|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат): 41-баптың 4-1-тармағындағы «заңды тұлғаны тіркеу жөніндегі іс-әрекетті жүзеге асыратын тұлғаны тағайындау,» деген сөздер алып тасталып, «шарттары туралы шешімді», «заңдарына» деген сөздер тиісінше «шарттарын», «заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж, № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар): 1) 192-бап мынадай редакцияда жазылсын: «192-бап. Жалған кәсіпкерлік 1. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жеке кәсіпкерлік субъектісін құру не басқа заңды тұлғалардың өз шешімдерін айқындау құқығын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын) сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмілелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген жағдайда, - алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе сотталған адамның үш айдан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға не екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе сотталған адамның бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл сала отырып не онсыз, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Нақ сол әрекеттерді: а) бірнеше рет; б) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаса; в) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жасаса,- мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді: а) ұйымдасқан топ; б) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса,- мүлкі тәркіленіп алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Осы бапта және осы Кодекстің 192-1-бабында құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін мәмілелерге кредиттерді заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған қызметті жасыруға, табыстарды заңсыз алуға және (немесе) өзге де мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер, сондай-ақ көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесу жатады.»; 2) мынадай мазмұндағы 192-1-баппен толықтырылсын: «192-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы Жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірген мәміле (мәмілелер) жасасуы (оның ішінде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы),- бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе сотталған адамның үш айдан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не бес айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.». 3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар): 1) 123-баптың екінші бөлігі «анықтамалар» деген сөзден кейін «, салықтық тексерулер актілері, салық қызметі органдарының қорытындылары» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 192-баптың үшінші бөлігіндегі «191 - 197» деген цифрлар «191, 192, 192-1, 193 - 197» деген цифрлармен ауыстырылсын. 4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат): 1) 154-бап мынадай редакцияда жазылсын: «154-бап. Жалған кәсіпкерлік 1. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жеке кәсіпкерлік субъектісін құру не басқа заңды тұлғалардың өз шешімдерін айқындау құқығын беретін акцияларын (қатысу үлестерін, пайларын) сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмілелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаған жағдайда, - жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,- жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескерту. Осы бапта және осы Кодекстің 154-1-бабында құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін мәмілелерге кредиттерді заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған қызметті жасыруға, табыстарды заңсыз алуға және (немесе) өзге де мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер, сондай-ақ көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесу жатады.»; 2) мынадай мазмұндағы 154-1-баппен толықтырылсын: «154-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген мәміле (мәмілелер) жасасуы (оның ішінде шот-фактураны пайдалану арқылы жасасуы), егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, - жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, - жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 3) 541-баптың бірінші бөлігі «154,» деген цифрлардан кейін «154-1,» деген цифрлармен толықтырылсын; 4) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отызыншы абзацы «154,» деген цифрлардан кейін «154-1,» деген цифрлармен толықтырылсын. 5. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар): 1) 6-бапта: жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың біреуі не Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мемлекеттік органдар не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшы болатын жағдайларда, құрылтайшының уәкілеттік берген адамы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса тіркей отырып, тіркеу органына береді.»; мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын: «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не оған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса тіркей отырып, тіркеу органына береді.»; оныншы бөліктегі «Шағын кәсіпкерлік субъектілері өздерінің орналасқан жерін куәландыратын құжат табыс етпейді.» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын: «Мына құжаттардың бірі: жалдау, сатып алу-сату шартының, жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің жүргізілгені туралы мөртаңба қойылған құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге құжат заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылса, онда үй-жайды заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде беру туралы жеке тұлғаның нотариаттық куәландырылған келісімі табыс етіледі.»; 2) 6-1-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Мына құжаттардың бірі: жалдау, сатып алу-сату шартының, жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің жүргізілгені туралы мөртаңба қойылған құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге құжат филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылса, онда үй-жайды филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері ретінде беру туралы жеке тұлғаның нотариаттық куәландырылған келісімі табыс етіледі.»; 3) 16-баптың екінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «10) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтамалар;»; 4) 16-1-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға қоса салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтама табыс етіледі.». 6. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж. № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат): 28-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күші жалған кәсіпкерліктің жасалу фактісін анықтаған, заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының не қылмыстық қудалау органының күші жойылмаған қаулысының негізінде жойылуға жатады.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2009 жылғы желтоқсанның 8-і.
№ 225-ІV ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |