|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 180 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 842 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.09.10. № 1278 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысымен бекітілген
«Мұрағаттық анықтамалар беру»
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, 215-кабинет, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz, сондай-ақ алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электронды үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы, сонымен қатар осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген облыстардың Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО), «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі, Орталық мемлекеттік мұрағаттар, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және оның филиалдары (бұдан әрі - Мұрағат), мекен-жайлары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген, баламалы негіздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет: еңбек өтілі мен еңбекақысын, жасын, білімі мен біліктілігін, мемлекеттік және ведомстволық марапаттауларды, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеуді, ғылыми дәреже және атақ берілгенін, емделу, қамау орындарында болғанын, көшірілгенін және ақталғанын, экологиялық апат аймақтарында болғанын растайтын, күштеп айдалғаны және репатриацияланғаны туралы, азаматтық хал-жағдайы актілері туралы әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер жөніндегі мұрағаттық құжаттар негізінде беріледі. Шалғайда орналасқан елді мекендер тұрғындарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Мобильді орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат етіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 15-бабының 5-тармағы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат: 1) уәкілетті органның www.mki.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызмет» бөліміндегі «Мұрағат ісі» кіші бөлімінде; 2) порталда; 3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - «ХҚКО» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 4) ресми ақпарат көздерінде және осы стандарттың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес Орталықтардың ғимараттарында қойылған стенділерде орналастырылады. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты call-орталығы телефоны (1414) арқылы алуға болады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: 1) қағаз тасығышта мұрағаттық анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру; 2) порталда - мұрағаттық анықтаманың дайын екендігі туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Анықтама өтініште көрсетілген мекенжай бойынша поштамен жіберіледі. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: уәкілетті органға, ЖАО-на немесе Мұрағатқа өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда уәкілетті органның, ЖАО немесе Мұрағат басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы құжаттар тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметті алушыға хабарланады. орталыққа өтініш білдірген кезде: 1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде, құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді. 2) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минут; 3) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минут. Уәкілетті орган, ЖАО, Мұрағат мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталардан бір күн бұрын береді. Портал арқылы өтініш білдіргенде - күнтізбелік он бес күн ішінде. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда уәкілетті орган, ЖАО немесе Мұрағат басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы құжаттар тіркелген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде мемлекеттік қызметті алушыға хабарланады. 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 1) уәкілетті органға өтініш білдірген кезде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады; 2) ЖАО немесе Мұрағатқа өтініш білдірген кезде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады; 3) Орталыққа өтініш білдірген кезде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін, үзіліссіз, аптасына алты күн. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мобильді орталықтар құжаттар қабылдауды Орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады; бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес; 1) порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы. уәкілетті органда, ЖАО және Мұрағатта құқықтық тәртіпті қолдау үшін бөлмелерде тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберістері дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған. Орталықта мемлекеттік қызметті алушылардың таңдауы бойынша дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай көзделген, күтудің тиімді жағдайлары мен күту залы және қажетті құжаттарды дайындау үшін толтырылған бланк үлгілері мен ақпараттық стенділері бар. Порталда - жеке кабинетте.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
11. Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін (жеке өзі келгенде) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілетті тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжатты көрсеткен кезде мынадай құжаттар тізбесін береді: 1) уәкілетті органға, ЖАО-ға немесе Мұрағатқа өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті алушы үшін растауды қажет ететін мәліметтер көрсетілген өтініш; 2) орталыққа өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті алушы үшін растауды қажет ететін мәліметтер көрсетілген өтініш. Алушының жеке басын куәландыратын, мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметін уәкілетті органның қызметкері ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы Орталықтың ақпарат жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйесінен алады. Портал арқылы мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұрауды толтыру қажет; Мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын, мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметін уәкілетті орган ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы Порталдың ақпарат жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйесінен алады. 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілерді толтыру талап етілмейді, өтініштер еркін нысан бойынша қабылданады. Өтініште алушының аты, әкесінің аты, тегі, оның туған жылы мен туған жері, тұрғылықты жері, азаматтығы, сондай-ақ сұранысты орындауға қажетті құжаттарды іздестіруге мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті алушы Орталыққа өтініш білдірген кезде, бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ Орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электронды сұрау нысанын толтыру қажет. 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар пошта арқылы жіберіледі немесе уәкілетті органның кеңсесіне мына мекенжайға: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, 224-кабинетке тапсырылады. Мемлекеттік қызметті ЖАО немесе Мұрағат арқылы алу үшін осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген Мұрағатқа немесе ЖАО-ға тапсырылады. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залдағы «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады. Порталда электронды сұранысты қабылдау мемлекеттік қызметті алушының жеке жәшігінде жүзеге асырылады. 14. Уәкілетті органға өтініш білдірген кезде осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген күні мен уақыты, құжатты қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты жөні көрсетілетін алушыға (немесе нотариалды куәландырылмаған сенімхаты бойынша өкілге) берілетін талон құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады. Орталықта өтініш берілген кезде тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат: 1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні; 2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары; 4) құжаттарды беретін күні (уақыты) мен орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты; 6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары. Портал арқылы өтініш берілген кезде мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алған күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сауалдың қабылданғаны туралы хабарлама есеп жолданады. 15. Уәкілетті органда, ЖАО немесе Мұрағат мұрағаттық анықтаманы алушыға жеке өзі келгенде (не нотариалды куәландырмай жазбаша сенімхат арқылы басқа тұлғаға) береді, пошта арқылы немесе Орталыққа жіберіледі. Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді Орталық инспекторы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы жүзеге асырады. Алушы белгіленген уақытта қызметтің қорытындысын алмаған жағдайда, Орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды Орталықтың мұрағатына жібереді. Көрсетілген қызметтің нәтижесі алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. 16. Алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін тапсырмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты осы стандарттың 11-тармағында белгіленген мерзімде мемлекеттік органда, Мұрағаттарда немесе электрондық құжат түрінде порталдағы «жеке кабинетінен» алады. Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін тапсырмаған жағдайда Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Орталық қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
17. Уәкілетті орган, ЖАО, Мұрағат және Орталық мемлекеттік қызметтерді алушыға қатысты мынадай: 1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау; 2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау; 3) сыпайылық; 4) жан-жақты және толық ақпарат ұсыну; 5) жеке және заңды тұлғалар құжаттарын қорғау және құпиялылық қағидаттарын басшылыққа алады.
18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыстың нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Мұрағаттардың уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін уәкілетті органның Мұрағаттар мен құжаттама басқармасының бастығы мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, 215-бөлме, телефон: 8 (7172) 74-05-29 түсіндіреді және шағым жазуға жәрдемдеседі. Сондай-ақ осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында мекенжайлары көрсетілген облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мұрағаттар мен құжаттама басқармаларының басшылары және Мұрағат директорлары түсіндіреді. Орталық инспекторларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады. 21. Қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі басшылығының атына шағым мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, 309-кабинет, телефоны: (7172) 74-01-63, интернет-ресурс: www.mki.gov.kz, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. 22. Уәкілетті органның, ЖАО, Мұрағаттың немесе Орталықтың қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, сәйкес уәкілетті орган басшысының атына: демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Уәкілетті органның мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, 225-бөлме. Уәкілетті орган басшысының қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 74-02-51, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz, ЖАО, Мұрағаттар немесе Орталықтар басшысының атына, осы стандарттың 1, 2 және 3-қосымшаларында көрсетілген мекенжайлар бойынша шағым беріледі. Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, мекенжайлары www.con.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Орталық ғимараттарында қойылған стенділерде көрсетілген Орталық немесе «ХҚКО» РМК басшысының атына шағым жазылады. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы. 24. Шағым еркін нысанда ресімделеді. Мемлекеттік қызмет алушы өз шағымында міндетті түрде мыналарды көрсетеді: 1) тегі, аты, әкесінің аты; 2) жауап жіберілетін пошталық мекенжайы; 3) шағымның мәнісін баяндау; 4) жеке қолы және уақыты. Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет алушы өз дәлелдерін растайтын құжаттар мен материалдарды немесе оның көшірмелерін жазбаша шағымға қоса береді. 25. Шағымның екінші данасы не шағымның көшірмесі шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректерін көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алушы Орталыққа немесе «ХҚКО» РМК өтініш білдіргенде, қолма қол берген және поштамен жеткізілген кезде шағымның қабылданғанын растауы, оның Орталық кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе ілеспе хатына қойылады) болып табылады. Уәкілетті орган қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) берілген шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабында көзделген мерзімде қаралады. 26. Уәкілетті орган мына мекенжай бойынша орналасқан: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, № 215 кабинет, телефоны: 8(7172) 74-05-29, интернет-ресурс: www.mki.gov.kz. «ХҚКО» РМК мекенжайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 А үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының
мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Мемлекеттік мұрағаттардың мекенжайы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |