Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2009 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 454 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы алып өту кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру ережесінде: 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Уәкілетті орган осы Ережеде көзделген бақылаудағы жүктердің импортына/экспортына қажетті құжаттарды құрайтын бірыңғай рұқсатты, сондай-ақ қажет болған кезде өсімдіктердің карантині саласындағы заңнамада белгіленген карантиндегі өнімнің импортына/экспортына рұқсат құжаттарын береді.»; 7-тармақта: «15» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: «8-1. Ветеринариялық сертификат, ветеринариялық куәлік және уәкілетті органның импортқа рұқсаты бірыңғай рұқсаттың құрамында беріледі.»; 17-тармақта: «15» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын; «Бақылауда болатын» деген сөздердің алдынан «Жүктерді транзиттік алып өтуге (30 күнге дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне (60 күнге дейін) басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; «облыстық (қалалық)» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын: «21-1. Ветеринариялық сертификат, уәкілетті органның экспортқа рұқсаты бірыңғай рұқсаттың құрамында беріледі.»; 2. «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 773 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 31, 311-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі ережеде: 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Уәкілетті орган осы Ережеде көзделген карантиндегі өнімнің импортына/экспортына қажетті құжаттарды құрайтын бірыңғай рұқсатты, сондай-ақ қажет болған кезде ветеринария саласындағы заңнамада белгіленген бақылаудағы жүктердің импортына/экспортына рұқсат құжаттарын береді.»; 7-тармақ «негізінде» деген сөзден кейін «бірыңғай рұқсаттың құрамында» деген сөздермен толықтырылсын; 8-тармақтың бірінші абзацындағы «30» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын; 31-тармақтағы «жүк жөнелтушіге» деген сөздерден кейін «бірыңғай рұқсаттың құрамында» деген сөздермен толықтырылсын. 4. «Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 225-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесінде: 8-тармақта: «отыз» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын; «он» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын.
|