру шарты - осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында жасалған шарт; 33) сатып алу шарты - осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған шарт; 34) фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шарт - осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруші немесе бірыңғай дистрибьютор және өнім беруші арасында жасалған шарт; 35) клиникалық-техникалық негіздеме - сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, сұрау салынған медициналық бұйымның қажеттілігі мен денсаулық сақтау ұйымының оны қолдануға әзірлігі туралы ақпарат қамтылған құжат; 36) лизинг беруші - тартылған және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны қаржы лизингі шартының талаптарында лизинг алушыға беретiн заңды тұлға (лизинг мәмiлесiне қатысушы); 37) лизинг алушы - қаржы лизингі шартының талаптарында лизинг нысанасын қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы (лизинг мәмiлесiне қатысушы); 38) лизинг төлемдері - қаржы лизингі шартын жасау сәтіндегі баға бойынша лизинг нысанасының барлық құнының өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және қаржы лизингі шартының қолданылу мерзiмi ішінде жүзеге асырылатын, қаржы лизингі шарты қолданылуының барлық мерзiмi iшiнде қаржы лизингі шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, ол мыналарды қамтиды: қаржы лизингі шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа да шығындарды өтеуді; лизинг бойынша сыйақыны; 39) біріздендіруге жататын, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар - облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен біртекті медициналық қызметтерді көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдары сатып алатын, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, біртекті техникалық сипаттамалары бар медициналық бұйымдар; 40) лизинг мерзімі - лизинг нысанасы лизинг алушыға қаржы лизингі шартына сәйкес уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм, бұл ретте лизинг берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде қаржы лизингі шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқтырмайды; 41) инвестициялық жоба - тиісті өндірістік практика стандарттарына (GMP) сәйкес дәрілік заттардың және «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ИСО сапасын басқару жүйесінің стандарттарына сәйкес медициналық бұйымдардың жаңа өндірістерін құруға және (немесе) жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені; 42) ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 43) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы - сипаттамалары, өлшем бірлігі, өлшеп-орауы, өндірушінің атауы, өндіруші елі, бірыңғай дистрибьютордың бір бірлік үшін үстеме бағасын есепке алғанда, бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша шекті бағадан аспайтын бағасы, сондай-ақ дәрілік заттар үшін саудалық және халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы, медициналық бұйымдар үшін саудалық атауы немесе құрамы көрсетілген бірыңғай дистрибьютор сатып алған тауарлардың тізбесін қамтитын, тапсырыс берушілер мен тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер берушілер үшін бірыңғай дистрибьютор бекітетін баға ұсынысы; 44) орфандық (сирек) дәрілік препарат - жиілігі Қазақстан Республикасында ресми айқындалған деңгейден аспайтын, орфандық (сирек) ауруларды диагностикалауға, этиопатогенетикалық немесе патогенетикалық емдеуге арналған дәрілік препарат; 45) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеуге дейінгі және тіркеуден кейінгі кезеңдерде сараптама жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым (бұдан әрі - сараптама ұйымы); 46) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісі - осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және тәсілдермен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен немесе бірыңғай дистрибьютормен шарт негізінде халықты рецепттер бойынша дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау субъектісі; 47) бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі - бірыңғай дистрибьютордың қызметін автоматтандыратын және дистрибуция процесінің барлық мүдделі тараптарымен электрондық құжат алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай дистрибьютор айқындайтын ақпараттық жүйе; 48) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |