Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ережені
Осы редакция 2009 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ереже бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қоры туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi. 2. Ереже құжаттарды қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының (бұдан әрi - Қор) құрамына жатқызудың тәртібі, Қордың құжаттарын есепке алудың және оларды сақтауды ұйымдастырудың тәртібі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi. 3. Қор - ерекше тарихи, ғылыми, әлеуметтiк, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызы бар, Заңда белгiленген тәртiппен ұлттық құндылық деп танылған барлық мұрағаттық қорлар мен коллекциялардың, деректi ескерткiштердiң, құжаттардың жиынтығы. 4. Қор мемлекеттік және жеке меншiктегi құжаттардан тұрады. Қордың құрамы, Қордың құжаттарына иелiк ету мен пайдаланудың, Қордың құжаттарына кепiлдiк пен меншiк құқықтарын қорғаудың тәртібі Заңмен айқындалады.
2. Құжаттарды Қордың құрамына жатқызудың тәртібі
5. Мемлекеттік және жеке меншiктегi құжаттарды Қордың құрамына жатқызуды осы Ережеде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы мен жергiлiктi уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - Уәкiлеттi органдар) жүзеге асырады. 6. Құжатты Қордың құрамына жатқызу Уәкiлеттi органдар құратын мемлекеттік сараптамалық-тексеру комиссиялары жүргiзетiн мемлекеттік сараптаманың негiзiнде жүргiзiледi. 7. Мемлекеттік сараптамалық-тексеру комиссиялары туралы ереженi Уәкiлеттi органдар бекiтедi. Жергiлiктi Уәкiлеттi органдар бекiтетiн Мемлекеттік сараптамалық-тексеру комиссиялары туралы ереже Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы бекiтетiн Мемлекеттік сараптамалық-тексеру комиссиялары туралы ережеге сәйкес болуы тиiс. 8. Оның негiзiнде құжаттың ерекше тарихи, ғылыми, әлеуметтiк, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызы айқындалатын өлшемдердi Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы белгiлейдi. 9. Құжаттың құндылығын сараптаудың нәтижелерi Уәкiлетті органдардың тиiстi шешiмдерiмен ресiмдеуге жатады. 10. Құжаттың құндылығына мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесi жағдайында Уәкiлеттi органдар құжатты Қордың құрамына жатқызу жөнiнде заңдарда көзделген шаралар қабылдайды. 11. Құжаттың құндылығына мемлекеттік сараптаманың керi нәтижесi жағдайында Уәкiлеттi органдар оны Қордың құрамына енгiзуден бас тарту туралы тиiстi шешiм қабылдайды. 12. Жергiлiктi уәкiлеттi органдар құрған мемлекеттік сараптамалық-тексеру комиссиялары бекiтетiн құжаттың құндылығының мемлекеттік сараптамасының нәтижелерiне Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы құрған мемлекеттік сараптамалық-тексеру комиссиясына шағым жасалуы мүмкiн. 13. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы құрған мемлекеттік сараптамалық-құқықтық комиссия бекiткен құжаттың құндылығына мемлекеттік сараптаманың нәтижелерi түпкiлiктi болып табылады.
3. Құжаттарды Қордың құрамынан шығарудың тәртібі
14. Мемлекеттік және жеке меншiктегi құжаттарды Қордың құрамынан шығаруды құжаттың құндылығына мемлекеттік сараптаманың негiзiнде Уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 15. Егер құжат ерекше тарихи, ғылыми, әлеуметтiк, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызын жоғалтса құжатты Қордың құрамынан шығару мiндеттi болып табылады. 16. Қордың құрамынан шығаруға ұсынылған құжаттың құндылығына мемлекеттік сараптаманың нәтижелерi Уәкiлеттi органдардың тиiстi шешiмдерiмен ресiмдеуге жатады. 17. Уәкiлеттi органдар құжаттың құндылығына мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесi жағдайында Уәкiлеттi органдар құжатты Қордың құрамынан шығару жөнiнде заңдарда көзделген шараларды қабылдайды. 18. Құжаттың құндылығына мемлекеттік сараптаманың кері нәтижесi жағдайында Уәкiлеттi органдар Қордың құрамынан шығарудан бас тарту туралы тиiстi шешiм қабылдайды. 19. Жергiлiктi уәкiлеттi органдар құрған мемлекеттік сараптамалық-тексеру комиссиялары бекiткен құжаттың құндылығына мемлекеттік сараптаманың нәтижелерiне Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы құрған мемлекеттік сараптамалық-тексеру комиссиясына шағым жасалуы мүмкiн. 20. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы құрған мемлекеттік сараптамалық-құқықтық комиссия бекiткен құжаттың құндылығына мемлекеттік сараптаманың нәтижелерi түпкiлiктi болып табылады.
4. Қордың құжаттарын есепке алудың және сақтауды ұйымдастырудың тәртібі
21. Қордың құжаттары олардың меншiк нысандарына қарамастан орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуға жатады. 22. Қордың құжаттарын мемлекеттік есепке алуды Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы мен жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады. 23. Қордың құжаттарының мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттарда сақталуының тәртібі мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы белгiлейдi. 24. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органының Заңда белгiленген өз құзыретiнiң шегiнде қабылданған шешiмi мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың атқаруы үшiн мiндеттi болып табылады. |