Қазақстан Республикасының Заңы (2007.19.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар түрiнде әлеуметтік қолдау көрсетуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 1-тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттік жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар): бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала туғанда берілетiн жәрдемақы); бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтімi жөнiндегі жәрдемақы); он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы) түрiндегі ақшалай төлемдер; 2) бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкiлетті орган - уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi; 3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы; 4) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы; 5) отбасының жиынтық табысы - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы; 6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы - отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын келетін үлесi; 7) өтiнiш берушi - жәрдемақылар тағайындату үшін отбасы атынан өтiнiш беретін адам; 8) учаскелiк комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтiнiш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытынды дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссия; 9) уәкілетті мемлекеттік орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган; 10) уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның шарттарына сәйкес функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берген заңды тұлға.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күші Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
4-бап. Жәрдемақылар алу құқығы 1. Туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың: 1) бала туғанда берілетін жәрдемақы; ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2-тармақша жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 2) мынадай жағдайларда: бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын; 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайларда бала күтімі жөніндегі жәрдемақы; 3) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар. 2. Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы анықтаманы ұсыну арқылы расталып отырады.
5-бап. Жәрдемақыларды тағайындатуға өтініш беру 1. Жәрдемақыларды тағайындату үшін өтініш беруді жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін жүзеге асыруға болады. 2. Өтініш беруші жәрдемақы тағайындату үшін жәрдемақы алу құқығы бар отбасының тұрғылықты жеріндегі тиісті уәкілетті органға мынадай құжаттар: 1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі өтініш; ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері); 3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы); 5) отбасының құрамы туралы мәлімет (бала күтімі жөніндегі және балаларға арналған жәрдемақылар үшін); 6) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет (балаларға арналған жәрдемақы үшін) қоса тіркелген өтініш береді. Ата-аналардың, қорғаншылардың немесе қамқоршылардың бірінің жәрдемақы тағайындату туралы өзі өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-аналар, қорғаншылар немесе қамқоршылар жәрдемақы тағайындату туралы өтініш жасауға белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы. 3. Бала туғанда берілетін жәрдемақы мен бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындатуға өтініш беру мерзімдері бала туған күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс. 4. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға толық әрі дұрыс мәліметтер беруге міндетті.
6-бап. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің тәртібі 1. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді тиісті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізеді. 2. Уәкілетті орган қажетті құжаттарымен бірге өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды қарайды және жәрдемақы тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті орган тиiстi шешiм шығарғаннан кейiн бұл туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бас тартудың себебiн жазбаша дәлелдеуге және өтiнiш берушiге құжаттарды қайтаруға мiндетті. 3. Уәкілеттi орган өтiнiш берушiден немесе тиiстi органдардан өтiнiш берушiнiң балаларға арналған жәрдемақы алу құқығын растайтын мәлiметтер сұратуға құқылы. 4. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi органның әрекетiне және шешімiне жоғары тұрған уәкілеттi органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар. 5. Толық мемлекет қарауындағы балаларға жәрдемақы тағайындалмайды. 6. Төлемдi тағайындайтын немесе төлеудi жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақтылы алынбаған жәрдемақылар сомалары өткен уақыт үшін мерзiмiне шек қойылмай төленедi.
7-бап. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындау мен төлеу 1. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады. 2. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.
8 бап 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 8-бап. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны тағайындау мен төлеу ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толық толғанға дейiн тағайындалады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге тағайындалады. 2. Бiр жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi. 3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларына бала күтiмi жөніндегі жәрдемақы бала асырап алу немесе қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешiм қабылданған күннен бастап тағайындалады. 4. Бала күтiмi жөніндегі жәрдемақыны тағайындау кезiнде отбасы құрамындағы ата-анасы өздерiне қатысты ата-аналық құқығынан айрылған балалар есепке алынбайды.
9-бап. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу 1. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға тағайындалады. 2. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ескерiле отырып ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өтінiш берген айдан бастап ай сайын төленедi. 3. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкімі отбасының материалдық жағдайына учаскелiк комиссияның тексеру жүргiзуi туралы шешiм қабылдауға құқылы. Жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша учаскелiк комиссия отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және қорытындысын уәкілетті органға табыс етедi. 4.Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу балаларға арналған жәрдемақы тағайындату үшін өтініш жасаған кезде уәкілетті органға табыс етілетін құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.
1. Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде: ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1) бала туғанда берілетін жәрдемақы - 30 айлық есептік көрсеткіш; 2 тармақша 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы: бірінші балаға - 5 айлық есептік көрсеткіш; екінші балаға - 5,5 айлық есептік көрсеткіш; үшінші балаға - 6 айлық есептік көрсеткіш; төртінші және одан кейінгі балаларға - 6,5 айлық есептік көрсеткіш; 3) балаларға арналған жәрдемақы - әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді. Жәрдемақылар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді. ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 2 Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы тиісті уәкілетті органды он бес күн мерзімде хабардар етуге міндетті. Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі жәрдемақының және балалар жәрдемақысының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытылы хабарламаған жағдайда, көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап жәрдемақы мөлшері қайта қаралады, бірақ бұл мерзім оларды тағайындаған кезден ерте болмауға тиіс.
11-бап. Жәрдемақыларды төлеуді тоқтату 1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеуді тоқтату үшін: 1) баланың қайтыс болуы; ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2-тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 2) баланың толық мемлекет қарауына берілуі; ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 3-тармақшамен толқтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 3) өтініш берушінің жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дұрыс емес мәліметтер беруі негіз болып табылады. ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 2. Жәрдемақыны төлеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады. Артық төленген сомалар - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады. ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 3. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.
12-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 8-бапты, 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 ж. маусымның 28-і. № 63-III
|