Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы № 680 бұйрығы (2015.29.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.29.05. № 417 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.29.05. № 417 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. 2005 жылғы 22 қыркүйектің № 464 «Донорды қан мен оның құрамын тапсырар алдындағы медициналық тексеру ережесін бекіту туралы» бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3890 тіркелген және «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 24 қарашада № 154) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін. 6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|