|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1482 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1482 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгі шартында: 2-тармақ алынып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін төлем айына ____ теңгені құрайды. Мемлекеттік тұрғын үйді (бөлмені, пәтерді) жалдағаны (жалға алғаны) үшін төлем шоттарын Жалға беруші Жалға алушыға береді. Тұтынылған коммуналдық қызметтер және байланыс қызметі үшін төлем шоттарын Жалға алушыға осы қызметтерді көрсетушілер береді. Тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар үшін төлемді Жалға алушы кондоминиум объектісін басқару органының немесе тұрғын үй (ғимарат) меншік иесінің шоттары бойынша жүргізеді.». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |